Жоспары Кіріспе


Киелі мекен бүгінде жаңғыруда



бет3/3
Дата09.12.2023
өлшемі2,3 Mb.
#196162
1   2   3
Байланысты:
семейдің киелі жерлері

Киелі мекен бүгінде жаңғыруда ....
Ырғызбай бабамыз кезінде әулиелілігімен, емшілігімен танымал болса, бүгінде оның кесенесіне барып, аурудан айығып жатқан, сеніммен барып, сауығып қайтқан халық көп. Атамыз өзі айтқан екен. Менің басыма үй тұрғызбаңдар, кейін ұрпақтарым тұрғызады деп. Сол ұрпақтары атамыздың кесенесіннің үлкен кешенге айналуына көп еңбек сіңірді. Дертіне дауа іздеп барған халыққа жағдай жасады. Үлкен қонақ үй, мұражай, асхана, кітапхана мен мешіт те бой көтерді. Баба рухына тәу етушілер мешітке кіріп, дұға етеді, «Дала даналары» кітапханасынан көне, сирек кездесетін кітаптарды оқып, «Аманат» музейіндегі 700-ге жуық жәдігерден нәр ала алады. (фото)




    1. Қоңыр Әулие үңгірі

Шыңғыстаудың батысындағы Қоңыр әулие үңгірі есте жоқ ескі заманнан бері киелі орын саналады. Қоңыр әулие үңгірі жайында көптеген аңыз-әңгімелер бар. Ол Семей өңірі, Абай ауданының Саржал ауылы мен Қарауыл селосының арасында орналасқан. Негізі үңгірдің оң жағында тар қуыс бар, ол үлкен бөлмеге ұласады. Бұдан солтүстік бағытта үңгір төбесі 2 күмбезді болып келеді де, көлге жалғасып аяқталады. Негізгі бөлменің төрінен көлге шығар жолда бөлме бар. Үңгір ауасының температурасы 10 градустан аспайды. Үңгір, оның ішіндегі көлшік суы қасиетті саналып, ғасырлар бойы елдің тәу етіп, құрбан шалатын жеріне айналған. Қазіргі кезде Қоңыр әулиенің басына келушілерге арнап кісі қабылдайтын кешен тұрғызылып, қонақ қабылдау қызметі толық көрсетіледі.
Ел арасындағы аңыз бойынша, Қоңыр әулие үңгірінің пайда болуы былайша түсіндіріледі: «Әлемді топан су басып, Нұқ пайғамбар кемесіне күллі хайуанның тұқымы мінген кезде біразына орын болмай қалады. Құлан, Қыран, Қоңыр әулиелер орын болмаған, соң ағаштан сал жасап, Нұқтың кемесіне тіркеледі. Ағынмен келе жатқан кезде үш әулиенің салы үш жаққа кеткен дейді. Топан су қайтып, тау-тастар көріне бастаған кезде әулиелердің салы үш тауға бөгеліп қалыпты. Қоңыр әулиенің салы ең соңғы болып үңгірге тірелген көрінеді. Қоңыр әулие үңгірінің түп жағында жылап аққан бұлақ көзі бар. Жұрт оны шипалық қасиеті бар деп ем үшін ішеді. Үңгірге түскен, жалбарына барған адам ауруынан айығады, дүниеге ұрпақ әкелуден үміт үзгендер «Қоңыр әулие» үңгірінің қараңғы жерлеріндегі тылсым күштерден тілек тілесе перзентті болады деп сенеді. Үңгір киелі саналып, адамдардың көптеп баратын ғибадат орнына айналған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ата-бабалары соғыс кезіндегі үзілістерде осы жерге келіп жараларын емдеген. Қоңыр әулие жайында 1892 жылы «Витебские губерненские ведомости» газетінің №63 санында мынадай дерек берілген: «Қоңыр әулие – қазақтардың Семей маңындағы әулие үңгірі, онда адам бойындай әйелдің мүсініне тәу етуге көптеген адамдар келіп жатады. Оның айналасында тастан жасалған ұсақ заттар, моншақ және қола мүсіндер шашылып жатады. Әулие маңында құрбандық шалынады, індет болған жағдайда ауырған мал да осы жерге әкелінеді».

Жаз шыға Қоңыр әулие үңгіріне ағылушылардың қатары бір толастамайды. Бірі сонау жердің түбінен Қоңыр әулие үңгіріне жанын қинаған дертіне дауа, еміне шипа іздеп келсе, тағы бірі осынау таңғажайып мекенді өз көзімен көріп, тамашалауға асығады.


Ені 80 метр, биіктігі 1,5 метрдей болатын жіңішке дәліз арқылы үңгірге кіріп, көлдің мұздай суына бір сүңгіген жанның бойы сергіп, санасы серпіліп сала беретін көрінеді. Қаншама жүздеген, тіпті мыңдаған адамдар осынау көлден дертіне дауа, еміне шипа да тауыпты. Әсіресе, аяқ-қолы тартылып, сал болып қалғандар мен көзі ауыратын жандар үшін таптырмайтын ем екен.


Жалпы, Қоңыр әулие үңгірі туралы халық аузында аңыз да, әңгіме де өте көп. Оның ішінде ауыз әдебиетінде сақталған деректердің дені жоңғар шапқыншылығымен байланысты. Қоңыр әулие үңгірі атауы «Қабанбай батыр» мен Шәкер Әбеновтің «Тоқтамыс батыр» дастандарында да кездеседі.
Жалпы, Қоңыр әулие үңгіріне қатысты деректерде, осы үңгір қабырғаларының бірінде Ұлы Абайдың арабша жазылған қолтаңбасы бар екендігі де айтылады. Ендеше Абай бұл үңгірге өзінің орыс достарымен де келуі әбден мүмкін ғой. Бірақ келушілер үңгір ішіне шырақтармен кіргендіктен, ол жазуларды ыс басып, көрінбейтін болған.
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының «Өкініште» атты тарауында да Абайдың Петербордан келген Әбішті сергіп, серпіліп қайтсын деп Қоңыр әулиеге жіберетіні баяндалады. Сонда үңгірдің маңындағы қорымдарға таңдана қараған Әбішке Абайдың інісі Көкбайдың бір хикаяны баяндап беретіні бар.
Көнекөз қариялар бұрын осы үңгірде шалқалай жатқан әйелдің тастан қашалған мүсіндері мен 15 шақты балбал тастардың, кіреберісте «лотос» тұрпатында тұғырда отырған адамның тас мүсіні болғанын да айтады. Бірақ уақыт өте келе ол мүсіндер қолды болғанға ұқсайды. Немесе ол мүсіндердің осы маңда қырық жыл бойы болған ядролық сынақтың нәтижесінде үңгірдің төбесінен опырылып жерге құлаған алып тастардың астында қалып қоюы да ғажап емес. Бір ғажабы, оның да суы өте шипалы.Үңгір ішіндегі көлдің ұзындығы 25 метр, ені 10, тереңдігі 1,8 метр дегенмен, оның көлемі жерасты суының деңгейіне байланысты өзгеріп те отырады екен. Суы тұщы әрі көптеген ауруларға ем.
Қазіргі күні Қоңыр әулиенің басына келушілер жыл сайын артуда. Жолдың алыстығы мен нашарлығына қарамай осынша адам келіп жатса, бұл нысан ауданда тарихи-танымдық туризмді дамытуға сұранып-ақ тұр деген сөз ғой.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1.Қондыбай С. Гиперборея: родословие эпохи сноведений. Www.otuken.kz
2. Қашқари М. Түркі тілінің сөздігі (Дивани лұғат-ит-түрік). ІІІ томдық шығармалар жинағы /Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А.Егеубай/. – Алматы:Хант, - 600 бет.
3. Щербак А.М. Названия домашних и диких животных. Историческая развития лексики тюркских языков. Издательство академии наук СССР, М., 1961.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет