Жоспар: Тәрбие әлеуметтік құбылыс



бет2/7
Дата25.08.2017
өлшемі0,83 Mb.
#26912
1   2   3   4   5   6   7

Педагогикалық технология


Жоспар:
1. Технология туралы ұғым, артықшылықтары;
2.  Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары;
3. Педагогикалық технологияның мақсаты, салалары;
4. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс.

1. Технология — өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шыгаруға керекті жүйелі процесс.


Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, ондаөндірістік және әлеуметтік саладағыпроцестер "технология" деген атауға ие болады.
Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп.
Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Тсхнологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің тұрл ері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
2. Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары. Технологиялар өндірістік және әлеуметтік деп екіге болінеді. Өндірістікке табиғи шикізаттарды (мұнай, ағаш, т.б.) оңдеу технологиясы немесе одан алынған өнімдер жатады.
Әлеуметтік технологияда адаммен жұмыс істеліп, оның басты бір немесе бірнеше қасиеттері өзгертіледі. Әлеуметтік технологияға оқушыларды оқыту технологиясын жатқызуға болады. Олеуметтік технологияның өндірістік технологиядан көп айырмашылығы бар. Басты айырмашылығы - өндірістік технологияның нақты жүйелі операциялардан тұруында. Бір жерде өзгеріс болса, іс-қимылдардық орындары алмастырылып, нәтиже төмендейді.
Әлеуметтік технологияда түрлі шараларды іріктеу жақсы нәтиженің кепілі емес, себебі адамға одан басқа да жағдайлар әсер етеді. Сондықтан әлеуметтік технологияға нақты іріктелген процестердің жүйесі деп анықтама беруге болмайды. Әлеуметтік технологияда кері байланыс орасан зор рөл атқарады. Мұғалім оқушылардың дайындық деңгейлерін қайта-қайта тексеріп, оқу материалын меңгермейтіндермен қосымша жұмыс істеп, стандартты меңгертеді. Сонымен біз жаңа материалды түсіндіру мен бекітудің қайталанатындығын байқаймыз. Бірақ оқушылардың бәрі емес, тек оқу материалын шала түсінгендер ғана қайталайды.
Оқушылар дұрыс түсінбеген тақырыптар да қайталанады. Сонымен әлеуметтік технология әдістеменің кемшіліктерін түзете алады. Әлеуметтік технологияны ұйымдастыру және жүзеге асыру өндірістік технологияға қарағанда қиындау. Бірақ екі технология негізінен бір-біріне жақын. Екеуі де технологияны ұйымдастырушыға белгілі өнім береді. Сондықтан "Әлеуметтік технология" ұғымын "Өндірістік технология" ұғымымен қатар қолдануға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оның жүйесінің онша қатаң еместігі, кері байланыстың (нашар жерді анықтау және сол жерде ңосымша жұмыстар істеу) болуында.
Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат - адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. Біраң мақсаттың оқыту мазмұнын іріктеуге, педагогикалық процесті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз.
3. Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп "Мақсатқа жеттік пе?"- деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада "диагностика арқылы анықталған мақсат" дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.
Технологияның кезеңдері:
•  Оқытудық мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
•  Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
•  Диагностика негізінде оқытудық жаңа мақсатын қою. Технологияда одушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырылады, жаңа мақсат қойылады.
Сонымен, мақсат аньщ болмаса оқу процесінің жетілдірілуіне кедергі жасалады.
Педагогикада "технология" ұғымын қолданатын салалар
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
•  қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
•  нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.)
•  қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Зан-ков, т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.
Екінші анықтамада "технология" ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымынажақын. Технология дегеніміз - өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? "Білім - оқыту мен тәрбие" - деген анықтамаға сүйенсек, онда мүмкін емес. Оқыту мақсаты - оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс-әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оқай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.
Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның тех-нологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ.
Оқыту технологиясының ерекшеліктері:
•  түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.
•  үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
•  олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
• оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.
4. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс
1. Диогностикалық құралдар арқылы оқушылардың білім, біліктілік дағдыларын анықтап, содан кейін оларды білімдеріне қарай саралап оқытамыз.
2. Оқу материалыи меңгерту және бекіту үшін танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
Бұл бөлік педагогикада жақсы зерттелген, оған бұрын жасалған алуан түрлі оқыту әдістемелері кіреді. Бүгінгі танда бастауыш мектептерде дәстүрлі Л.В.ЗанковжәнеД.Б.Эльконин, В.В.Давыдов әдістемелері қолданылады.
3.  Материалды меңгерудің сапасын бақылау
Егер әдістемелерде оқушылардың білімді меңгеріп және бекітуі үшін оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға баса назар аударылса, технологияда танымдық іс-әрекетті ұйым-дастыру және оның нәтижесін тексеру қатар жүреді. Бұлар өзара байланысты. Олардың біреуіне жете көңіл бөлмеу, педагогикалық жүйені бұзады. Осы көзқарасқа сүйеніп оқыту процесін сызба түрінде былай бейнелейміз.
Білім сапасын тексеруді жеке алып қарау оны жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Оқушылар материалды қаншалықты деңгейде меңгергені анықталып, атқарылатын жұмыстар белгіленеді. Мұғалім оқу материалын бекіте алады, бірақ оны меңгермеген жеке оқушылармен оқу жұмыстары ұйымдастырылады. Ал оқу материалын сыныптың көбі меңгермесе, онда өткен материалды бекітумен қатар оны меңгермеу себептері анықталады. Ол үшін диагностикалық құралдар (тест, бақылау жұмыстары, сұхбат, әңгімелесу) қолданылады.
4. Топпен немесе жеке оқушылармен қосымша жұмыс істеудің, тәсілдері мен әдістерін таңдау. Мұндай әдістер жеке пән әдістемелерінде жазылған.
5. Оқушылардың үлгермеу себептерін анықтау. Технологияның бұл бөлігі өлі толық зерттелмеген. Шет тілі, әдебиет, физика, химия пәндері бойынша жекелеген сыныптар үшін тестілер жасалған. Тапсырмалар арқылы оқушылардың біліміндегі кемшіліктер анықталады, оны жойғанда ғана келесі бөлікке өтуге болады.
6. Сыныптың барлық оқушыларының білімі мен тәрбиесіндегі кемшіліктерді жоятын әдістемелерді таңдау.
Бұл бөлікте барлық сынып оқушыларының меңгермеген тақырыптарын түсіндіру үшін мұғалім сабақ жоспарларының алуан түрлі варианттарын қолданады. Мұғалім бұрынғы сыныптарда оқылған, бірақ қазір ұмытылған материалдарды жаңа тақырыптармен байланыстырады.
Сонымен технология әдістемеден өзге, себебі ол оқушылардың материалды меңгеру іс-әрекетін басқарады, олардың үлгермеу себептерін анықтауға ерекше назар аударады. Технологияға білімді сапалы түрде меңгеру процесін басқару және білім сапасын тексеру блоктары, кері байланыс жүйесі енеді. Кері байланысты мұқият түрде жан-жақты жасау керек. Ең бастысы, оқу материалын оқушының меңгеруі. Педагогика ғылымында білім сапасы бірінші орынға шығады. Оны көтеру педагогика мен психология ғылымдары алдында тұрған маңызды міндет.
Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез келген оқу тапсырмаларын бұрынғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды. Бала оқу іс-әрекетінің тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз біліміне сүйеніп жасайтын іс-әрекетін репродуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп жаңа онімдер жасауын продуктивтік іс-әрекет дейді.
Іс-әрекетке үйрену репродуктивтік іс-әрекеттен басталады. Бала ереже, алгоритмдерді қолданып жаттығулар жазады, есептер шығарады, мәтіннен түсінгенін айтады, бірсөзбен айтқанда, дайын білімдерге ештеңе қоспайды.
Өз бетімен ізденіп, біліміне білім қосса, оқушының репродуктивтік іс-әрекеті продуктивтік (өнімді) іс-әрекетке айналады. Оқушылар білетіндерін бір-бірімен салыстырып өздері үшін жаңалық ашады. Осы аталған екі іс-әрекет түрлері оқушының материалды түсінуіне мүмкіндік жасайды. Түсініктің 4 деңгейін В.П.Беспалько зерттеген. Енді оларға тоқталайық.
I деңгей (оқушылық) - репродуктивтік іс-әрекеттің ең қарапайым деңгейі. Оқушы бұрынғы білімдеріне сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындайды, бұрынғы тақырыптың мазмұнын өзгертпей пысықтайды. Оқушы үлгі бойынша есептер шығарып, жаттығулар жазады.
II деңгей (алгоритмдік) - репродуктивтік іс-әрекеттің күрделі түрі. Оқушылар алгоритм бойынша түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, мұғалім құбылыстарды оқушылардың қалай түсінгенін мынадай жоспармен анықтайды:
•  Құбылыстың сыртқы белгілері.
•  Ол өткен кездегі жағдай.
•  Құбылыс мәні, оның өту механизімі (құбылысты ғылыми теорияларға сүйеніп талдау).
•  Осы құбылыстың басқа құбылыспен байланысы.
•  Құбылысқа сандық тұрғыдан сипаттама беру.
•  Құбылыстың зиянды ықпалдарының алдын алу тәсілдері.
Тәжірибені жасау жоспары:
•  Тәжірибенің мақсатын тұжырымдау.
•  Тәжірибені жасар алдында гипотезалар ұсыну. Тәжірибені өткізуге керекті жағдайларды анықтау.
•  Тәжірибе үшін жабдықтарды және материалдарды анықтау және іріктеу.
•  Тәжірибені жоспарлау.
•  Тәжірибе нәтижелерін шығаратын тәсілдерді анықтау.
•  Тәжірибені өткізу, бақылау, нәтижелерін анықтау.
•  Нәтижелерді математикалық тәсілмен өңдеу.
•  Алынған нәтижелерді талдау.
•  Тәжірибеден қорытынды жасау.
III деңгей (эвристикалық)
Эвристика - грек сөзі - іздеп табамын, ашамын деген мағынаны білдіреді.
Эвристикалық оқыту мақсаты - оқушыға барлық оқу пәндері бойынша білімдік өнімдер жасату, мәселелерді өз бетімен шешуге үйрету.
IV деңгей (шығармашылық)
Шығармапіылық жұмыстардың түрлері. Оқу пәндерінде қорғалатын білімдік німдердің үш түрі бар.
Дәстүрлі оқу курстары бойынша жасалатын пәндік өнімдер: Шығарма, ертегі, құрастырылған есеп, тұжырымдалған ұғым, (феже немесе заңдылық, бұйымдар, белгі, таңба, ойын, викторина, өойылым, сценарий, газеттің мазмұны.
Пәнаралық және пәннен тыс өнімдер - бір пән шеңберінен шығатын іргелі білімдік объектілерді зерттеу нәтижелері.
Методологиялық өнімдер (талдау тәсілдері, құрастырылған сұрақтар, тұжырымдалған жорамалдар; жауаптарды іздеу тех-нологиясы, өздік жұмысының жоспары, жұмыстың мақсатын анықтау, жеке білімдік бағдарламалар, оқу іс-әрекетін талдау, өзіне-өзі баға беру, пікірлер, сын-пікірлер жазу).
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының нысандары:
•  зерттеушілік (эксперимент, тәжірибе өткізу, ғылыми мәселені өзінің шешуі, теореманы дәлелдеу);
•  шығарма (тақпақ, ертегі, есептер, очерктер, трактаттар).
•  көркемөнер шығармалары (бейнелеу өнері, сызба, кескіндеме, ән, саз, би, кесте тігу, суретке түсіру, композиция, көрме);
•  техникалық шығарма (бұйым, үлгі, макет, сызба, фигура, компьютерлік бағдарлама).
•  көрермендергеарналғаншығармалар(концерт, қойылым, жарыс, шағын көрініс);
•  педагогикалық шығармалар (мұғалімнің орнына сабақ беру, сөзжұмбақ жасау, ойын, викторина).
•  методологиялық шығарма (тақырыптың жоспарын жасау, оқушыларға арналған тесті сұрақтарын құрастыру, өзін-өзі талдап жазған күнделік жүргізу.
Шығармашылық жұмыстарды бағалағанда оның жаңалығына, қисындылығына, безендірілуіне, оқушының сұрақтарға дәйекті жауап беруіне, көрермендерді және әділ қазылар алқасын қызықтыра білуіне назар аударылады.
Жоғары деңгей 8-10 ұпай алғандар. 1 -орын алған балалардың да шығармашылық деңгейі жоғары деп бағалауға болады, 4-7 ұпай алғандардық шығармашылық деңгейлері орташа. 1 -3 ұпай алғандардық шығармашылық деңгейлері төмен. Себебі оның жұмысы үлгі бойынша орындалып, аздап жетілдірілген. Жаңалығы аз. Осындай бағалар шығармашылық апталық кезінде беріледі. Шығармашылық жұмыстар бойынша шығармашылық апталық өткізуге болады. Озып шьщқандар моральдық және материалдық жағынан ынталандырылады.
Жоғары сыныптарда ғылыми апталықтар өтеді.
Түсінік деңгейін (сапасын) тексеру үшін ауызша сүрау әдісі, жазбаша тексеру жұмыстары жүргізіліп баға қойылады.
Бағдарламалық материалдық 70% -ын меңгерген оқушы (түсініп, есте сақтаған), 30% қатесін өз бетімен түзете алады. 70% -дан төменгі білім сапасы оқушы білімінің берік еместігін көрсетеді. Сондықтан оқу материалын нашар меңгерген оқушымен қосымша жұмыс жүргізу керек.
Оқыту технологиясы:
•  Оқушыныңбілімділік, білік, дағдыларын диагностикалық құралдар арқылы анықтау.
•  Оқыту процесінің тиімділігін (пайдалылығын) объективтік әдістер арқылы тексеру.
•  Оқу материалының 70% -ын оқушыға меңгерту.
Оқыту қандай болу керек. Негізгі талап — оқыту процесі арқылы оқушыға білімді меңгерту.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Ж.Қобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. - Алматы, 2002.
2. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы. //Бастауыш мектеп. 1999. - №8,9.
3. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. Под ред. С.А.Смирнова. 3-е изд. - М.: Академия, 1999.
4. Хуторской А.В. Современная дидактика. - Спб: Питер, 2001.
5. Педагогика. - Алматы, 2003.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет