Қазір көптеген қабыну дамуына қатысатын биологиялық белсенді заттар зерттелген. Оларды: жасушалардан пайда болатын (жасушалық) дәнекерлер және қан плазмасында болатын (гуморалдық) - медиаторлар деп екі топқа бөледі. Жасушалық медиаторларға гистамин, серотонин, лизосомалық ферменттер,катиондық нәруыздар, лимфокиндер, простагландиндер, циклдік нуклеотидтер жатады. Қан плазмасында калликреинкининді, комплемент және қан ұю жүйесіне қатысатын заттар болады және олар әсерленеді, қабыну дамуына дәнекерлер болады. Қазір көптеген қабыну дамуына қатысатын биологиялық белсенді заттар зерттелген. Оларды: жасушалардан пайда болатын (жасушалық) дәнекерлер және қан плазмасында болатын (гуморалдық) - медиаторлар деп екі топқа бөледі. Жасушалық медиаторларға гистамин, серотонин, лизосомалық ферменттер,катиондық нәруыздар, лимфокиндер, простагландиндер, циклдік нуклеотидтер жатады. Қан плазмасында калликреинкининді, комплемент және қан ұю жүйесіне қатысатын заттар болады және олар әсерленеді, қабыну дамуына дәнекерлер болады. Экссудация (лат. exsudare - терлеу) деп қанның сұйық бөлшектерінің, онда еріген электролиттердің, қан нәруыздары мен жасушаларының тамыр сыртындағы тінге шығуын айтады. Экссудация (лат. exsudare - терлеу) деп қанның сұйық бөлшектерінің, онда еріген электролиттердің, қан нәруыздары мен жасушаларының тамыр сыртындағы тінге шығуын айтады. Экссудацияның негізгі себебі тамырлар қабырғаларының өткізгіштігінің көтерілуі. Қан нәруыздарының сыртқа шығуына байланысты тамыр сыртында олардың мөлшері өседі. Бұл онкотикалық қысымның көтерілуіне әкеледі. Экссудациямен лейкоциттердің эмиграциясы (лат. emigrare - орын ауыстыру) тығыз байланысты және ол үш сатыдан тұрады: 1. Лейкоциттердің тамыр жиектеріне кемерленіп тұруы (маргинация); 2. Лейкоциттердің тамыр қабырғалары арқылы тамырдың сыртына шығуы; 3. Лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы; Экссудаттың жасушалық құрамы қабынудың пайда болу себебімен үлкен дәрежеде байланысты. Егер қабыну ірің туындататын микробтардың (стафилококктар, стрептококктар) әсерінен дамыса, онда экссудатта нейтрофилдік лейкоциттер басым болады, егер қабыну иммундық негізде (аллергия) болса немесе қарапайым жануарлармен, құрттармен шақырылған болса, онда эозинофилдер көп болады. Баяу дамитын қабыну кезінде (туберкулез, сифилис) экссудатта бір ядролы жасушалар (лимфоциттер, моноциттер) көп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |