Жоспар: кіріспе Негізгі бөлім



бет2/2
Дата13.11.2023
өлшемі162,42 Kb.
#191167
1   2
Байланысты:
ЕЖДӘ СӨЖ ӘЛ Фараби

Қорытынды бөлім
Ғұламаның ақындық бағыты жайынан аудармалардың да аңғартары көп. Фараби өлеңдерінен айқын көрініс тапқан тағы бір ерекшелік – олардың сопылық поэзия сарынымен жазылғандығы. Ортағасырлық ислам ойшылдарының дүниетанымында сопылық таным-түсініктің маңызды орын алғаны белгілі. Айта кету керек, Фараби дүниетанымының сопылыққа қатысы жөніндегі зерттеушілер пікірі бір арнаға түсе қойған жоқ. Тәжікстандық зерттеуші А.Мухамедходжаев “Әл-Фараби және суфизм” атты мақаласында: “Фараби сопылардың тәңірлік бастамамен бірігуге негізделген ілімін қолдамайды. Танымдағы парасаттың ролін төмен бағалайтын сопыларға қарама-қарсы Фараби логика мен рационализмді жоғары қояды” деп жазады . Бұған керісінше А.Баширов (Баку) ағылшын-американ шығыстанушыларының басым бөлігін құрайтын буржуазия философтарының (Э.И.Розенталь, Р.Вальцер, Д.М.Данлоп, Г.М.Викет, А.Арберри, т.б.) Фараби “мистицизміне” баса мән беріп, оны бірыңғай сопылық ұстаным жақтаушысы, материализмге қарсы пікірдегі ойшыл ретінде сипаттайтынын атап көрсетеді . Француз философы Де Ласи Олеари Фараби ілімін жаңаплатондық пен сопылықтың синтезі ретінде бағаласа, түрік философы Ж.Сунар Фарабиді сопылыққа жаңаплатондықтың әсерімен философиялық форма берген тұңғыш философ деп санайды. Соңғы екі пікірді салғастыра келе дінтанушы-философ Д.Кенжетай: ”Біздің ойымызша, Фараби сопылыққа философиялық форма берген сопы ретінде емес, керісінше философияға мистикалық-сопылық мән беру арқылы тұтастыққа ұмтылған ойшыл ретінде көрінеді ” деген тұжырым жасайды .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1.Бұлұтай М. Ата-баба діні. А., 2000.
2.Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. А., 1993, стр.
3. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің бастаулары. А., 1998. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет