Бірінші заңдылық: ана тілін қабылдау қабілеті баланың сөйлеу органдары бұлшықетінің жаттыққандығына байланысты. Егер бала фонемаларды артикуляциялау және просодемаларды модуляциялау қабілетіне ие болса, сондай-ақ оларды дыбыстар кешенінен ажырата алса, ана тілін жетік меңгереді. Тілді меңгеру үшін баланың сөйлеу аппараты, содан соң жазбаша сөйлеуді меңгеру кезінде бұл тілдің және позициялық нұсқаулардың әр фонемасы мен әр просодемасын (дауыс күшінің модуляциясы, үннің, қарқынның, ырғақтың, тембрдің жоғарылығы) айту үшін қажетті көз бен қолы жетілдірілген болуы тиіс және осы қозғалыстар дыбыспен үйлестірілуі қажет. Егер бала өзгенің сөйлегенін тыңдай отыра, оны дауыстап, содан соң ішінен айтушыға еліктей отыра, оның артикуляциялары мен просодемаларын қайталаса, тіл меңгеріледі, бұл жерде оның сөйлеу мүшелерінің белсенділігін ескерген жөн. Осылайша, баланың сәбилік жасындағы сөйлеу алды әрекеттері – бұл артикуляциялық және модуляциялық дауыстық әрекеттер (гуілдеу, сыбызғы, былдырлау, модуляцияланған былдырлау) болып табылады. Егер тәрбиеші балалармен бірге осы әрекетке қосылса, олар қарқынмен жасалады. Гуілдеу, былдырлау сөйлеуге алмасады, бастапқыда тек дауыстап сөйлеу ретінде іске асырылады. Сөйлеу аппараты бұлшықетінің жұмысы баланың айтарлықтай ерікті күш үшін маңызды болып табылады. Тек осындай әрекет барысында ғана балаларда ойлау, шығармашылық қабілетінің негізін қалыптастыруға және жалпы әр баланың тұлғасының дамуына жәрдемдесуге болады. Әдістеменің физиологиялық негізін И.П. Павловтың сөйлеудің қалыптасу механизмдерін түсіндіретін екі дабылдық жүйе туралы білімі құрайды. И.П.Павлов мидың негізгі міндетін сыртқы әлемнен келетін дабылды қабылдау және ойлау деп атап өткен.