Жоспар: Психология ғылымындағы зерттеу әдістері туралы түсінік



Дата01.04.2020
өлшемі32,41 Kb.
#61250
Байланысты:
2Клиникалық психология
Танымдық ойын
«Клиникалық психология» тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді зерделеу.

Психология ғылымының зерттеу әдістері

Жоспар:

1. Психология ғылымындағы зерттеу әдістері туралы түсінік



2. Негізгі зерттеу әдістері

3. Қосалқы зерттеу әдістері

1.Психология ғылымындағы зерттеу әдістері туралы түсінік

Жаңа әрі тың фактілермен үнемі толықтырылып отырмаса, ғылым дами

алмайды. Фактілер жинау үшін ғылыми негізделген әдістерді пайдаланғанда ғана ғылым дұрыс және табысты дамуы мүмкін. Сондықтан ғылым дамып, қоғамның даму деңгейінен қалыспай отыруы үшін, зерттеу әдістерін қолданып, сол пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп, жаңа табыстарға жетіп отыруы керек.

Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің тӛрт түрлі тобын атап кӛрсетейік.

1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым ӛкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).

2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи, және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.

3. Мәліметтерді ӛңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бӛлу, талдау).

4.Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б.

2. Негізгі зерттеу әдістері.

Ұйымдастыру әдістері кӛбіне жас ерекшеліктер психологиясында қолданылады. Психологияның осы жүйесінің азды-кӛпті ӛзіндік ерекшеліктері бар. 1)салыстырмалы әдіс.Әр жастағы баланың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтар статистикалық жолмен салыстырылады.

Салыстыру жолының мұндай түрін «кесінді» тәсіл деп аталады. Себебі салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы психикасын тиіп-қашып зерттейді.

Зерттеудің келесі жолы генетикалық жол. Бұнда баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыт(1 жыл немесе 3 жыл, одан да кӛп жылдар зерттейді). Осы әдісті лонгитюдтік әдіс те атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі. Себебі бір немесе бір топ баланы (10, 20, 30) үздіксіз зерттеу қиын. Психикалық дамуды кӛлденең немесе кескінді зерттеулердің мәні мынада: дамудың ерекшеліктері туралы қорытындылар, әр түрлі жастағы, әр түрлі даму деңгейіндегі, әр түрлі тұлғалық ерекшеліктері, клиникалық реакциялары және т.б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей сипаттамаларын зерттеулер негізінде жажүйесіды. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі: зерттеудің салыстырмалы жылдамдығы - қысқа уақыт ішінде нәтижелерге жету мүмкіндігі.

Салыстырмалық әдістің мәні: даму барысындағы жекелеген психологиялық актілер мен мінез-құлық механизмдерін қарастырып, басқа ағзадағы ұқсас құбылыстармен салыстыру. Бұл әдіс зоопсихология мен балалар психологиясында кең таралған.

Эмпирикалық әдістер. Бұл әдістер тобы негізгі әдістер болып саналады. Байқау әдісі.

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінүшінің мимикасын (бет құбылысын), сӛз реакцияларын, түрлі қимыл-қозғалыстарын, мінез-құлқының жекелеген жақтарын байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері мен темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сӛйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сӛздері мен сӛйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде қарапайым аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелетін объектіні суретке түсіру үшін - фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сӛз тіркестерін жазып алып, кейін оны қайтадан жанғырту үшін магнитофон, диктофон т.б. пайдаланылады.

Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:

1)Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің ӛзі бірнеше рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету;

2)Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінүшінің сӛз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; мұндағы басты фактілерді іріктеп алу - осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға студент алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студенттің оқу әрекетін одан ары жаксарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді.

Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде жиі қолданылады. Байқау әдісінің кейбір кемшілікгері де бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда ӛзіне керек құбылыстарды әп сәтте зерттей алмайды да, кӛп уақыт жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әртүрлі кездейсоқ объективтік жағдай(байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы) субьективтік жағдай (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Мысалы: Біз екі баланың ойынын байқайтын болсақ, күнде сол балалар ойнайтын жерге берып, олардың ойындарын байқап, мұны қағаздарға жазып отырамыз. Олардың ойнайтын, әрекет ететін жағдайлары қандай болса, бізде сол жағдайларға байқау жүргіземіз. Егер сол балалар күндегі ойнайтын жеріне, күнде келіп тұрмай, бірінші күні бір жерде басқа күнде басқа жерге баратын болса, байқауды жүргізу үшін бізде олардың артынан баруымыз керек, күнде ойнайтын балалардың саны да ӛзгеріп отыруы мүмкін.Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде кӛмірек болады.

Байқауды жүргізіп болған соң, байқаушы толық психологиялық анализ жасап, байқаудың қорытындысын шығарады, бірақ бұл қорытындыға ӛзіндік пікірін қоспай, байқалған әрекеттердің қорытындысын объективтік түрде шығарғаны жӛн. Міне, осы айтылған шарттарды орындағанда ғана объективтік байқау әдісі ғылыми әдіс бола алады. Байқау әдісінің бірнеше кемшіліктері бар:

1. Байқаушы адам оны ӛне бойы белсенсіз болады, ӛздігінен байқауды ұйымдастыра алмайды. Байқалатын адамдардың әрекеттеріне қатысып, оларды ӛзгерте алмайды. Байқаушы кӛбінесе байқалатын адамның ықпалында болып, ол қандай әрекет істесе соны ғана байқап, жазып отырады;

2. Байқау жүргізгенде, әр уақытта байқалатын жағдай бір қалыпта болып келе бермейді. Сол себептен байқаудың нәтижесі әр уақытта әр түрлі болып шығуы мүмкін. Қорытып айтқанда, объективтік байқауды жүргізгенде жағдай бір қалыпты болмайды, сондықтан байқау нәтижесін де бірыңғай толық түрде объективтік болып шықпайды;

3. Байқаудың нәтижесін қорытқанда, байқаушы адам қорытындыға ӛінің жеке субъективтік пікірлерін қосып жіберуі мүмкін. Байқау жӛнді болу үшін, объективтік байқау жүргізгенде осы кемшіліктерді еске алып, бұлардың басқа әдістер арқылы жойып, объективтік байқау әдісі арқылы алынатын материалдардың кемшіліктерін толықтырып отыру қажет.

Байқау әдісіне қарағанда психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіспен зерттеудің біраз артықшылықтары бар. И.П.Павлов: "Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан ӛзінің тілегенін алады",- деп тегін айтпаған.

Эксперимент әдісі. Бұл әдіс бойынша зерттеуге керекті психикалық құбылыстарды түрлі аппараттарды, аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Экспериментті әдіс арқылы кейбір жеке психикалық


функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.Эксперименттің ӛзі лабораториялық және табиғи болып бӛлінеді. Лабораториялық эксперимент XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін эксперимент кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіспен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет кӛру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін экспериментті пайдаланды. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастады. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. ӛлшенілді. Орыс психологы Н.Ланге эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Француз психологы А.Бине алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардыи І- ші дүниежүзілік конгресінде (Париж, 1889) талқыланды. XX ғасырдың басында психология ғылымының карамағыңда ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін орыс психологы Г.И.Челпанов ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясына қарасты психологиялық институтының, (Мәскеу) лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар.

Профессор Н.И.Красногорский балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің даму жолдарын, ал профессор А.Г.Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген.

Психикалық процестерді зерттеуде кӛптеген аспаптар қолданылады. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшандығын ӛлшеу үшін - хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін - эстезиометр, зейіннің кӛлемін анықтау үшін - тахистоскоп, есітуді ӛлшеу үшін - аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін - эргографты пайдаланады.

Эксперимент әдісі - себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:

- зерттеуші зерттелетін құбылысты ӛзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді;

- эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын ӛзгерте алады;

- эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығаруға мүмкіндік болады; - эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды

заңдылықтарды орнатады.

