2. Қашықтықтан бақылау мәліметтері. Қашықтықтан бақылау мәліметтері және ГАЖ технологиясы мұнаймен ластайтын көздерді сәйкестендіруде, мұнаймен ластану картасын жасауда және мұнай мұнараларын түгелдеуге мүмкіндік береді.
3. ГАЖ-сі радиолокациондық суреттердегі мұнай дақтарын жіктеуҚазіргі кезде жағалаулардың мұнаймен ластануының қауіпті жағдайы болған кезде, операцияларды жоспарлау және шешімдер қабылдау үшін ГАЖ-сі кеңінен қолданылады. Әр түрлі картографиялық ақпараттарды және кеңістіктегі мәліметтерін өңдеуде, жағалау маңындағы сезімтал экожүйенің ластануы да осы жүйеде талданады. Жерді қашықтықтан бақылау және ГАЖ-нің біріктірілген талдаулар нәтижесінде мұнаймен ластанған аймақтардың картасын аламыз. Келесі суретте Каспий теңізінің акваториясындағы мұнаймен ластану аймағын картографиялау мысалы көрсетілген