Жоспар: Тыныс алудың түрлері



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі4,15 Mb.
#98160
1   2   3   4   5
Байланысты:
352952.pptm

Шыбық артериясын анықтау:
1. Оң қолыңыздың саусақтарымен науқастың қол ұшын білезік буыны
тұсынан ұстаңыз.
2. Бірінші саусақты білектің сыртынан орналастырыңыз.
3. 2-4 саусақтармен ырғақты соғатын шыбық артериясын си-
пап сезіп, оны білек сүйегіне басыңыз.
4. Пульс толқындарының сипаттамасын 1 минут ішінде анықтаңыз.
5. Пульсті оң және сол жақ шыбық артерияларында бір уақыт-
та салыстыра отырып анықтау керек. Қалыпты жағдай-
да олар бірдей болуға тиіс.
6. Пульсті анықтағанда алынған көрсеткіштерді ауру тарихына немесе амбулаториялық картаға жазады. Температуралық парақта күн сайын қызыл қарындашпен "П" (пульс) деп белгілейді. Пульс бағанасында пульстің жиілігі минутына 50- ден 160-ға дейін көрсетілген
Ұйқы артериясы
Шынтақ артериясы
Табан бетіндегі артериясы
Сан артериясы
Тізе асты артериясы
Тобық артериясы
Самай артериясы
Ұйқы артериясында - артерияны қатты қыспай кезекпен екі жақтан пульсті тексеру керек. Артерия қабырғасын қатты басқанда жүрек қызметінің күрт төмендеуі, жүректің тоқтауына дейін, естен тануы, бас айналуы, тырысулар болуы мүмкін. Пульсті мойын аймағында төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшық етінің алдынан жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөлігінің арасынан сипап көреді;
Сан артериясында- пульсті созылған және сәл сыртқа бұрылған санның шат маңайында тексереді;
- тізе асты артериясында- пульс науқас етпетінен жатқан жағдайда тізе асты шұңқырында тексеріледі;
Самай артериясында- пульсті самай аймағында анықтауға болады;
Асықты жіліктің артқы артериясында - пульсті ішкі тобықтың артынан тобыққа қысып отырып тексереді;
Табан бетіндегі артерияда - пульсті табанының сыртқы беткейінде тексереді
Артериялық пульс дегеніміз-қанның артериалды жүйеге айдалуы
Нәтижесінде артерия қан тамырлар қабырғасының ырғақты қозғалуы.
Ырғағы-бұл белгілі уақыт интербалынан соң пульс толқындарының қайталануы.
Артмия-жүрек ырғағының бұзылуы.Экстрасистология-жүректің кезектен тыс жиырылуы.
Жиілігі-қалыпты жағдайда минутына 60-80.80-нен жоғары болса-тахикардия.
60-тан төмен болса-брадикардия деп аталады.

Жаңа туылған нәрестеде

120-140 рет

1-2 жасар сабиде

110-120 рет

5-6 жаста

100 рет

12-13 жаста

80-70 рет

Жеткіншектер мен үлкендерде

60-80 рет

Ырғағы-бірінен соң бірі өтетін тамыр соғуы толқындарының реттілігі.Мерсатетельді аритмияда жүректің жиырылу
жиілігі тамыр соғуы толқындарынан көбірек болуы мүмкін.
Жиілігі- тамыр соғу толқындарының бір минуттағы саны
Тамыр соғуының толуы-артериядағы қанның көлемімен анықталады және жүректің жиырылу көлеміне байланысты болады.
Тамырдың қатты соғуы жоғарғы АҚ-да қатты соғады,ал төмен АҚ-да жұмсақ болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет