IІ КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу Залалсыздандыру алдындағы тазарту орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.
Мақсаты: органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүргізу.