Жоспары: I. Кіріспе. Дін туралы түсінік >II. Негізгі бөлім. II діннің адам өміріндегі рөлі. II «Дінтану негіздері» курсының қажеттілігі мен маңызы



Дата17.06.2018
өлшемі47,91 Kb.
#43063
Діни білім – тәрбие бастауы

Жоспары:


I.Кіріспе. Дін туралы түсінік

II.Негізгі бөлім. II.1. Діннің адам өміріндегі рөлі.

II.2. «Дінтану негіздері» курсының қажеттілігі мен маңызы.

II.3. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ұғымы

III.Қорытынды.

Адамның бойындағы ең басты қасиет – ол таным және сенім.Таным кез-келген заттың ,құбылыстың мәнін ,сипатын ,ерекшелігін білу және сезіну арқылы қалыптасады.

Дін ерте заманнан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Ол дами келе адамның танымын, сенімін қалыптастыратын күшке айналды. Діни ұстанымдар негізінде қалыптасқан сенім адамның қоршаған ортамен , басқа адамдармен , қоғаммен қарым-қатынасына әсер етті.Сол сеніммен адам әлемді таныды , өмір жолын таңдады,мінезін, ойын , дағдысын қалыптастырды.Адамдар дініне байланысты өмір сүрді , сол рухта, сенімде ұрпақтарын тәрбиеледі. Дінді түсіну немесе түсіндіру арқылы өмір сырын ұғынуға тырысты. Дін мәселесі – адамдарды ежелден қызықтырып , танымын қалыптастырып келе жатқан жалпыға ортақ құбылыс болды.

Дін — адамзатпен бірге жасасып келе жатқан түрлі тарихи кезеңдер

мен қоғамда өзін әртүрлі пішінде көрсетті. Адамзаттың рухани сұраныстарының түрлілігіне байланысты діндер де әртүрлі аталды.

Жалпы адамзат тарихына көз жүгіртер болсақ , діннің , рухани фактордың шешуші рөлі бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды.Дүниедегі халықтар ,мемлекеттер өз тарихын зерттегенде діни ,рухани үдерістерді негізге алады.Адамзат баласын өзге жаратылыстан ажыратып , өзінің осы жаратылған барша жаратылыстың қожасы екендігін, бірақ сол үшін осы әлемнің иесі алдында жауапты екендігін сезіндіретін нәрсе – дін.

Діндер өте көп , пішіні мен ерекшеліктеріне қарай ол сан алуан .Осылардың барлығына ортақ ,жалпы анықтама беру логикалық күрделі әрекет.Дегенмен ғылымда дін туралы анықтамалар бар.Дін ( лат.- қасиетті ,құдайшыл,тақуа) – адамның тылсым әлем күшіне, құдайға деген сенімінің кемеліне жеткен түрінде қалыптасқан , оның түсінігінде, қылығында , іс-әрекетінде көрініс табатын дүниетанымы.

Дін туралы әрбір анықтама діннің әртүрлі ерекшеліктерін көрсткен. Сондай-ақ , барлық анықтама діннің адам үшін пайдалы екендігіне тоқтаған. Мысалы , «дін – адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол» , «дін – адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе», «дін – адамды шындыққа жеткізетін жарық» ,т.с.с. жалғастыра беруге болады.

Ислам ғалымдары діннің анықтамасын Құран мәтініне сүйене отырып жасаған: «Дін дегеніміз – ақылды адамдарды өз қалаулары бойынша тек ізгілікке бастайтын құдайлық заңнама».Дін - адамдарды тек игілікке , жақсылыққа бағыттайтын заңнама ретіндегі іс-әрекеттер жиынтығы, әрі Тәңірдің аяны арқылы қол жеткізетін ақиқат делінеді.Бұл анықтамалардағы ортақ желі- діннің құдайлық негізден келген жүйе екендігі. Яғни , шынайы дін адамдар тарапынан құрылмайтындығы. Осы жерде түсінікті болу үшін діндер классификациясына тоқталып өтейін.

Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын классификациялар:

I.Табыну обьектісіне қатысты бөлу:

1.Бір құдайлық ( монотеизм) – бір ғана жаратушыға сенетін.Ислам, Иахуди .Христиан және т.б.

2.Екі құдайлық ( дуализм) – екі құдайға сенетін.Иран діндері.

3.Көп құдайшылдық ( политеизм ) – көп құдайға cыйыну немесе пұтқа табыну.Үнді

діндері ,Қытай діндері және т.б.

II. Әлемге таралуына байланысты бөлу:

1.Діни сенімнің көне нысандары - Тотем, фетиш , анимизм ,магия ,шамандық, және көне діни табынушылық ғұрыптары.

2.Ұлттық діндер – бір ғана халық немесе мемлекетпен шектелген ,сол халықтың ұлттық дәстүріне негізделген , тек бір ұлттың мүддесін көздейтін діндер. Үнді діндері , даосизм,синтоизм еж. өркениет діндері және т.б.

3.Әлемдік діндер — әлемнің барлық жеріне тараған ,адамдарды нәсіліне, ұлтына, тегіне және әлеуметтік жағдайына қарап бөлмейтін діндер.Буддизм, Христиан, Ислам діндері.

4.Дәстүрлі емес діни қозғалыстар (діндер) – соңғы кездерде пайда болған , шығу тегінен ұлттық немесе әлемдік діндерден бөлініп шыққан , бірақ қазір қайнарынан байланысын үзген ,өзіндік ерекшелік пен әмбебаптыққа ұмтылатын жаңадан шығып жатқан діни сенімдер.Олар әлеуметтік тұрғыда діни секта деп аталады.

Діндерді исламдық тұрғыдан бөлу.Ислам ғалымдары Құранды негізге ала отырып діндерді екіге бөліп қарастырады:

I. Илахи (құдайлық ) діндер – Алладан пайғамбар арқылы адамзатқа уахи жолмен келген. Ислам ,христиан және иудаизм діндері осы топқа жатады, олар діндерін Құдайдың сөзі деп қабылдайды.

II. Батыл діндер – адамдар шығарған діндер, яғни уахи жолмен пайғамбарлар арқылы Алладан келмеген діндер. Жоғарыдағы үш діннен басқасы осы топқа кіреді. Бұл діндердің барлығын жеке адамдар құрған және халықтың дәстүріне негізделіп пайда болған.

II.1. Сонымен дін – адам жанының азығы, Жаратушыға деген сенім дедік.Дін адамның ауыр қылмыстар мен күнәлі істерге бармауына ықпал етеді.Өйткені дүниежүзіндегі діндердің қайсыбірін алып қарасақ ,оның бәрі жеке адамға ,қоғамға зиян тигізетін жолдарға баруға тиым салады.

Дін кейде үрей, қорқыныш, қайғы, үмітсіздік сияқты адамды торығуға әкелетін қиыншылықтарды жеңуге көмек береді.Адам осындай қиын жағдайларда өз сенімі, үміті , жалбарынуы, тәубеге келу арқылы көңілін орнына түсіреді, рухани дүниесінде тыныштық табады.

Сонымен бірге дін қоғамның тәртіпті , бақытты болуына үлкен әсер етеді.Өйткені дінге шын сенген адам жаманшылыққа бармайды, соның себебінен қоғамда да қылмыстар мен күнәлі істер азаяды. Ал қылмыс , күнә көбейген қоғамның ұзақ өмір сүруі неғайбіл. Себебі ол қоғамда діннің әлсіреуі адамдардың азғындануына ,бір-біріне деген мейірімділігінің азаюына , әділдіктің жоғалуына әкеледі.Адамгершілік пен әділдік жоғалған қоғамда тәртіп те бұзылады. Тәртіпсіз қоғамды жөнге келтіру өте қиын. Тәртіп адамның жүріс – тұрысын ,іс- әрекетін реттесе, дін адамның ішкі жан дүниесін реттейді, осылайша қоғамда тепе- теңдік орнайды.Дін барлық салада , адамға қатысты ,оның түпкілікті пайдасын көздейді.Мінез – құлқын жақсартып ,қабілеттерін жетілдіреді.Сондықтан дінсіз адамзат тарихын елестету қиын.

Дін отбасындағы кейбір жағыдайларды ,мемлекетті және қоғам құрылымын берік рухани негіздермен қамтамасыз етеді. Дін адамға адамдықты ,рухани құндылықтар жүйесін көрсетеді. Тұрмыста адал күнелтуді, әлемді түсінуді және ондағы нығметтерді пайдалануды қамтамасыз етеді. Олай болса , дін – жеке адам мен қоғамның игілігіне қажетті құбылыстардың бірі.

II.2. Жоғарыда айтыған діннің адам мен қоғамға келтіретін пайдасын сезініп ,білгеннен кейін , қоғамдағы қазіргідей шиеленіскен жағыдайды шешу үшін қасиетті дінімізге мойын бұра бастағанымыз бәрімізге аян. Кеңес үкіметі тұсында атеистік сеніммен тәрбие алған аға буын өкілдерінің де ,олардың ұрпақтары біздердің де дін туралысауатымыздың ең төменгі деңгейде екендігін де жасыра алмаймыз. Бұл туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында » атты кітабында : «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек , онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ . Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді.Жалғыз- ақ , бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны «. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін, бүгінгі жасөспірім , ертеңгі азамат еліміздің тарихы мен мәдениетін және діни мәдениет негіздерін танып, білсін деген мақсатта «Дінтану » курсы мектеп бағдарламасына енгізіліп отыр.

Оқушыларды күнделікті өмірде сан түрлі сұрақтар мазалауы мүмкін.Мысалы, дін деген не,неге әртүрлі аталады, бір – бірінен айырмашылығы мен ұқсастығы неде , дін таратушылар дегеніміз кімдер, олардың мақсаты т.с.с. құқықтық мәселелер төңірегіндегі сұрақтар болуы мүмкін.

Бұл жайында орыстың атақты жазушысы Л.Н.Толстой «Тәубе» деп аталатын кітабында : «Мені елуімде жынды қылған сұрақ тым қарапайым. Оны он үш жасымда да ойлағанмын ,- бар болғаны бұл тірлігімнің мағынасы қандай , ертең жаным қайда кетеді? – деген сұрақтар еді.»- деп ағынан жарылады.Ал қазақтың ойшылы Шәкәрім «… Келдім қайдан , қайтсем пайдам, өлгеннен соң не болам?» — деп толғанады.Демек,әрбір адамды мазалайтын және жауабын табуға итермелейтін , өмір тіршілігіне бағыт – бағдар беретін бірнеше негізгі сұрақтар болады. Дінтану курсы міне осындай сұрақтарға жауап беру мақсатында енгізіліп отыр.

Бүгінгі Қазақстан халқы рухани бірлік пен келісім аясында өмір сүру салтын қалыптастыру жолында екендігі баршаға мәлім. Бұл жолда мақсатқа жету үшін өркениеттілігіміз бен азаматтық қоғам ретіндегі мәдени дамуымыздың жоғары деңгейі болып табылатын толеранттылық қасиетімізді сақтай білуіміз керек.

Қоғамның толеранттылығы өздігінен пайда болмайды. Ол — тәрбие арқылы қалыптасатын қоғамдық мінез.Ал мінездің негізі дінде. Дін білім арқылы келеді.ҚР-сы түрлі конфессиялардың мекені.Қоғамымздағы бүгінгі басты мәселелерінің бірі – еліміздегі түрлі діндерді ұстанушылыр арасында экстремистік көзқарастардың орын алуына жол бермеу.Бұл азаматтардың рухани білім алуы арқылы ғана жүзеге асуы мүмкін.Азаматтардың рухани білім алуын діндері де, мемлекет те, қоғам да қолдаған.

«Дінтану негіздері» пәнін оқыту азаматтарға діни құндылықтардың маңыздылығын үйретіп қана қоймай,оларға құрметпен қарауға ,қоғамымыздың мәдени әрі әлеуметтік көріністеріне сана сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. «Дінтану негіздері » пәнін оқыған азамат діни идеялар мұхитындағы өз жолын табу ісінде алған білімін ерекше «компас » ретінде пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

2006 жылы әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде Қазақстан имамдарының Ислам дінін оқытуға қатысты төмендегідей ұсыныстары анықталған болатын : мемлекеттік келісімімен орта мектептер мен жоо аз мөлшерде «Дінтану» пәнін енгізу ,мемлекеттің дәстүрлі емес діндер мен секталарды бақылауға алып , олардың қызметін шектеу , мемлекеттік іс- шараларға діни қызметкерлердің шақырылып отыруын қамтамасыз ету, Исламды тереңдетіп оқытатын білім беру және ағартушылық мекемелер санын арттыру , радио және теледидар мүмкіндіктерін ауқымды түрде пайдалану ,дінмен тікелей айналысатын мемлекеттік қызметкерлердің діни сауаттылығын арттырып,Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасымен тығыз байланыста болуын қамтамасыз ету.

Бұл ұсыныстарды әрбір мұссылман азаматтың қолдайтыныдығы хақ. Дегенмен ,Қазақ елінің толеранттылығы тұрғысынан қарайтын болсақ ,тура осындай ұсыныстардың басқа да дінді ұстанушылар тарапынан жасалуы мүмкін екендігін ойдан шығармауымыз жөн. Азаматтарының рухани дамуын қамтамасыз етуге мүдделі зайырлы мемлекеттігіміздің басқа да дәстүрлі діндерді Ислам дінімен терезесі тең түрде қарастырылуы ел Конституциясының 14 — бабына сай келді. Сондықтан «Дінтану» пәнінің бағдарламасы мен басқа да іс – шараларды жүзеге асыру жоспарлары Қазақстан азаматтарының мүддесі мен діни сенім бостандығы тұрғысынан ел Конституциясының 19-бабында нұсқан келтірместен түзілуі керек. Мұндай тұжырым жасауға 2007 жылы Ақтөбе , Ақмола , Батыс Қазақстан ,Қызылорда ,Солтүстік Қазақстан обылысы мен Астана қаласының 18 -30 жас аралығындағы Қазақстан жастары арасындағы жүргізілген әлеуметтік сауалнама көрсеткіштері негіз болған.Ол сауалнама бойынша : «Сіздің өміріңізде дін қандай рөлге ие?» деген сұраққа жастардың 37,4%-ы «өте маңызды» , 32%-ы «өте маңызды емес» ,10,8%-ы «рөлі жоқ» ,19,9 %-ы « жауап бере алмаймын»деп жауап берген. «Дінді қай тұрғыдан қарастырған дұрыс?» деген сұраққа респонденттердің 18,6%-ы «адамгершілік , мораль тұрғысынан», 19,6 %-ы «философиялық ,дүниетаным тұрғысынан»,5,8%-ы «ерекше психологиялық тұрғыдан»,56,1%-ы «жауап бере алмаймын» деген. «Дін туралы мәліметті қайдан аласыз?» деген сұраққа 7,7%-ы теледидардан ғана ,25,7%-ы интернеттен, 24,2%-ы БАҚ-тың барлық түрінен 17,8%-ы отбасынан, 24,7%-ы жауап бере алмаймын деген. «Еліміздің оқу орындарының бағдарламасында дінтану пәнін енгізу қажет пе?» деген сұраққа 57,6%-ы «қажет», 0,5%-ы «қажет емес»,31%-ы «факультатив ретінде қажет»,11%-ы «жауап бере алмаймын» деп жауап берген. «Дінтану пәнінен кім оқытуы тиіс ?» деген сауалға 76,5%-ы «оқытушы»,9,2%-ы «дін қызметкерлері»,14,3%-ы «жауап бере алмаймын» деп жауап берген.

Сондықтан , діни білім беру мәселесін қарастырған кезде қоғамның талаптары мен ұстанымдарын есепке ала отырып, аса байыптылықпен шешім қабылдаған дұрыс. Себебі, діни білім беру саламыздың біржақты дамуының салдарынан заңсыз жолдар арқылы діни білім беруге тырысушылардың әрекетіне жол ашуы мүмкін. Бұл сөзіме дәлел болуы үшін обылыстық Ақтөбе газетінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы санында жарық көрген біздің жерлесіміз

Жұмабай «Әбішевтің «Өлі разы болмай,тірі байымайды.» деген тақырыптағы мақаласын ұсынғым келеді.Мақалада базарларда сатылып жатқан діни бағыттағы басылымдар мен DVD дисклердің таза дінге қайшы екендігін айтады. Діннен хабары барлар бұндайдан бас тартар,ал хабары жоқтар мұны дұрыс екен деп қабылдайды емес пе.

Сондықтан, біздер оқушыларға дін туралы алғашқы мағылұматты дұрыс жеткізе білуіміз керек. Сондай-ақ, көшелерде біздің оқушыларымызды әртүрлі айламен еліктіріп өздерін тыңдатуға тырысып жүргендерден де қорғануға діни білімдері көмектесері анық. Міне, «Дінтану негіздері» курсының қажеттілігі мен маңызы осында.және біздің

мойнымызға артқан жүгіміздің ауырлығын ,жауапкершіліктің мол екендігін сезіндік деп ойлаймын.

Енді осы «Дінтану негіздері» курсын қалай оқыту қажеттігіне тоқталып өтейін: Әдістемелік қағида:

зорлық көрсетпе

дайын рецептерді таңба

қарсыластардың пікірін сыйла

мүмкін болса оқушыларға түрлі мәләметтерді дайындап бер

Бұл әдістемелік қағиданы қортынды негізінде төменде көрсетілгендей сипаттауға болады:

1. Сабақ барысында оқушыларға тұлға ретінде сыпайылық ,құрмет таныту,зиялылық көрсету.

2. Жеке жанұяның,тәрбие алған ортасының ерекшеліктерін ескеріп, оқушылармен жеке жұмысты жүзеге асыру.

3. Оқыту процесі кезінде ақпараттармен алмасу, өзара үйрену.

4. Оқу материалын меңгерту кезінде тілектестік, қалыпты сөйлеу және біржақты баға беруге жол бермеу.

5. Әрбір ұғым немесе термин қанша күрделі болса да міндетті түрде түсіндірілуі тиіс.

6. Мұғалімнің дәрісі , әңгімесі барынша қызықты болуы керек.Даулы мәселелерден қорқуға жол бермеу.

7. Курс бойынша сабақтарда көркем әдебиет,жырлар, бейнелеу өнерінің табыстарын,музыкалық көркем шығармаларды, видео мәліметтер ,дыбыстық жазбалар ,слайдтарды тиімді пайдалану керек.

Қандай әдістерді көбірек қолдану керек ?

Мұғалімнің дәрісі. (Әдістерді өзгерту керек)

Пікірталас

Оқушыларда жұмыс дәптері болуы керек.( кесте сызу,конспект жазу)

Ауызша жұмыс 95% — ды құрауы керек.

II.3. Жоғарыда біз діндердің дәстүрлі ,ұлттық , әлемдік ,илахи және XVII- XX ғ.ғ. Батыс әлемінде пайда болған дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар деп бөлінетіндігін айтқан болатынбыз.

Дәстүрлі емес діни ағымдар Батыстан бастау алған және бұл үдеріс қазіргі уақытта да жалғасын табуда.Бүгінде шамамен әлемде 150-200 млн. адам өздерін діни секталардың мүшесіміз деп санайды.

Осы «жаңа діни » қозғалыстардың пайда болу шарттары да күрделі.Олардың пайда болуының себептеріне ғалымдар батыс қоғамындағы саяси — әлеуметтік немесе дүниетанымдық үрдістер мен қатар ғаламдық деңгейдегі экономикалық, демографиялық, әлеуметтік проблемалардың зардаптары және күнде өзгеріп жатқан әлемдегі құбылыстарға кейбір дәстүрлі діндердің дер кезінде жауап бере алмай діннің догмаға шырмалуы секілді факторлардың әсері деген тұжырым жасауда.

Дәстүрлі емес діндерді басқаша секта деп те атап жүрміз.«Секта» ұғымы туралы айтар

болсам мен Роберт Джей Лифтонның бұл туралы мына бір сөзін келтіргім келеді:

«Тоталитарлық секта — ең алдымен әлеуметтік және мәдени проблема, ал содан кейін ғана психиатриялық және заңды…Адамдар бұл туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым алдануы қиын болады.»

Қазіргі кезде секта – бұл өзіңді үнемі қайшылықта ұстау деген сөз. Дәстүрлі діндер бойынша секта – адамның ақылын адамдық және сектанттық тұрғыда жаулап алу. Бүгінде секталар алдау-арбау жолымен өздеріне мақсат қойып алған – жұмыс жасауға деген құлшыныстан алдымен адамдардың жан-дүниесіне, бірте-бірте барлық ұлтқа қожалық етуге ұмтылу. «Секта» сөзі латынның «sekta» сөзінен шыққан, алғашқыда ол екі мағынада қолданылды: а) бір заттың бөлігі б) сана образы, оқу. «Sekta» сөзінің шығуына байланысты латын тілінде «secare» — кесіп тастау (бүтіннің бөлігі) және «sequi» — ізіне түсу (қандайда болсын оқудың артынан ілесу). Зерттеу жұмыстарында және басылымдарда көбіне «тоталитарлық секта» деген ұғым қолданылады.

Деструктивті діни ұйымдар (миссия, шіркеу, діни бірлестіктер, одан әрі -ДДҰ) – бұл сананы әртүрлі әдістер арқылы бақылай отырып, тұлғаның физикалық және психикалық жағдайының бұзылуына әкеп соғатын, сондай-ақ, отбасының, қоғам мен мемлекеттің жойылуына ықпал жасайтын тоталитарлық ұйым.

ДДҰ жеке тұлға деңгейіне де аса қауіпті, яғни секта тұлғаның психикасын іштен улап, өздеріне тәуелді етіп алады.

ДДҰ отбасына да қауіпті, осының салдарынан отбасылардың ойрандауы жиі кездесетін құбылыс.

ДДҰ мемлекеттік деңгейде де қауіпті, өйткені секта өзінен-өзі бір мемлекет ішінде тағы да өз заңымен өмір сүретін және өте әлсіз, бірақ, өмір сүріп тұрған жүйеге дұшпандық көзқарастағы мемлекетін құра алады. ——-

Сектаның деструктивті қызметі сондай-ақ қоғамға да ықпалы зор. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің көптеген уағызшылары үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асырып келеді. 1991 жылы елімізде небәрі 671 діни бірлестік болса, қазір олардың саны 4 551-ге жетіп, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды құрап отыр. Сондықтан жаңа заңнамада көте­рі­луге тиіс ең басты мәселелер­дің бірі діни бірлестіктердің жай-күйі болатын.Бүгінгі күні Қазақстанда 46 діни конфессия тіркеуден өткен екен. Бұл дәстүрлі дініміз исламнан тыс 45 конфессия тағы бар деген сөз. Еліміз зайырлы, құқықтық және демократиялық мемлекет. Бізде діни сенім және ар-ождан бостандығы бар. Заңдарымызда белгілі тәртіппен елге келген миссионерлердің діни үгіт-насихат жасауына рұқсат етілген. Азаматтар заңда көрсетілген ережелерді сақтай отырып, діни бірлестіктер құра алады, ғибадатханалар аша алады.

Әрине, жоғарыда келтірілген құқықтар мен бостандықтар әр демократиялық, зайырлы елде болуға тиісті шарттар. Дегенмен, еліміздің демографиялық, гео-саяси және гео-экономикалық жағдайын есепке алғанда, осыншама көп конфессияның ұлттық тұтастығымызға, еліміздің бүтіндігіне, ұлтымыздың болашағына нұқсан тигізуі ықтимал ма, деген заңды сұрақ мазалайды. Діндер тарихын зерттеген мамандар діни сезімдердің адамдарды біріктіруде қандастық, жерлестік, руластық, нәсілдестік қатарлы факторлардың бәрінен де күшті болғанын дәлелдеген. Демек, қоғамның алуан дінге бөлінуі ұлтты ұйымдастыратын байланыстарды әлсіздендіретін және әлеуметтік бейбітшілікті бұзатын қауіпті фактор 2009 жылғы халық санағы бойынша, Қазақ­стан халқының 70,2%-ы мұсылмандар, 26,3-і хрис­тиандар, 0,1%-ы буддистер, 2,8%-і ешқандай дінге сенбейтіндер, 0,5%-ы жауап беруден бас тарт­қан. Әдетте түркі тілдес халықтарды мұсыл­ман дініне ойланбай жатқызады. Бірақ халық са­нағы көрсеткендей, қазақтардың 0,4%-ы (39 172) адам христиан дініне, 1 923-і – иудаизмге, 749-ы – буддизмге, 1 612 адам басқа діндерге өткен. 98 511 қа­зақ ешқандай дінде жоқ. 26 085 адам жауап бермеген. Сонымен бірге, өзбектердің де 0,4%-ы, ұй­ғырлардың – 0,5%-ы, татарлардың – 10,2%-ы, тү­ріктердің – 0,3%-ы, әзербайжандардың – 2,5%-ы, қырғыздардың – 0,9%-ы христиандар екен. Сондай-ақ орыстардың – 1,4%-ы, украиндардың – 0,9%-ы, немістердің – 1,6%-ы, корейлердің – 5,2%-ы, бе­лорустардың – 0,8%-ы, поляктардың – 0,7%-ы, басқа ұсақ этностық топтардың 34,7%-ы исламды қа­былдаған. Қазақстандықтардың дін таң­дау­ын­да, сөз жоқ, аралас некенің де ықпалы бар. Тағы бір назар аударалық мәселе: украиндардың – 7,3%-ы, немістердің – 14%-ы, корейлердің – 28,5%-ы, белорустардың 7,8%-ы ешқандай дінде жоқ.



Дәстүрлі діндер – мемлекет және қоғам тарапынан ресми танылған, нақты қоғамда әлеуметтік-мәдени үстемдікке ие, сондай-ақ тарихи және этномәдени негізі бар. Қазақстандағы дәстүрлі емес діни ағымдардың басты мақсаты – қазақтарды, басқа да ұлттарды протестант дінін ұстанушыларға айналдыру. Бүгінде «қазақстандықтардың бір пайызы – протестант дінін ұстанушылар» деген дерек бар. Басқа да діни ағымдар белсенді миссионерлік қызмет атқарып жатыр. Протестанттар Алматы, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында кеңінен тараған. Сондықтан еліміз шетел миссионерлерінің белсенді әрекетінің алаңына айналған. Бүгінде Қазақстанда 25 елден 367 миссионерлер жұмыс жасайды: олар – АҚШ, Израиль, Словакия, Польша, ФРГ, Оңтүстік Корея, Украина, Италия, Ресей Федерациясынан, тағы да басқа елдерденкелгендер. Миссионерлер, негізінен, ірі қалаларда, облыс орта­лықтарында шоғырланған. Протес­тант қауымдастықтарының санына байланысты миссионерлердің де саны өсуде. Мысалы, Ақмола облысында 317 қауымдастыққа 34 миссионер, Ақтөбе облысында 114-ке – 13, Қарағанды облысында 419-ға – 52, Қостанайда 188-ге – 21, Павлодар облысында 172-ге – 125, Солтүстік Қазақстан облысында 223-ке – 38. Соңғы жылдары қаптаған миссионерлер заңға қайшы әрекеттерге жиі баратын болды. 2009 жылы 80 заң бұзушылыққа жол берілді. «Евангелистік христиан Баптистер, «Табиғи жамағат», басқа да бірлестіктер жергілікті атқарушы органдарда миссионерлік қызметін тіркеусіз жүргізуге тырысады. . Бүгінде Қазақстан діни экcперимент алаңына айналып отыр. Басқаша айтқанда Қазақстан діни экспанcия алаңына айналған. Сол экспериментті қарқынды, жүйелі және ұйымдасқан түрде жүргізіп отырған — христиан миссионерлері. Олардың басым көпшілігі АҚШ-тан арнайы жолдамамен жіберілген — шоқындырушы-үгітшілер армиясы. Христиан діні дүние жүзінде ең көп тармаққа бөлінген дін десек қателеспейміз. Онда католик, протестант, православие атты үш негізгі бағыт бар. Бұлардың ішінде, әсіресе протестанттар көптеген тариқаттар мен секталарға бөлінген. Осындай шіркеулердің 20-дан астамы Қазақстанда миссионерлік әрекет жасауда. АҚШ-тағы миссионер ұйымдары Қазақстанға арнайы дайындықтан өткен, әбден ақпараттандырылған, мәліметтендірілген миссионерлерді ғана жібереді. Олар бір жарым, екі жыл қазақтың тарихын, мәдениетін сенімін зерттеп, кейбірі қазақ тілімен қоса, орыс тілін де меңгеріп келеді. Әбден дайындалып, үгіт-насихат әдістемесі, тілі шыққан осындай дінтаратушылардың алдына қазақтарды христиандыққа кіргізу деген үлкен мақсат қойылған. Олар психологиялық дайындықтан өтіп, мейлінше қоюына келтірілген адамдар. Іждиhаттылықпен барлық мақсаты, ойы қазақ халқын христиандыққа кіргізу. Қатардағы шіркеу қызметкері, қатардағы миссионер ұйымының мүшелері бұл жаққа жіберілмейді. Сондықтан, оларға өз саласының маманы және үгіт-насихат жасау ісінің шебері ретінде қарауымыз керек. Кейбірі адам психологиясын тыңшыларға, барлаушыларға тән дәрежеде зерттеген және экономикадан, саясаттан, құқықтан хабары бар адамдар. Сондықтан, бұларды кездейсоқ келген диуана, дәруіш сияқты көру — қателік. Түпкі мақсат нысанадағы адамды иландырып христиандыққа кіргізу. Христиандықты тарататын шіркеулер АҚШ-тағы өте бай ұйымдардың қатарына жатады. Олардың меншігінде үлкен территориялар, өндіріс орындары, бақылауында бизнес салалары, оқу орындары, кітапханалар, жатақханалар, кәсіпорындар, бұқаралық ақпарат құралдары, баспаханалар бар. Америкалық миссионерлерді Конгрес пен Сенат мүшелері, мемлекет құрылымдарында қызметте отырған зиялылар, арнайы барлау ұйымдарының қызметкерлері, стратегиялық жоспар жасайтын мекемелерге қатысы бар адамдар, әскерилер, дипломаттар қолдайды. Жиhандастырудың жылы лебін артқа алып, әртүрлі сипатта келіп жатқан дінтаратушылар халықтың осал тұсын аңдиды. Христиан миссионерлігі 1000 жылдан астам уақыт тәжірибе жинақтағандықтан дін тарату тәсілдері де қатты дамыған. Әсіресе, заманауи технологиялық жабдықтарды өте тиімді пайдаланады. Олар христиандық таратылатын елдегі ішкі, сыртқы саяси, экономикалық, демографиялық, мәдени және экономикалық ахуалды өз мүдделері үшін өте тиімді пайдалана біледі. Мысалы, ол елде жұмыссыздық көп пе, осы мәселеге үгіт-насихаттың бір саласына арнайды. Студенттер көп пе? Студенттер проблемасын шешу үшін қызмет етеді. Олар нені қажет етеді. Студентке материалдық көмек қажет пе, сырлас достар керек пе, оқу құралы жетпей ме, интернет қажет пе, осы секілді барлық проблемаларын шешіп береді.Шәкіртақы тағайындап, онымен қоса, жұмыспен қамтамасыз етеді. Шәкіртақыны шәкіртақы деп емес, ағылшын тілі мен компьютер үйретеміз деп, грант ұтып алдың деп, алдап беретін кездері де болады. Оны студент байқамайды. Бұл батпан құйрықтың соңы сенбі-жексенбі күндері өтетін «құдайы дастархандарға», семинарларға, отырыстарға, кеңес сұхбаттарға, қыдыруларға ұласады. Біздің адамдар оған қалай барғанын байқамай қалатын жағдайлар да аз емес. Осындай іс-әрекеттер арқылы олар үлкен ортаға ие болады. Шоқынған қазақтардың ішінде білімді, сауатты адамдар да бар. Оларды әртүрлі категорияларға бөлуге болады. Жастар, оқып жатқандар, бітіргендер, халықаралық фирмаларда істейтіндер, зиялылар, мемлекет қызметкерлері мен шенеуніктер. Олардың көпшілігі шоқынғанын әзірше жасырады. Олар рухани ашырқап жүргендер. Кереметтей білім алған, жұмыс істейді, табысы өзіне жетіп, экономикалық проблемаларын шешіп, енді рухани ізденіске түсе бастағандар десе де болғандай. «Мен қандай дінді ұстануым керек, қай жол мені бақытты етеді?» деген сауалды саналы түрде өздеріне сұрайтын осындай жандармен де шұғылданатын миссионерлер бар. Олар дәл сондай адамдарды іздеп тауып, дәл сол адамдарға лайықтандырып әзірленген методикамен үгіт-насихат жасайды. Ал, осындай азаматтарымыздың басым көпшілігі исламның не екенін тереңдеп білмейді, қазақша сөйлей алмайтындар да аз емес. Сондықтан, рухани иммунитеті әлсіз азаматтарымызды өз қатарына тартып, олардың миларын әбден жуып, өзге діннің сана-сезімін құяды. Осындай азаматтарымыз басқа дінге енген соң мүлде өзгеріп, мүлде басқаша менталитеттегі адамдарға айналады. Ал, Миссионер деген кім? Миссионер сіздің жүрегіңіздегі мұсылманшылық сезімді, исламға деген иманды жойып, оның орнына өзінің жолына деген сенімді қоятын адам деген сөз Қазіргі Қазақстанда дәстүрлі емес діндер мыналар болып табылады: «Саентология» (Дианетика) шіркеуі, Иегова куәгерлері, Бахаи, Кришна санасы қоғамы, Бірлестік (Мун шіркеуі) шіркеуі, Соңғы Өсиет шіркеуі (Виссариона ізбасарлары), Бахаи ілімі, «Ахмад жамағат», «Мормоны» («Иисус Христ әулиенің соңғы күні шіркеуі»), «Сахаджа йога»..

Соңғы жылдары Қазақстанда да «Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» құрылды. Оның деректері бойынша, Қазақстанда мыңнан астам «деструктивтік», былайша айтқанда, елге іріткі салатын секталар бар. Осы секталардан жапа шеккендерге Ассоциацияға біріккен 18 орталықтан көмек көрсетіледі («Дін және құқық», Алматы, 2010, 42-бет). Секта әрекетіне тап болған адамдар отбасының қайғысына айналып, олар көмекке мұқтаж болып отыр. Ақтөбе қаласында деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсететін «Жарық» атты «Ақпараттық-консультативтік орталық» жұмыс жасауда. 2010-2011 жылдары елуден астам азамат әртүрлі, психологиялық, заң тұрғысынан өз сұраулары бойынша көмек алған. Олар, негізінен, «Иегова Куәгерлері», «Жаңа өмір», «Береке», «Благодать» сияқты жаңа христиандық ағымдар, басқа да әртүрлі бағыттағы дәстүрлі емес жаңа діни ағымдары өкілдерінен зиян көргендер. Дүние-мүлкінен айырылған, денсаулықтарына зиян келген, өмірлеріне қауіп төнген, балаларын сектаға тарту сияқты жапа шеккендер жәрдем күтеді. Еліміздегі діни ахуалдың күрделе­нуінің себебін тек тоталитарлық сек­талардың шабуылынан көру біржақты түсінік болар. Ашығын айтсақ, жаңа діни ағымдардың біздің елімізде тарауының себебі, бір жағынан, діни, заң тұрғысынан да сауатымыздың тайыздығынан болып отыр.. Ресейдің Дінтану зерттеу орталығы мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірігіп, жаңа діни ағымдардың ілімі мен қызметі туралы ақпарат береді, ағартушылықпен айналысады, әдебиеттер шығарып таратады, дәрістер оқиды. Орталықтың жетекшісі А.Дворкиннің айтуынша, «секталардан шығудың жолы – оған кірмеу, ықпалына ілінбеу». Егер сектанттардан елді алдын ала сақтандырсақ, нақты ақпарат берсек, халық қайта-қайта сектаға шақырудың немен бітетінін ескертсек, адамдар олардың алдамшы сөзіне ермес еді дейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет