Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).
Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа дабағасыз факторлар әсерін тигізеді:
Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.
Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.
Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.
Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.
Сұраныстың қисығы
Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді.
Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол қисық сыздықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі); солға – төменге (азаюы).
Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.