Сіреспенің алдын алу Тіпті жақсы аурухананың өзінде сіреспемен ауырғандардың жартысы өліп кетеді. Сіреспені емденгеннен гөрі алдын алу әлдеқайда жеңіл.
- вакцинация (алдын алу егу). Бұл сіріспеден қорғанудың ең сенімді жолы. Балаларды да, ересек адамдарды да сіреспеге қарсы еккізу қажет. Барлық отбасы мүшелері оның жақын маңдағы сауықтыру мекемесінде салғызуға тиіс. Толық сақтану үшін вакцинациялауды әр 10 жылда бір қайталап тұру қажет. Екіқабат әйелдерді еккізу арқылы жаңа туған сәбиде сіреспенің алдын алуға болады.
- егер жарақат өте үлкен, терең және лас болса дәрігер шақыртыңыз. Егер сіз осы күнге дейін сіреспеге қарсы еккізбеген болсаңыз пенициллин қабылдаңыз. Сондай-ақ сіреспеге қарсы антитоксин шаныштырудың мүмкіндігін ойластырыңыз.
- жас сәбиде сіріспенің алдын алу үшін тазалықтың рөлі айрықша зор. Кіндікті кескен аспап стерилденген болуға тиіс, кіндікті қысқа етіп кеспеу қажет және кесілген жер таза әрі қрғақ болуға тиіс.
Бақылау сұрақтары: Инфекция деп нені айтамыз?
Микробтардың қандай түрлері бар?
Жұқпалы аурулар неше кезеңнен тұрады?
Инфекцияның таралу жолдарын ата?
Тұмау қоздырғышы ауру адамнан сау адамға қалай жұғады?
Тұмаудың алдын алу шаралары қалай өткізесіз?
Безгек неден пайда болады?
Безгектің белгілері қандай?
Сіреспе жаңа туған нәрестелерде қалай пайда болады?