Жоспар: Кіріспе: Аштық. Қазақ қалай аштыққа ұрынды? Негізгі бөлім



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#119066
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-20351

Негізгі бөлім
1. Ашаршылықтың демографиялық салдары, халықтың қиын тағдыры
Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Кейінгі кезге дейін прблеманы талдау үшін бірінші және екінші бүкілодақтық хлық санағы (тиісінше 1926 жылғы 17 желтоқсанда және 1939 жылғы 15 қаңтардажүргізілді» деректері бірден-бір құжат көзі болып табылады. Олардың арасында қашықтық толық 12 жыл және бір айды құрайды.халықтың кемуі нақ осы санақтараралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық екемуінің шыңы 1932-1933 жылдардың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санының ғаламат қысқаруы бірінщі санақ өткеннен кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ осындай жылында болған. Басқаша айтқанда,қайғылы оқиғаның шыңы екі санақтың дәл ортасына келеді,бұл есепті жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді.
1926 жылғы бірінші санақ қорытындысына сәйкес, ҚазақАКСР-і аумағында 3 млн 628 мың тұрғылықты халық мекендеді. Бірақ 12 жыл өткеннен кейін 1939 жылғы халық санының 1 млн 321 мың адамға, яғни жинақтап айтқанда 36,7%-ға азайғаны тіркелген. Деректер тұрғысынан есептесек, сол зұлмат жылдары Қазақстан - өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллионға жуық адамынан айырылған.
Қазақ халқы шаруашылығы есеп (Қазнархозучет) басқармасы М.Соматовтың жұртқа мәлім мәлімдеме хатында (1937 жылдың 14 қаңтары) Қазақстанның ауыл тұрғындары 1930 жылдың 1 шілдесінен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында 3,4 млн адамға кеміп,алд қала тұрғындары 766,8 мың адамға өскен. Мәлімдеме хатта осы екі аралықтағы қайтыс болғандар айырмашылығы (263,3 мың адам) аштық, індет,жер аудару құрбандары көрсетілмейді. Осыдан келіп тархшы-демографтар мынадай қооытынды шығарады, демек аштықтың және сонымен байланысты аурулардың салдарынан атлған жылдарда республиканың бүкіл тұрғылықты халқының 1 млн 750 мыңы немесе 42 % -ы құрбан болды.

Қазақстанда осы кезде басқа халықтар мен этностардың саны : украидар-859,4 мыңнан 658,1 мыңға, өзбектер-228,2 мыңнан 103,6 мыңға, ұйғырлар-62,3 мыңнан 36,6 мыңға азайғанын да айтқан жөн. Ауыр тағдырға тап болған осы халықтардың өкілі үйреніскен жерін тастап, азытүлікке қатысты қолайлылау аудандарға – Сібірге, Өзбекстанға кетуге мәжбүр болды.
Келтірілген деректерден байқағанымыздай,шаруашылқты өктемдікпен талқандаудың салдарынан туындаған ашаршылық ауқымы жағынан жан шошытарлықтай болдыв. Малдан жұрдайй болған қыр халқы өздеріне тән дәстүрлі тағамдарыеттен айырылды. Балықшылық,аңшылық және басқа жиын-терім жағдайды түзете алиады. Егін шықпағандықтан ауылда астық болмады (ал болса, сатық дайындау науқаны кезінде сыпырып алды). Жұтаған аймағын тастап кету де барлық уақытта бірдей қолдан келмеді. Жылқысы, түйесі жоқ, жаяу қалған қөшпеліге бірнеше жүз, тіпті мыңдаған шақырымдық орасан зор қашықтықты еңсеру қиынға түсті. Малсыз қалған шаруа шаруашылығына кең-байтақ дала енді асыраушы емес, ажал торына айналды.
Мұқтаждық қуған адамдар тобы бір ғана мақсатпен-тірі қалу үшін қалаларды, кенттерді, станцияларды, теміржол станцияларын кезіп кетті. Олра шоғырланған жерлерде бөртпе сүзегі шықты, адамдар сирек қоныстанған мұндай жерлер үшн бұл бұрын-сонды кездеспеген індет еді. Белгісіз ауруға қарсы күресетін иммунитеті болмағандықтан, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметінің әлсіздігінен (көптеген жағдайларда мүлдем болмағандықтан) аштықтан әлсіреген адамдар қазаға ұшырады.
Тұрғылықты халық санына көші-қон да қатты шығын әкелді. Халықтың бастапқы жиынтық санының төрттен бірі, яғни 1 030 мың адам республикадан тыс аймақтарға көшіп кетті. Оның 616 мыңы оралмады, ал 414 мыңы кейін Қазақстанға қайтып келді. Мамандардың бағалауы бойынша оралмай кеткен 200 мыңға жуық адам шет елге- Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға, Иранға және Түркияға жол тартты. /3/

2. Ашаршылықтың қазақ халқына тигізген зардаптары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет