1. Бәсекеге қабілеттілік; 2. Прагматизм; 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау; 4. Білімнің салтанат құруы; 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 6.Сананың ашықтығы. 6 БАҒЫТ: Соның бірі - білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру. Осы
жүйе бойынша ауқымы кең жұмыстар атқарылып келеді.
Құндылықтар жүйесінде тек білімді бәрінен биік қоятын
ұлт қана зор табысқа жетеді. Жастар басымдық беретін
межелердің қатарында білімнің үнемі бірінші орында
тұруы шарт. Бұл – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» мақаласында айтылған ой. Іргелі ілім үйрету
арқылы шәкірттерді шынайы патриот қылып
қалыптастыруға болады, - дейді шара бастамашылары.
Бүгінгі әлемдік бәсекелестік заманында бізге сергектік
пен серпіліс керек.Президент ұсынған тың идеялар -
жаңа нәтижелі көкжиектерге бастайтын серпіліс. Бұл
ретте барлық оқу орындары қоғамдық сананы
жаңғыртудың қозғаушы күші болуы тиіс.