Қорытынды
Жалпы алғанда, Қайта өрлеу философиясы антика философиясындағы гуманистік дәстүрді, орта ғасырлық шығыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы ойларын өз заманының талап-тілегіне қарай жаңартып, Жаңа заман ғылыми көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етті. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, оптика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табыстар табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механикалық көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті, қоғамдық өмірді де, адам табиғатын да механика тұрғысынан қарастыру әдетке айналды. Міне, осылай философия жаңа заманға көшті.
Адам философияны оқи келе, философия – алдымен жалпылық ғылым екенін түсінеді. Жалпы қашанда жекеге бағдарлық рөл атқарады. Бұл әсіресе қазіргі ғылымдарға қажет. Өйткені, олардың көбісінің зерттеу объектісі тереңдеп, қамтыған көлемі тарылып барады. Қазіргі нақты ғылымдар, тіпті кішкентай бір құбылысты да бүтіндей алып қарамайды, оның тек бір қырын, бір көрінісін ғана зерттейді. Оны нақты білу осындай абстрактылы танудан тұрады. Өйткені, әлгі құбылыстың басқа қырларын қалған ғылымдар зерттейді. Сонымен, нақты ғылымдар бір затты толық, нақты білу үшін басқа ғылымдардың көмегімен, әсіресе жалпылық ғылымның жәрдемін қажет етеді. Сөйтіп, жалпылық ғылымдар нақты ғылымға жетекшілік, етодологиялық рөл атқарады.
Сондай-ақ, философия – дүниеге көзқарас қалыптастыратын ғылым. Қандай да бір адам болмасын, ол дүниеге белілі көзқарассыз өмір сүрмейді. Былайша айтқанда әрбір адам дүниеге, әрбір құбылысқа белгілі пікір айтады, өзінің өмірлік позициясын белгілейді. Әрине, көзқарас әр қилы болады: ғылыми, ғылыми емес, дәйекті, дәйексіз, т.б. Философия сол көзқарастың жүйелі болуын қамтамасыз етеді. Әрине көзқарас іштен тумайды. Оны қалыптастыратын өмір. Өмірді танып, білу арқылы адам белгілі бір қорытындыға келеді: қабылдайды теріске шығарды, қолдайды, ұнатпайды т.б.
Сонымен, философияның негізгі мәселесі ойдан шығарылған пікір емес. Оны дүниеге алып келген өмір, адамзат ой-санасының дүниетанымдық дамуы. Менің ойымша, философияны сүйсене оқыған адам жартылай болсын философ бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |