Әсері күшті улы заттар— булануы немесе ағуы кезінде ауада белгілі мөлшерден артық шоғырлана алатын және адамдарға зиянды әсер етіп, түрлі дәрежеде зақымдайтын құралдар. Неғұрлым типтік әсері күшті улы заттарға аммиак, хлор, күкіртті ангидрид, көміртек тотығы, күкіртті көміртек, үш хлорлы фосфор, сутек концентрацияланған кышқылдар және т.б. жатады. Ауа мен топырақтың температурасы неғұрлым жоғары, желдіц жылдамдығы неғұрлым шапшаң болған сайын төгілген әсері күшті улы заттар соғұрлым тез буланады. Әсері күшті улы заттар әсеріне ұшыраған, осының салдарынан адамдардың зақымдану каупі туған аумақты зақым ошағы деп атайды. Оны кейде химиялық зақымданудың екінші ошағы деп те атайды.