Байқау әдісі сияқты эксперименттік әдістің де дұрыс жағдайлары мен

бірге бірнеше кемшіліктері де бар. Бұл әдістің жасанды жағдайда жүргізіліп, яғни зерттелетін адамдар, арнайы ұйымдастырылған лабораториялық қабинеттер де зерттелетіндіктен, ол адам ӛзін табиғи жағдайда ұстамайды. Жаңа жағдайдың әсерінен зерттелуші адам біраз қысылып, оның психикалық әрекеттерінде кейбір ӛзгешеліктер пайда болады.

Ресейдің белгілі психологы А.Ф.Лазурский эксперименттік әдістің кемшіліктерін жою мақсатымен оған бірнеше қосымшалар енгізіп, оны табиғи эксперимент әдісі деп атаған. А.Ф. Лазурский байқау әдісімен экспериментік
әдістің дұрыс қолайлы жақтарын бір біріне қосып толықтырған. Бұл әдіс әдейі ұйымдастырылған лабораторияда, қабинеттерде жүргізілмей, табиғи жағдайда жүргізіліп, адам күнделікте жүретін, тұратын, еңбек ететін жағдайында зерттелінеді. Мысалы, балалардың психикалық әрекеттерін зертейтін болсақ, ол балаларда күнделікті үйренген сыныбында немесе бірге оқитын жолдастарының арасында, ойнап жүрген уақытында, үй ішінде, балалар бақшасында зерттеуге болады. Бұл әдіс арқылы адамның жеке-жеке психикалық функцияларын ғана емес, адамның барлық әрекеттерін тұтасмен толығымен зерттеуге мүмкіндік бар. Зерттеу жүргізілерде, кейбір ӛзгешеліктер енгізіп, солар арқылы зерттеуді жүргізуге болады. Мысалы, мұғалім кейбір балалардың суреттерді байқауын сабақ үстінде зерттейтін болса, ерте бастан балаларға кӛрсету үшін арнап, бірнеше суреттер даярлап, күндегі сабағын қалай жүргізсе балаларға зерттеу жүргізетін күні де сабағын бұрынғы күйінде жүргізеді

Жоғарыда айтылған әдістер сияқты табиғи эксперименттік әдістің де бірнеше кемшіліктері де бар: бұл әдіс кӛп қолданылмаған, кӛп зерттелінбеген, теориялық негіздері түгел ашылмаған және бұл әдіс арқылы психологиялық функцияларды эксперимент әдісіндегідей жекелеп, даралап толық түрде зерттеуге мүмкіншілік жоқ. Дегенмен, бұл әдісті эксперименттік әдіспен салыстырғанда кӛп қолайлы жағдайлардың бар екенін кӛрсетуге болады.

3. Қосалқы зерттеу әдістері.

Әңгіме әдісі. Әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім кӛлеміне қарай күні бұрын әзірлеген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме кӛбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сӛйлесу әдісіне ерекше мен беріледі.

Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, кейіннен мұқият талданады да, осыған орай тиісті қорытындылар жасалады. Әңгімені де зертеу әдісі есебінде қолдануға болады, бірақ бұл негізгі әдіс емес, қосымша әдістердің бірі. Әңгіме арқылы зерттелетін адам туралы кейбір жалпы мағлұматтарды ғана алуға болады. Бұл әдіс арқылы, терең, толық зерттеу жүргізуге ешбір мүмкіншілік жоқ. Бірақ, әңгіме ғылыми әдіс болу үшін, әрқайсысымен әңгіме жүргізуде оның алдына мақсат қойып, оның не үшін керектігін, ерте бастан жоспар құрып, әңгіме қай жолмен жүргізілетінін белгілеп алған жӛн. Не болса сол туралы әңгіме жүргізе бермей, керекті мәселелер, жағдайлар туралы әңгіме жүргізу керек. Әңгімелескенде балаларға түрлі сұрақтар қойып, олардың түрлі заттар, болмыстар туралы түсініктерін, ұғымдарын, неге қызығатынын, білімінің кӛлемін, тұрақтылығын, тереңдігін және т.б. білуге мүмкіншілік бар. Балалардың жауаптары толығымен стенография арқылы жазылып отырады. Әңгіме уақытында балалардың қылығына назар салып толық түрде белгілеп жазып отыруы қажет.

Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі - сұхбат. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен әңгімелеседі, жол-жәнекей оның сӛз саптауына, түрлі реакцияларына, ӛң-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді.


Анкета әдісі. Анкетаны қосымша әдістердің бірі есебінде қолдануға болады; Әдейілеп белгілі мақсатпен және формамен қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы зерттелуші адамдардың психикалық әрекеттерін сипаттауда, немесе кейбір психикалық проблемаларды шешуде жалпы мағлұматтар, кейбір фактілі материалдар жинауға болады. Анкетаның бір қолайлы жері – жаппайлығы, яғни бір уақыттың ішінде бірнеше адамдардан жалпылай мағлұматтарды алуды мүмкіншілігі болуы. Мәселен, анкета әдіс арқылы күні бұрын бланкіге жазылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады.Осы әдіспен әртүрлі топтың, ұжымның психологиялық ӛзгешеліктері (талап-тілегі, мүддесі, талғамы, қызығуы т.б.) зерттелінеді. Егер мұғалім шәкірттерінің қандай кітапты ерекше құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кімдер екендігін және осы тәріздес мәселелерді білгісі келсе, осы әдісті пайдалануына болады. Анкеттадағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, жалпы саны 5-8-ден аспауы тиіс. Алынған материалдардың нәтижесі статистикалық (сандық) талдаудан ӛткізіледі. Мұның негізгі кемшілігі - адамның шын кӛңіліндегісін жаза бермейді, не болмаса, оны қағаз жүзінде дұрыс кӛрсетпеуі де мүмкін. Бірақ анкетаның бұл жаппайлылығының кейбір елеусіз жетімсіздіктері бар. Себебі анкета арқылы алынған материалдардың бәріне сене беруге болмайды. Ӛйткені анкетадағы сұрауларға қайтарылатын жауаптар субъективтік үстіртін қате болуы, я болмаса толық болмауы мүмкін.

Анкетаны барлық зерттеулерде орынсыз қолдана беруге болмайды. Оны сондықтан адамдардың шығармашылық жемістері, сазгерлердің музыкалық шығармаларын, суретшілердің суреттерін, сәулетшілердің жасаған мүсіндерін, үйлерін, ақындардың, жазушылардың шығармаларын, кілемшілердің тоқыған кілемдерін т.б. зерттеп, олардың психологиясымен танысуға болады. Шығармашылық әрекеттердің ағымын зерттеп, адамның ақыл ойының әрекет етуін зерттеуге болады.

Салыстырма – генетикалық зерттеу әдісіне бірнеше әдістер еніп отырады. Бұл психикалық әрекеттердің ӛсіп-даму жолдарын салыстыра зерттейді, Ал салыстырма филогенетикалық зерттеу жолы арқылы адамдардың психика дүниесін хайуанаттар психологиясымен салыстырып, олардың арқасында қандай айырмашылық, қандай ұқсастық бар екендігі, адамның психологиясы қалайша адамдық психологияға айналғаны зерттеліп отырады.

Салыстырма тарихи зерттеу әдісінде – қоғамдық эканомикалық формациялардың ӛзгеруімен бірге адамның салт-санасы да ӛзгеріп, дамып отырады. Сондықтан психикалық әрекеттерін зерттегенде, бұлар тек бүгінгі күннің ғана жемісі емес екендігін, адам баласының ғасырлар бойы дамып отыруының нәтижесі екендігін ескеріп, зерттеу жұмысында зерттеудің тарихи жағын кӛздеу керек болады. Психологияда басқа ғылымдардағыдай тарихи әдісті мейлінше қолданып адамның барлық әрекеттерінің ақыл-ойының санасының бірқалыпта тұрмайтынын, қоғамның ӛзгеріп дамуымен бірге, ол қоғамда ӛмір сүруші қоғам мүшелері – адамдардың сана – сезімдерінің ӛсіп, дамып, ӛзгеріп отыратынын ескеріп, адам жалпы адамзатты зерттемей, белгілі қоғамда ӛмір сүрген я нақты құрамының мүшесінің психикалық әрекеттерін зерттеу керек – бұл тарихи психологияның міндеті.


