Қазіргі кезде 6 негізгі реабилитационды аспект бар: Психологиялық-психикалық жағдайды емдеу
Медициналық –емдік-диагностикалық сұрақтар
Физикалық: емдік дене шынықтыру, еңбек терапиясы.
Профессионалды жаңа профессия таңдау.
Әлеуметтік: науқас- отбасы» т.б сұрақтарды шешу.
Экономикалық-реабилитация өткізуге кеткен шығынын есепке алу.
Дәрігер — реабилитолог бағыт- бағдар жасауы қажет:
реабилитацияның деңгейі
реабилитацияның фазасы
реабилитацияның варианттары
компенсация, реадаптация
ерте, кеш
курстық, үзіліссіз
Әлеуметтік реабилитация аспекті – реабилитацияның комплексті үрдісі болып табылады.Реабилитацияның басқа аспектілермен байланыстыра қаралады.
Медициналық және кәсіби және техникалық реабилитациямен бірге науқастың әлеуметтік реабилитациясын қамтамасыз етеді.
науқастың қоғаммен қарым – қатынасын қалпына келтіру.Бірінші кезекте еңбек айналасында болады. Нәтижесінде мүгедектікпенбайланысты әлеуметтік шектелу сезімін жеңеді.Өзінің ауруына деген көзқарасын өзгеріп, өз күшіне деген сенімділік пайда болады.
Әлеуметтік аспект науқастың әлеуметтік жағдайларға бейімделуге үйретеді және қоғамда тұлғалық қалпына келуіне кедергі келтіретін себептерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Реабилитацияның әлеуметтік аспектте қаралатын мәселелер:
Аурудың ағымына және дамуына әсер ететін әлеуметтік факторлар;
Реабилитациялық шаралардың және емнің тиімділігі;
Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қамтамасыз ету;
Бос жұмыс орындары мәселесі;
еңбек және зейнетақы құқығы мәселелері;
Науқастың қоғаммен қарым- қатынасы.
Реабилитацияның негізгі объектісі болып – адамның тұлғалық қасиеті жатады.Қоғамда өзін қабылдай алмау қорқынышы негізінде психикалық бұзылыстар алдымен ем барысында, кейін адамның мінезін тұрақты қалыптастырады.
Қарым қатынаста бірінші кезекте реабилитолог - пациент арасындағы қарым-қатынас. Бұл коммуникативті сонымен қатар танымдық функция болып табылады.Қарым-қатынас барысында пациенттің ішкі жан дүниесі ашыла бастайды,ол әңгіме барысында,қылықтарында,мимикасында байқауға болады.Қарым-қатынаста дәрігердің сөзінде пациентті түсінетіндігі байқалуы керек, артық сөз болмау қажет,сонымен қатар дәрігерлік құпияны сақтау қажет.