Алкогольдің жоғары дозасы қабылданған (2 кг/кг) кезде, цитозолдағы этанол мен ацетальдегидтің тотығу жылдамдығы әртүрлі болғандықтан ацетальдегидтің концентрациясы кенет жоғарлайды. Ацетальдегид өте жоғары реакция,а қабілетті зат. Ол ферментсіз жолмен де жасушадағы протеин мен басқа да қосылыстардың HS –, H2N – топтары бойынша ацетилдену реакцияларын жүргізіп олардың қалыпты қызметін бұзады. Ацетилденген (түрленген) протеиндерде көлденең байланыстар түзіліп нативті құрылымы өзгереді, мысалы, жасушааралық матрикс протеині – эластин мен коллаген, хроматин мен липопротеиндердің (бауырда қалыптасатын) кейбір протеиндері. Ядролық, цитоплазмалық ферменттер мен құрылымдық протеиндердің ацетилденуі бауырдың қанға бөлінетін протеиндері синтезінің төмендеуіне әкеледі. Мысалы, альбумин қызметінің бұзылысы (альбумин Nа+ ионын байланыстырып коллоидтық-осмостық қысымды ұстайды, қаннның гидрофобтық заттарын тасымалдауға қатысады) және оған қосарланатын ацетальдегидтің мембрананы зақымдаушы әсерінің нәтижесінде натрий ионы мен судың концентрация градиенті бойынша жасушаға түсуі жоғарлайды, жасуша осмотикалық ісінеді және қызметі бұзылады. Этанол мен ацетальдегид белсенді тотығатын болса НАДН/НАД+ қатынасы жоғарлауына әкеледі, бұл цитозолдағы НАД+ тәуелді ферменттер активтілігін төмендетеді. Нәтижесінде гликолиз бен глюконеогенездің аралық метаболиті глицерол-3-фосфаттың мөлшері жоғарлауына әкеліп бауырда майлар синтезі мүмкіндігін жоғарла