Дербес компьютерге қарағанда кез-келген жерде қолдануға және алып жүруге болады
Сенсорлы экран
Ұялы байланыстың қамтылуы
Bluetooth. Wi-Fi, GPS-бағыттаушы
Сенсорлы экран
Камера, видеокамера
Дауыспен басқару функциясы, диктофон
Ыңғайлы мультимедиа, музыкалық плеер
Инфрақызыл қашықтан басқару
Мобильді операциялық жүйелер
Заманауи операциялық жүйелер:
Android
iOS
Lineage OS
Fire OS
Windows 10 Mobile
Sailfish OS
Flyme OS
Tizen
Remix OS
Ескірген, көп қолданылмайтын жүйелер:
Symbian
Windows Mobile
Palm OS
webOS
MaeMO
MeeGO
LiMO
BlackBerry OS
Firefox OS
Қолданыста кең таралған мобильді операциялық жүйелер
Android — ықшамды операциялық жүйе. Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшеттерде, санды ойнатқыштарда, қолсағаттарда, нэтбуктерде және смартбуктарда жиі қолданылады.
2008 жылы алғашқы нұсқасы шыққаннан бері жүйе бірнеше рет жаңаланып тұрды. Бұл жаңаландырулар жүйеден табылған ақаулар мен жаңа функцияларды қосу болып табылады.
Алғашында Android Inc. компаниясы жасаған, кейіннен бұл компанияны Google сатып алды. Google Android платформасын ары қарай қолдау және дамыту мақсатында Open Handset Alliance (OHA) альянсын құрды. Android Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысымен Java-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development Kit Си және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады.
2005 жыл шілде — Google компаниясы Android Inc. компаниясын сатып алды
2007 жыл 5 қыркүйек — мобилді құрылғыларға арналған ашық стандарттар жасау мақсатында құрылатын Open Handset Alliance(OHA) компания тобының құрылуы жөнінде ресми хабарлады.
12 қараша — Android «Early Look» SDK жасаушыларына арналған алғашқы нұсқаның пакеті көрсетілді әрі жүктеуге ұсынылды.
2008 жыл18 тамыз — OHA SDK 0.9 beta жаңа нұсқасы шыққаны туралы хабарлады.
23 қыркүйек — Google компаниясы T-Mobile мобилді оператормен және тайваньдық HTC компаниясымен бірге жаңа Android 1.0 платформасының базасында жұмыс жасайтын T-Mobile G1 (HTC Dream) смартфоны шығатыны туралы құлақтандырды.
SDK 1.0, Release 1 жасаушысының алғашқы толыққанды пакетті шықты
2009 жыл 30 сәуір — жаңаланған Android 1.5 (Cupcake) нұсқасы ресми түрде шықты.
15 қыркүйек — Android 1.6 (Donut) нұсқасы шықты.
26 қазан — Android 2.0 (Eclair) нұсқасы шықты.
3 желтоқсан — Android 2.0.1 нұсқасы шықты.
Android OS даму тарихы
2010 жыл 12 қаңтар — Android 2.1 нұсқасы шықты. Кейбір деректер бойынша оны «Flan» деп атаған, бірақта бұл «Eclair» релизінің бір бөлігі болған.
мамыр — Android 2.2 (FroYo) нұсқасы шықты.
желтоқсан — Android 2.3 (Gingerbread) нұсқасы шықты.
2011 жыл 22 ақпан — Android 3.0 (Honeycomb) нұсқасы шықты.
15 тамыз — Google компания Motorola Mobility директорлар кеңесімен телекоммуникациялық корпорацияны 12,5 млрд долларға сату жөніндегі келісімге отыра алды.
9 қыркүйек — Android 5.0 Jelly Bean туралы алғашқы сыбыстар естіле бастады.
19 қазан — Android 4.0 Ice Cream Sandwich нұсқасы шықты.
Кейбір шолушылардың айтуы бойынша, Android өзінің бәсекелесі Apple iOS-тан бірнеше қызмет түрлерінен алда болып тұр екен, мысалға: уеб-серфинг, Google Inc. қызмет түрлерімен бірлесіп жұмыс жасау және т.б. Android жүйесі iOS жүйесіне қарағанда ашық түрдегі платформа болып табылады, сондықтан онда көп функцияларды қолдануға болады.
iOS пен Windows Phone 7-ке қарағанда Android-та Bluetooth-дің бір мезетте файлды жіберіп және алуға мүмкіндік беретін толыққанды жасалған торшасы бар.
Android аппараттарда дәстүр бойынша құжаттарды компьютерден телефонға тез арада тасымалдай алатын MicroSD-кардридері болады.