Салыстырмалы потологиялық зерттеу әдісімен зерттегенде, ақыл-ой әрекеттеріне зақым келген ауру адамдардың психологиясымен дені сау адамның психика дүниесімен салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарымен ӛзгешеліктерді қарастырады. Мысалы, сӛйлеуге зақым келуін (афазия) қимыл әрекеттеріне зақым келуін (апракция), естің алжып, бәсеңдеп бұзылуын (амнезия) т.б. қалыптағы психикалық әрекеттермен салыстыра талдаудың ғылыми мәні зор. Физиология мен психопотологияда, медецинада бұл әдіс ӛте кең қолданылады. Онда хайуанаттар миының түрлі жүйесіларын бұзып, оның нәтижесінен пайда болатын психикалық әрекеттің зақымдану ӛзгешеліктерін зерттеу үлкен орын алады.

Психологиялық тестілер. Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жӛнінен мағлұмат алуға кӛмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі. Тест арқылы, бала ӛз жасы.а қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында ӛз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, тӛмен) бар ма деген сауалдарға жауап алынады. Тесті толық орындауы мүмкін болатындай етіп іріктеу қажет.

Тест тапсырмаларын іріктеуге ғылыми тұрғыдан караудың маңызы зор, ӛйтпеген жағдайда, оның қорытындылары бала ақыл-ойының дамуын бұрмалап кӛрсетуі мүмкін. Тест баланың мектептегі оқуға әзірлігін, сондай-ақ психикалық дамуы кешеуілдеп қалғандардың ерекшеліктерін талдап білуде кӛмек кӛрсете алады. Тест деген ағылшын сӛзі "сынақ" деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғымды американдық ғалым Дж.Кэттел ӛткен ғасырдың аяғында енгізді. А.Бине мен Т.Симонмен бірге балалардың ақыл ойының дамуын анықтау үшін ӛз жүйесін жасаған кезден бастап тестілер тәжірибелік мағынаға ие болып кең тарала бастады. Тест дегеніміз - күрделі техникалық құралдарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ.

Осындай қосалқы әдістердің қатарына биографиялық әдіс адамның іс- әрекетінің нәтижесін талдау (яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма, мазмұндама, диктант, сын жұмыстарымен түрлі формадағы шығармашылық жұмыстарды талдау), ӛмірбаян (яғни зерттелүшінің туған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның ӛмірбаяны, естелік, мінездемелерін талдау жатады.

Коррекциялық әдістер. Қазіргі кезеңдегі психология әр түрлі жолдар арқылы адамның практикалық әрекетіне ықпал етеді. Психологиялық кӛмек, обьективтілік бар жағдайда ғана емеc, сондай-ақ субъективтілік сәтсіздіктерді уайымдау жағдайларыида да кӛбірек кӛрсетіледі және тиімді болады.

Мұндай жағдайларда, психологиялық кӛмек қандай түрде жасалса да, ол жалпы сипатымен - ӛз бағытының жекелігімен ерекшеленеді және кӛмек сұраушының тұлғасына - оның сезіміне, уайымына, кӛзқарасына, әлем кӛрінісіне, айналасындағылармен қарым-қатынасының құрылымына терең үңілуіне негізделеді. Бұл үңілу, арнайы психодиагностикалық әдістерді қажет етеді. Алайда, психодиагностика ӛздігінен мағынасыз, оның мәліметтері баланың ӛміріне немесе дамуына ыңғайлы жағдайлар жасау үшін, психологқа тұтынушымен немесе баламен ары қарайғы жұмыс бағдарламасын анықтауға


мүмкіндік беру үшін қажет. Осы жерде психолог жұмысының коррекциялық әдістері туралы айту керек.

Аутотренинг. Аутогендік жаттығулар әдісінің пайда болуы және енгізілуі неміс психотерапевті И.Г. Шульцтің атымен байланысты. Аутогендік жаттығу - психогигиена мен психопрофилактиканың, сондай-ақ тӛтенше жағдайдағы адам күйін басқарудың әрекетті амалы. Бұл әдістің танымалдылығы ӛмір жылдамдылығына, адамның нерв жүйесіне түсетін жүктеулердің артуына байланысты болады.

Аутогендік жаттығуларда нерв жүйесінің жағдайына ықпал етудің үш негізгі жолы қолданылатыны жайлы белгілі психотерапевт Л.Л. Примак жазды. Бірінші жол қаңқаның бұлшық еттері мен демалу тонусының орталық нерв жүйесіне әсер ету ерекшеліктерімен байланысты. Нерв жүйесі мен тонус арасындағы байланыс бұлшық еттердің тонусын саналы ӛзгерту арқылы психикалық белсенділік деңгейіне ықпал етуіне мүмкіндік береді. Адамның сергектік күйі әрқашанда бұлшық еттің жоғары тонусын қалыпты түрде ұстап тұруымен байланысты болады. Әрекеттің күшеюіне байланысты тонус та кӛтеріледі. Бұл маңызды физиологиялық заңдылық аутогендік жаттығулардың барлық жүйесінің негізіне жатады. Аутотренингті меңгеру үшін дененің бұлшық еттерін толық босатуды алдын ала үйрену керек.

Нерв жүйесіне ықпал етудің екінші жолы сезім бейнелері мен елестетуді пайдаланумен байланысты болады. Сезім бейнесі - бұл адам денсаулығы мен психикалық күйіне ықпал етуші белсенді құрал.

Ағзаның психофизиологиялық функцияларына ықпал етудің үшінші жолы айтылып қана қоймай, сондай-ақ ойдағы сӛздің реттеуші және бағдарламалаушы рӛлімен байланысты болады. Ішкі сӛздің бұл қасиеті жаттығулардың тиімділігін арттыру, жарыс кезінде ішкі резервтерді жинақтау үшін спортта ертеден қолданылады.

Қиын жағдай туған кезде, ауытқыған функциялардың орнын толықтыру үшін, нерв жүйесі тұрақты адам ағзасы бұл резервтерді ӛздігінен белсенді қозғалтады. Алайда, кӛптеген жағдайларда бұл болмайды, ӛйткені адам ӛзінің нерв жүйесінің зор мүмкіншіліктерін білмейді. Аутотренинг жаттығулары адамның резервтік мүмкіншіліктерініи ӛсуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар мидың бағдарланалаушы механизмдерінің қызметін тұрақты жетілдіріп отырады.

Топтық тренинг. Топтық немесе басқаша айтқанда, әлеуметтік психологиялық тренинг ретінде қарым-қатынас жүйесіндағы білім беpy және іскерлікке үйретудің ӛзіндік түрлерін, сондай-ақ оларға сәйкес коррекция түрлерін түсінуге болады. Топтық тренинг амалдарымен шешілетін мәселелелер шеңбері кең әрі алуан түрлі, сондықтан тренинг түрлері де әр түрлі болады. Әлеуметтік психологиялық тренингтің барлық түрлерін екі үлкен топқа бӛлуге болады:

- әлеуметтік икемділікті дамытуға бағытталған (мәселелен, пікір сайысын жүргізе білу, тұлғааралық дау-дамайларды шешу);

- қарым-қатынас жасау жағдайын талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталған.
Әлеуметтік психологиялық тренинг әдістері екі үлкен салаға бӛлінеді: топтық пікір сайыс және ойындар. Топтық пікір-сайыс әдісі кӛбінесе белгілі бір жағдайларды, топтың ӛзін-ӛзі талдау түрінде пайдаланылады. Әлеуметтік психологиялық тренингтің ойын әдістерінің ішіндегі рӛлдік ойындар әдісі кең таралған. Аталған әдістердің әр біреуі жеке қолданылуы мүмкін, бірақ олар кӛбінесе, бірнеше әдістер жиынтықтары енетін кешендік бағдарламалардың құрамдық бӛлігі болады.

Түрлі психикалық құбылыстардың кұрылымын функциялар мен параметрлерді шамамен жорамалдауда, эксперименттік материалдарды талдауда, модельдерді құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық әдіс қолданылады. Математика қазіргі кезде кӛптеген ғылымдардың зерттеу әдістеріне кеңінен еніп отыр. Психологияда мұны алғаш қолданған ағылшын психологы Ч.Спирмен. Осы әдіспен адам интеллектісін (ақыл-ой), оның музыкалық, математикалық қимыл-қозғалысы т.б. қабілеттерінің белгілі шамасын белгілеуге болады. Мәселен, осы әдісті психологтар адамның жоғары нерв қызметі қасиеттерінің құрылымын (Б.М.Теплов, В.Д.Небылицын) зерттеуде пайдаланды. Күрделі корреляцияларды факторлық талдауға салу, электрондық ӛлшеуіш машиналарының (ЭВМ) кӛмегіне де сүйенеді.

Зерттеу материалдарын сапа жағынан ӛңдеу. Психологиялық зерттеулерде әр түрлі психикалық процестердің заңдылықтары мен ерекшеліктерін ашу және тұлғаның қасиеттерін анықтау үшін қарастырылған әдістердің барлығы да кеңінен пайдаланылады. Кез келген әдісті дұрыс қолданғанда, ең алдымен тұлғаның психикалық кӛріністерінің сапалық сипаттары анықталып, тіркеледі, яғни зерттеу міндеттеріне сәйкес фактілі деректер дәлме-дәл іріктелінеді де дұрыс түсіндіріледі.

Сапалық талдау жүргізген кезде жаңадан қалыптасып, не дамып келе жатқан психикалық кӛріністерге баса назар аудару керек, ӛйткені, бұл адамға қазір ненің тән екендігін ғана емес, сондай-ақ оның психикалық даму перспективасын болжауға мүмкіндік туғызады.

Алайда, зерттеу нәтижелерінің объективтілігі зерттеліп отырған психикалық құбылысты суреттеуді және сапалық сипаттама беруді ғана талап етпейді. Әрқашан да табылған қасиеттің типтілігін анықтап, дәлелдеудің маңызы зор. Бұл, зерттеу материалдарын сандық ӛңдеуден ӛткізу негізінде іс жүзіне аса алады.

Зерттеу материалдарын сан жағынан ӛңдеу. Психологияда сан жағынан талдау үшін, басқа ғылымдардағы сияқты материалды математикалық ӛңдеуден ӛткізу әдістері әсіресе, кӛрсеткіштердің орташа сандық мәнін анықтауға мүмкіндік беретін варияциялық статистика әдісі кеңінен қолданылады.

Зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын анықтау үшін статистикалық әдістердің ерекше маңызды мәні бар. Статистикалық әдістер белгілі бір кӛрсеткіштердегі айырмашылықтардың сенімділігі туралы, олардың осы құбылыстағы типтілігі және нормадан ауытқу шектері туралы, қанша адамның сыннан ӛту қажеттігі туралы математикалық дәлдікпен пікір түюге мүмкіндік береді.

Зоологиялық психология – жануарлардың психологиялық әрекеттерін қарастырады. Олардың психикасның даму сатысын, инстинктін, интеллектісін зерттейді.

Салыстырмалы психология – адамдар мен жануарлардың психикасының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді. Сонымен қатар ересек адамдар мен балалардың психологиясын бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастық, айырмашылықтарын ашады, адамның қалыптасу жолын және оның туысынан ӛсіп-жетілгенге дейінгі даму жолын қарастырады.

Педагогикалық психология - оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, яғни оқушының оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау саласын, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстазбен - шәкірт арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бӛлінеді:

а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты ӛзге де мәселелерін зерттейді;

ә)тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.



Медициналық психология - дәрігер мен аурулардың арасындағы қарым- қатынас, түрлі аурулардың психологиясын емдеу жолдарын және дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бӛлімдерге бӛлінеді: психикалық кұбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармақологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру саласын, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан; адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың ӛзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық кӛмек кӛрсететін клиникалық психологиядан.

Әскери психологиясы – адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі, әскери дәрежесі жоғарыларға сӛзсіз бағыну жағдайындағы психологиясымен, әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру және т.б. мәселелерді зерттейді. Әскери психологияның маңызды міндеті- әскери оқу- тәрбиенің психологиялық мәселелерін талдау болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет