Жер бетін өзгертетін сыртқы күштер
Сыртқы күштер таулар мен қыраттарды үздіксіз бұзып, тасымалданған жыныстар мен ойыстарды толты-рып, тегістейді. Антропоген кезеңінде Қазақстанның биік таулы аймақтары бірнеше рет мұз басуларға ұшырады. Ол мұздар өте қалың және биік таулардың қазіргі жер бедерінің қалыптасуында әсері зор болды. Мұз басудың қалдырған іздері қарлар, астау тәрізді аңғарлар, мореналық төбелер, т.б. биік таулардың кез келген жерлерінде байқалады. Антропоген кезеңінің ортасында климаттың ылғалды болуынан өзендер суы молайып, эрозиялық әрекеті күшейіп жер беті тілімдене бастады. Қазақстанның жер бедерін қалыптастыруда ішкі күштер ішіндегі бастысы — ағын су әрекеті.
Су тасқыны аңғарларды бұзып, бұзылғаннан пайда болған жыныстарды төмен қарай ағызып, ойпаң жерлерге жинайды.
Сондай-ақ Республикада жел әрекеті де едәуір. Жел құмды ұшырып, жыртылған егістіктегі топыраңты суырып, шаңды дауыл көтереді.
Күн энергиясының әсерінен магмалық жыныстар бүлінеді де оның сынықтары төмен түсіп өзендерге, көлдерге, теңіздерге шығарылып, шөгінді жыныстар мен минералдар түзеді. Құрлықты жаңбырдың, өзендердің, теңіздердің сулары шайып өтіп отырады.Олардың әрекетінен кішкене жыра үлкен жыраға айналады. Жыра әдетте, қыраттардың өсімдігінен айырылған жалаң беткейлерін су жырғанда пайда болады. Ол шаруашылыққа үлкен зиян келтіреді; тарамданып өсе берсе егістіктің, бау-бақшаның орнын тілімдеп бүлдіреді. Жолды, үйлерді бұзады. Сондықтан жыраның пайда болуына және ұлғаюына күрес жүргізіледі. Оның өсуін тоқтату үшін ұсақ қиыршық тас, көң, қоқыс төсейді, түбіне шым тастап, бұта ағаш отырғызады.
Толқындар теңіз жағалауларын бүлдіреді. Температураның ауытқынан және басқа да күштерден жер бетінде жарықтар пайда болады. Жер бедерін көп бұлдіретін — жер қағу мен өзен эрозиясы. Жер бетін өзгертуде Жер бетін өзгертуде адам әрекеті де айтарлықтай орын алады. Адам өзендерді бөгеп, су қоймаларын жасайды, жер қойнауын кеулеп, түрлі пайдалы қазбалар өндіреді, жер суару үшін каналдар қазады. Осының бәрі жер бетінің табиғи қалпын бұзады.
Жер бетінің бедері
Жер бетінін, бедер пішіндері геоидтан да күрделі. Өйткені оның қалыптасуына геалогиялық процестер зор әсерін тигізеді.
Жер бетінің көпшілік бөлігін (70,8%) су, ал қалған (29,2%) бөлігін ғана құрлық алып жатыр. Дүниежүзілік мұхит сулары негізінен бір-бірімен байланысқан, тек төрт мұхит ғана материктермен бөлінген. Оларға: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттар жатады. Құрлық алты материктен (Евразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Австралия және Антарктида), сонымен бірге мұхиттық аралдардан құралған. Тынық мұхиттын, акваториясы (алаңы) барлық континенттерді қосып есептегендегі олардың жалпы ауданьшан асып түседі.
Материктер Жер бетінде әр түрлі болып орналасқан. Егер Жер шарын материктердің Тынық мұхиттық жағалауы арқылы екіге бөлетін болсақ, онда онын, бір жартысында барлық материктер мен Атлант және Үнді мұхиттары бірге ориаласар еді, ал екінші жарты шарды түгелдей Тынық мұхит альш жатар еді.
Жер бедері тау, жазық, ойпат, таулы үстірт, төбе, қырқа, аңғар, жыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Әрбір аймақтың бедері оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы процестердің біреуінің басым болуына байланысты. Жер бетінің бұдырлылығы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мөлшеріне (масштабына) қарай Жер бедерін планеталық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны) мегапішінді (тау жүйелері, аумақты жазық жерлер, мұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішіндер (төбелер, аңғарлар, сай-жыралар), микропішіндер (шұқанақтар, дала бидайықтары) және нанопішіндер (түбіршіктер, төбешіктер) деп бөледі. Осы заманғы Жер бедері шамамен бұдан 150 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі кезде бүкіл құрлықтардың 55%-і таулы және 45%-і жазық өлкелер. Жер бедерін геоморфология ғылымы зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |