Өтуі және белгілері. Құс табиғи жолмен қағынғанда вирустың енген жолына, оның уыттылығына, құстың жасы мен күтіміне байланысты аурудың жасырын кезеңінің ұзақтығы 2-15 күн. Ауру өте жіті, жіті және созылмалы түрде өтеді. Құстың күтімі нашар, ауру жиі шығып тұратын шаруашылықтарда денесіне вирус түскен әлсіз балапандар мен ауруға қарсы егілген сақа құстарда ауру белгілері бірден анық байқалмайды Балапандар вакцина егілгеннен кейінгі иммунитет толық қалыптаса қоймаған алғашқы 24-38 күндік кезінде жиі ауырады. Ауырған балапан селқос тартып, тынысы тарылып, тұмсығын ашып, мойынын созып, әлсіз шиқылдап, құсқа жат үн шығарады. Алғашқы 4-5 күн ішінде өлім-жітім көп болады, ал 8- 10 күнге аяқ басқанда ауру тоқгалады немесе барынша саябырлайды. Ньюкасл ауруы өзге вирустардың қабаттасуы салдарынан асқынып кетсе, балапандар арасында өлім-жітім көбеюі мүмкін. Жүйке жүйесінің зақымданғанын көрсететін ауру белгілері (мазасызданып басын кекжитуі, мойынын ирелеңдету, басын біресе арқасына, біресе бауырына алып жүруі) індеттке ұщырағаннан кейін 4-8 күн өткенде байқалады. Кей жағдайда балапандар арасындағы ауру белгілері тек тыныс мүшелерінің зақымдануына байланысты да бола береді. Мұндайда балапан шығыны онша көп болмайды. Сақа тауықтардың ауруы кештеу (2-3 аптадан кейін) байқалып, жұмыртқалауы кеміп кетеді. Ауру құстар самарқау тартып, ұйқышыл келеді, жемге қарамайды. Жоғарыда қарастырылған кәдімгідей түрімен қатар аурудың кәдімгідей емес түрлері ұшырасады. Әсіресе, бұл балапандарда жиірек кездеседі. Мұндай жағдайда олардың мойывдары бұратылып, аяқтары тартылады, мойындары дірілдейді. Жүйке жүйесінің зақымдануы көбінесе күрке тауық балапандарында айқын аңғарылады. Сақа құстарда ауру жеңіл өтеді, кейде ауырғаны мүлде білінбей қалуы да мүмкін. Ол негізінен тауық ағзасына енген вирустың уыттылығының әлсіз болуынан, иммунитеттік қорғаныс қабілетінің күштілігінен немесе биологиялық дәрі-дәрмектердің әсерінен болады.
2.2 Патологиялық-анатомиялық өзгерістер, балау
Ауру өте жіті өткенде балапандардың өлексесін сойып қарағанда қарынның етті бөлігі мен сөл шығаратын жағы екіге бөлініп, қанталап тұрады. Тоқ ішектің ісініп, соқыр ішектің тармақгалатын түсының үлкейгені, ішектің ішкі қабығының қабынғаны, тік ішектің кілегейлі бездері мен қабығына ұсақ дақ түрінде немесе жолақтанып қан құйылғаны айқын көрінеді. Тыныс мүшелері зақымданған жағдайда балапандардың басы іседі, көмейі, кеңсірігі қызарып, таңдайы сілекейленеді, кеңірдек пен өкпе қабынады. Бүйрек пен соқыр ішектің қабынуы сирек кездеседі. Бұрын ауруға қарсы егілген сақа құстардың өлексесін сойып қарағанда көбінесе іш пердесі мен бауырыньщ қабынғаны көрінеді. Басқа жүйелердің мүшелерінде ісіну немесе қанталау байқалмайды. [2]Балау. Ауру өзіне тән, кәдімгідей өткенде оны анықгау онша қиын емес. Ауырған тауықгарды мұқият қарап, бірнеше өлексені сойып, тексеріп көрсе болғаны. Ал Ньюкасл ауруы туа біткен иммунитеті әлсіз немесе кейіннен пайда болған иммунитет бар тауықтарда және бұрыннан бұл ауру шығып жүрген шаруашылқгарда кездессе, онда оны дәл анықтау біршама қиындықтар тудырады. Енесінен ауысқан иммунитет әлі таусылмаған балапандарда ньюкасл ауруын балау өте күрделі. Ауруды балау негізінен зертханалық зерттеу арқылы ауру қоздырушысын бөліп алу, оның зардаптылығын жэне гемагглютинациялаушы қасиетін анықтау және құстың қанында өзіне тән бейтараптаушы антиденелердің барлығына көз жеткізу арқылы жүргізіледі. Вирусты бөліп алу үшін өлген құстың миы мен өңешінен, кеңірдегі мен көк бауырынан кесіп алып, фосфатты буферлік ерітіндіге (1:10) езеді де, 5 мың ӘБ пенциллин және стрептомицин араластырып, физиологиялық ерітіндіге (1:50) қосады да, әрбір сау құсқа 0,5 мл мөлшерінде бұлшық етке немесе тері астына жібереді. Содан соң дайындалған езінді тұнбасынан аз ғана алып, 10-12 күндік тауық эмбрионының аллантоис қуысына жібереді. Патматериалда вирус барболса тәжірибедегі сақа тауықгар 3-10 күнде өледі, ал тауық эмбрионында 48-96 сағат ішінде Ньюкасл ауруына тән өзгерістер байқалып, ұрық өлуге тиіс. Осы өлген эмбрионның алантоис қуысынан алынған сұйықта ауру қоздырушысын ГАР, БР, ГАТР реакцияларымен анықтайды. ГАР ды қою үшін вирусы бар материалды 1: 2 ден 1:1024 дейінқатынаста сұйылтады. Олүшінплексигластық планшетке 0,2 см 3 физиологиялықерітінді, сосынбіріншіұяшыққа 0,2 см3 вирустықұяды жәнеекіншіұяшыққа 0,2 см 3 қоспаны құяды қажетті сұйылтуға дейін осыны қайталайды. Соңғы ұяшықтан 0,2 см 3 төғіп тастайды. Әр ұяшыққа 0,2 см 3 1-% эритроциттер суспензиясын қосады. Комнаттық температурада жарты сағатқа қалдырады. Реакция жауабын оң болып есептеледі егер ұяшық түбінде қолшатырға ұқсас тұңба түзілсе. Теріс нәтижеде түйме тәрізді тұнба түзіледі. Вирус идентификациясын жасау үшін ГАТР, ИФТ және ПТР жасайды. Ажыратып балау. Аурудың жұқпалы тұмау, жұқпалы ринотрахеиттен, жұқпалы бронхиттен, пастереллезден, уланудан сондай-ақ организмде витамин жетіспеушілігінен пайда болатын аурулардан ажырату керек. Уланудан ажырату үшін жем сынамаларын алады және сол жемнің уыттылығын биосынама қою арқылы анықтайды. Ал жұқпалы ларинготрахеитте көбінесе көз коньюктивасы, трахеясы зақымдалды бірақ ішек асқазан жолдары зақымдалмайды. Ауырып жазылған және вакцина егілген құстардың бойында осы ауруға қарсы иммунитет пайда болады. Құстың жасына жэне вакцина егудің мерзімі мен Неше рет егілуіне және егу тәсілдеріне қарай құстың қанында антиденелер жинақталады. Құсқа мұндай иммунитет беру үшін Вь Ла-Сота, Бор-74, Н штамдарынан даярланған вакциналар пайдаланылады. Аурудан сау шаруашылықгарда құстардың күйі жақсы болса, алғашқы рет вакцина олардың 15-20 күндік жасында, екінші рет - 45-60, үшінші рет - 140-150 күндік жастарында, ал одан әрі әрбір 6 ай сайын жаппай егіліп отырады. Құстарға вакцина егуден 5 күн бұрын және егілгеннен кейін 7 күн аралығында сульфаниламинді және биологиялық дәрмектерді қолданыстан алып тастайды. Вакцина егілген құстарда иммунитет 7-8 күн өткенде пайда болады да 6 ай бойы сақталады.[3]