Байланысты: Қазақ халқының құрылуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері-1
Қазақ халқының қолөнері
Қазақ халқының қолөнері ежелгі ру-тайпалардан бері келе жатқан өнердің жалғасы болып табылады. Қазақ халқы тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық бұйымдарды өздері жасап алып отырды. Қазақ халқында үй ішілік, ұсталық, зерегерлік, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік т.б. қолөнер кәсіптері дамыды. Қазақ шеберлері қолөнердің белгілі бір саласына маманданды. Мәселен, ағаш шеберлері тұрмысқа қажетті ағаштан жасалатын бұйымдардың бәрін жасаған. Әсіресе тамақ ішуге және оны дайындауға қажетті ағаш тостағандарды әдемілеп оюлап, өрнектер салған. Домбыра,қобыз сияқты музыка аспаптарын жасаған. Ал тері илеу немесе етікшілік тәрізді т.б қолөнердің түрлерін басқа шеберлер меңгерген.
Қазақ халқының ішінде зергерлік іс өте жоғары бағаланды.Олар қыз-келіншек,әйелдерге қажетті сақина,сырға,білезік,шолпы сияқты әшекей бұйымдар соқты. Зергерлер қыздардың сәукелесін әсем өрнектеді. XVII ғасырдағы деректерге қарағанда кейбір алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп жасаған сәукеле лердің құны бір үйір жылқы мен бағаланған.
Қазақ халқында өрнектеп ши тоқу,кілем,алаша тоқу,ою-өрнек салынған текеметке басу кең тарады.Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан, ыдыстың кейбір түрлерін теріден жасаған. Мәселен, қымыз ашытатын саба,мес,торсық,көнек т.б жасаған. Ал етік тігетін шеберлер ерлердің етіктермен,мәсімен,әйелдерді басы қайқы,сәндеп тігілген кебіс сияқты аяқ киімдерімен қамтамасыз етіп отырған. Қазақ шеберлері сүйектен,асыл тастардан да тұрмысқа қажетті сәнді бұйымдар жасаған. Теміршілікпен айналысатын ұсталар мал шаруашылығы мен егіншілікке қажетті құрал саймандар соқты.
Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: мәдени және рухани құндылықтар;
– мәдениеттің материалдық тұрпатына әдетте техниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай-ақ мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия, білім жүйесі сияқты организмдер жатады;
– мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады.
Мәдениет – қоғамдық-тарихи практикалардың процесінде адамзат жасаған материалдың және рухани байлықтың жиынтығы.
Мәдениет – материалдың және рухани байлықтың бөлінбес бір көрінісі, “Материалдық мәдениет” дегеніміз – қоғам дамуының белгілі бір кездеңінде қол жеткен өндіріс құралдары мен басқа да материалдық байланыстардың жиынтығы. “Рухани мәдениет” деген ұғым қоғамның ғылымда, өнерде, мемлекеттік және қоғамдық өмір мен құқықтарда қол жеткен жайларды қамтиды. Рухани мәдениет материалдық өмір жағдайының бейнесі болып табылады, оның мазмұны мен сипатын қоғамның экономикалық құрылысы белгілейді. Ұлттардың тууы мен дамуына сәйкес мәдениет ұлттық формада дамиды.
Адамзат дамуының қазіргі кезеңнің ең жоғарғы сатысы болып табылатын өркениет мәдениеті өткен заманның озық мәдениетінің табыстарын қорытады және дамытады. Бұл мәдениеттің идеялық мазмұны және негізі – дүниеге ғылыми көзқарас. Бұл мәдениет қоғам мүшелерін адамгершілік рухында тәрбиелейді.