Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оны жүргізуге келісімін алыңыз;
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды тері антисептигімен өңдеңіз. Қолғапты киіңіз.
Флаконның жазуын оқыңыз: атын, дозасын, сақталу мерзімін. Дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз. Флакон қорабындағы және этикеткасындағы инсулиннің атын және әріптік белгілерін тексеріңіз.
Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дәрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің ЕД санына. Инсулин мен шприцтің белгілерін көңіл қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз.
Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды!). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ.
Флакондағы инсулинді су моншасында 36-370С температурасына дейін жылытыңыз.
Ораудағы инсулин шприцін алыңыз. Ораудың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.
Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз.
Флаконның резеңке тығынын тері антисептигіне суландырған мақта домалағымен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, тері антисептигі кепкенше күтіңіз.
Инсулин шприцін қолға алып, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс.
Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз.
Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз.
Инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тері антисептигіне суландырған екі мақта домалақтарымен тазартыңыз, алдымен үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын орынды. Терісі кебуі керек.
Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға дейін жеткізіңіз.
Оң қолыңызға шприцті алыңыз.
Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін үш бұрышты қыртысы негізі төмен қараған жағынан жиыстырыңыз.
Тері асты майлы қабаты ортасына 30-450 бұрышпен үш бұрыш қыртысы негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап иненің ұзындығына жылдам қозғалыспен енгізіңіз.
Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз.
Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексеріңіз.
Жылдам қозғалыспен инені шығарыңыз, құрғақ залалсыздандырылған мақта домалағын инъекция жасаған жерге қойыңыз.
Науқасты тамақтандырыңыз.
Қолғапты шешіңіз.
Қолданылған шприцті, мақта домалақтарын, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.