Тәрбиенің принциптері
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы
Тәрбиелік ықпалдардың тізбектілігі, жүйелілігі, үздіксіздігі
Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу
Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу
Талап пен құрмет бірлігі
Тәрбиенің ұжымда, ұжым арқылы жүруі
Мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау
Принцип дегеніміз – адамның іс-әрекетіне басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар:
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамдарды тәрбиелеу.
Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет ету керек.
2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу – балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыққа, бір-біріне сый құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту.
3. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі.
Жаңашыл ұстаз Құрмаш Нұрғалиев «Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалімнің баланы сүюі» − деген болатын.
Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қою – баланың мықты және нашар жақтарын біліп, оның өсуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші мен қабілетіне сенім көрінеді. Мұғалім оқушы бойынан рухани қасиеті жобалап, оған сүйеніп, оқушының өз тәржірибесін дамытуына көмектесу керек.
Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын талап пен педагогикалық ықпал бірлігі қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі – тәрбие мекекмелеріндегі талаптың бірлігі, іс-әрекеттің сабақтастығы.
5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу. Оқушылардың жеке ерекшелігі – денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керсінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.
Бала – педагогикалық ең жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардың сүйіспеншік сезімі мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін арттырады.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады.
6. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу – тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі – ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, әлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екінші – тәрбиеленушінің педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы.
7. тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасыя және қоғамдық ұйымдардың күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.
Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды. Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі мен қызмет етуін қажет етеді.
Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік қатыфнастарға байланысты. Ол ата-аналар мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қалыптасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізді демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы дамытылуда.
Тұлғаның сапаларын қалыптастыру бір мезгілде, кешенді түрде жүргізілетіндіктен, педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс.
Жасөапірімдердің өздеріне сын көзбен қарамауы, жауапкершілікті сезінбеуі ата-аналары мен мұғалімдерді босқа мазасыздандырып отырған жоқ.
Мектеп пен отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті – оларды қажетті өмір сүру процесіне дайындау.
8. Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуді – бойындағы берекесіздіктен, екіншісі – дөрекіліктен, үшіншілері – тұйықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді.
Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру – өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері.
Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын қалай жасуды жақсы елестете алмайтындықтын, оларға жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-құлқына талдау жасауға қиналады.тәрбиешілер оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе пікірталастар өткізеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:
Жеке міндеттеме – белгілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі қызмет көрсету. Иландыруға ұқсас өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез орындауға, таза жазуға, оларды байсалдықпен ойланып істеуге жаттығып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады.
Өзіндік есеп беру – қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылғы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы.
Өз іс-қылығына талдау жасау – өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы.
Өзін-өзі бақылау – кемшіоіктерін болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу.
Өзіне баға беру – мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзі тәрбиелеуі. К.Д. Ушинский жасаған өзін-өзі тәрбиелеу ережелері:
Өте сабырлық, тіпті болмағанда, сыртқы сабырлықты сақтау.
Турашылдық.
Ойлы әрекет.
Шешімділік.
Өзің туралы қажет болмаса, бір сөз айтпау. Санасыз бос уақыт өткізбеу.
Не істесең де еріктісің, бірақ, кездейсоқ істен сақ бол.
Қажетті немесе керекті іпен ғана айналыс, көрсеқызар болма.
Бітірген ісіңе еш уақытта мақтанба.
Әркез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы өзіңе жауап беріп отыр.
Бұл журналды ешкімге көрсетуші болма.
Бұл ережелерді байытуға болады.көп ретте адам өз алдына белгілі бір биік мақсат қойып, өз бетімен ізденіп, өзін-өзі тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын өзі қарастырады. Содан әсерленіп қанатталған ішкі сезімдері арқылы білімді қажетсініп, нәтижесінде мақсатына жету үшін табандылықпен ізденеді.
Адам баласының тарихында ондай мысалдар баршылық. Демосфен жас кезінен шешендік өнер меңгеруді армандайды. Алайда, көпшілік алдындағы алғашқы сөзінде-ақ сәтсіздікке ұшырайды. Оның дауысы тым бәсең, сөздері ұйқаспай, тілі күрмеліп, шәлкем-шалыс келе береді. Соны сезген қауым оны тыңдамай, ысқырып, тыжырынады. Оныңк орнында басқа біреу болса, бұл масқарадан кейін тауы шағылып, қолын бір-ақ сермеп жайына кете барар еді. демосфен өйтпейді. Ол елден оқшауланып, теңіз жағасынан үй салып, дауылды күндері, бұрқ-сарқ жағаны ұрып жатқан толқынға қарап, сағаттап, суырып салма сөздерін қарша боратып,бар дауысымен сөйлейтін. Тіліндегі кемістігін жою үшін, тілінің астына малта тастар салатын болған. Сондай жан қиярлық табандылық пен ерік-қайрат Демосфенді дегеніне жеткізді. Ол әлемнің айтулы ұлы шешеніне айналды.
Талай ұлы адамдар өз мінездерін жам ан міндеттерден арылтып, жақсы қасиеттерді дарыту мақсатымен жұмыс істеген. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан Абай өзін-өзі тәрбиелеп, өзін-өзі білімдар еткен. С.М. Торайғыров «жұлдыз болып каөрмеймін елдіңғ бетін,болмасам толып туған толық айдай» немесе «Қараңғы қазақ көгіне күн болмағанда кім болам», - деген романтикаға толы батыл жолдарды өзіне және болашақ жастарға арнап айтқан.
Профессор С.Я. Долецкий айтқандай біз өз қателігімізді ойша айтамыз да, өзімізге өзіміз кешірім жасап, кейін оны ұмытып кетеміз. Егер біз оны дауыстап айтатын болсақ, онда өзіне-өзі кешірім жасау қиынырақ болады, - дейді.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:
Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам «Мен енді темекі тартпаймын» − деп, өзіне-өзі сенімді түрде әркез айтуы тиіс.
Өзін-өзі сынау әдісі – дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мұның мәдениетсіздік, жексұрындық екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін, әбден өзі арылғанша қайталаумен болады.
Өзін-өзі тәрбиелеуде – өзін ойша өзгенің орнына қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар.
Өзін-өзі жазалау әдісі – алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау. Мысалы, 9-сынып оқушысы қызықты киноға баруға билет алады. Алдында сабағына шала әзірленіп, екі алып қала жааааздағаны ойына оралып, келесі сабаққа жөнді әзірленбегені есіне түсіп кинодан бас тартады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің құрамды бөліктері:
Өз кемшілігіне сын көзбен қарау, мақсат қою.
Өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын жасау.
Әдістерін анықтау
аутотренинг – жеке тұлғаның өзіне жаттығу жүйесін әзірлеуі.
Тәжірибеде оқушы тәртібінде және мінез-құлқында ауытқулар кездесіп отырады. Сондықтан иәрбиелеу жұмысында қайта тәрбиелеу де үлкен орын алып, оқушы аутқулардың алдын алуға және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу тұлға құрылымын қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау. Түзету – оқушы санасындағы және іс-әрекетіндегі жеке кемшіліктерді жеңу.
Қайта тәрбиелеу – тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын қалыптастыру.
Қайта тәрбиелеу тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық өзгеру процесі, қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толтыру.
Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс-әрекетке көндіру, күрт өзгерту, еріксіз көөндіру сияқты әдістер қолданылады.
Қайта ұғындыру – бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы қате көзқарастарын өзгерту әдісі.
Қайта оқыту – бұл теріс қажеттіліктер мен дағдыларды түзету әдісі.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін қалай түсінесіз?
Тәрбие процесі, заңдылықтары, принциптері, олардың өзара байланысын дәлелдеңіз.
Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жұмыстарын мектепте ұйымдастырудың нысандарын міндеттерін ата.
Тәрбие баланың дамуында қандай жағдайларда басты рөл атқарады?
Жеке адамды жан-жақты тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру тұрғысынан мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы жоспарының негізгі бағыттарына талдау жасаңыздар.
Ақыл-ой тәрбиесін, политехникалық және еңбекке баулудағы адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесін жүзеге асырудағы мектептің міндеттері туралы әңгімелеп беріңдер.
Тәрбие процесінің мәні туралы алдыңғы білімге сүйене отырып, тәрбиені басшылыққа алтындай етіп, тәрбиенің принципі немесе оның негізгі қағидаларын жасаңыздар.