Жоспар кіріспе 1-тарау. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың Ғылыми теориялық негіздері



бет10/19
Дата16.01.2022
өлшемі248,5 Kb.
#112377
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
2 5226984454886527241
Around the house1, Еуропа 14апта, Еуропа 14апта, 9 ТАРИХ ҚМЖ, 9 ТАРИХ ҚМЖ, Жанел Азия 13 апта, Болатова Айжан, Tarikh 2, Глоссарий 10, Документ (19), СӨЖ
Бақылау әдісі. Бұл оқу-тәрбие процесінде жиі қолданылатын зерттеу әдістері. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды атайды. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі, жүргізу әдісі мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шынайы дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.

Педагогикалық бақылаудың ашық және жабық түрлері болады. Ашық бақылау дегеніміз бақыланушы бақылау үстінде жүргенін біледі. Ал жабық бақылауда оқушы бақылау үстінде жүргенін білмейді.

Ал зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Мысалы, сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалар ұжымының іс-әрекеті және т.б. Жеке мәселелерді зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Мысалы, оқушылардың кітаппен жұмысы, жеке оқушының мінез-құлқын бақылау.

Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларды, кестелерді, схемаларды, техникалық құралдарды т.б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау барысы арнайы күнделікке жазылады.

Бақылау әдісі зерттеу жұмысының алғашқы кезеңдерінде қолданылады.

Әңгімелесу тиімсіз әдістердің бірі болып табылды. Оның себебі әңгімелесу оқушы мен зерттеуші арасындағы диалог. Әңгімелесу кезінде зерттеуші оқушының дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оның жан дүниесін түсініп әңгіме жүргізу керек. Кейде оқушы зертеушінің сұрағына ойдағыдай жауап бермейді, ойын шын мағынада ашып айтпайды. Сондықтан әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті талап етеді.

Әңгіменің барысы хатнамаға жазылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет