ОҚО, Сайрам аудан
Оқу-өндірістік комбинат коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Бабанова Айгүл Асанқызы
«Күту ісінің кіші мейірбекесі» мұғалімі
Сыныбы – 11
Сабақтың тақырыбы: «Инфекция, инфекцияның түрлері және таралу жолдары. Жұқпалы аурулар: тұмау, безгек, сіреспе.
Жұқпалы аурумен ауыратын науқастарды күту
ерекшеліктері және инфекцияның алдын алу»
Мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға инфекция және инфекциялық аурулар туралы, инфекциялық аурумен ауыратын науқас күтімі жайлы жалпы түсінік беру.
ә) тәрбиелік: оқушыларды тазалыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
б) дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: таратпа қағаздары, тесттер, плакаттар.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ сұрау
IV. Сабақты пысықтау, бекіту
V. Үйге тапсырма беру
VI. Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу
ә) сынып тазалығына көңіл бөлу
б) оқу құралдарын ретке келтіру
в) оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: а) cұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты сұрау
Сұрақтар: 1. Жарақаттанған науқас күтімі жайлы айтып бер.
2. Бас жарақаттанғанда көрсетілетін алғашқы көмек.
3. Реанимация және интенсивті терапия дегеніміз не?
4. Акушерлік-гинекологиялық мекемедегі санитарлық-
гигиеналық талаптар.
5. Жалпы науқас күтімі жайлы айтып беріңіз.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
Жоспар: 1. Жұқпалы аурулар туралы түсінік
2. Микроорганизмдердің түрлері
3. Жұқпалы аурулардың түрлері мен кезеңдері
4. Инфекцияның таралу жолдары
Жұқпалы аурулар туралы түсінік
Жұқпалы аурулар – ауру тудырушы микроорганизмдердің организмге еніп, онда өсіп-өнуі және өмір сүру салдарынан туатын аурулар.
Олар: а) ішектің; б) жоғары тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді. Ішкі ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішіктен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге микроб ауамен кіреді.
Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қансорғыш жәндіктер арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Микробтар организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі.
Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде өсіп-өнеді (мысалы, ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде микробтар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен оша құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты. Олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілер тез жазылады, жұқпадан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі – баяу ауру. Бұл түрінде инфекция организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттық деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда микроб организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.
Жұқпалы аурулар бактерияларан және басқа организмдерден (жанды денелерен) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды.
Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз көре алмайсыз ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.
Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т.б.) – бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тұмау, қызылша, мысқыл және инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін.
Микроорганизмдердің түрлері
Микроб (микроорганизмдер) – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ тірі ағзалар. Бұларды алғаш рет 17-ғасырда голланд ғалымы Антон Ван Левенгук ашқан. Кейде микробтарға вирустарды да жатқызады. Микробтардың басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Микробтарға бактериялар, риккетсиялар, микоплазмалар, саңырауқұлақтар, вирустар, хламиддийлер, спирохеталар, кокки, қарапайымдар және басқалар жатады.
Жұқпалы аурулардың түрлері мен кезеңдері
Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар:
Ауру қоздырғышы (микроб);
Сыртқы орта;
Қабылдаушы сезімтал организм.
Жұқпалы аурулардың кезеңдері:
Жасырын (инкубациялық);
Күмәнді (продромалдық);
Ауру дамуы;
Айығу (реконвалесцениттік).
Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, организмнің жағдайына байланысты болады. Жалпы жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдарға ортақ белгі: селсоқтанып мазасы кетеді, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы қашады. Бауыр мен талақтың ісінуі мүмкін. Осындай ерекше белгілеріне қарай іш сүзегін тырысқақтан, безгекті бөртпе сүзектен т.с.с. ажыратуға болады.
20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты жұқпалы аурулардың кейбір түрлері жойылады. Бірақ микроорганизмдердің эвол. даму өзгергіштігінің, әлеуметтік, экология, ғұрып-дәстүрлік т.б. себептердің нәтижесінде жұқпалы аурулардың жаңа түрлері пайда болады. Мысалы, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, гепатиттің ерекше түрлері т.б. Жұқпалы аурулардың белгісі білінісімен-ақ санитарлық-эпидемиология станцияларға хабарлануы тиіс. Науқас адам ауруханаға алынып, аурудың түріне қарай емделеді. Жұқпалы аурулар клиникалық мидицинаның аранйы бір зерттейтін саласы болғандықтан бактериология, вирусология, иммунология, эпидемиология, паразитологиямен тығыз байланысты.
Инфекцияның таралу жолдары
Ауа арқылы (воздушно-капельный путь). Инфекция жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде түкірік тамшыларымен тарайды (тмау, туберкулез, ветрянка).
Қан арқылы (через кровь). Жарақат алғанда, медициналық инструменттермен, қансорғыш жәндіктермен инфекция жұғады (сіреспе, безгек).
Су арқылы (воный путь). Патогендік микробтары бар суды адам ішуге немесе жуынуға қолданғанда ішектік (тырысқақа) немесе тері (теміретке) инфекциялары пайда болады.
Тағам арқылы (пишевой путь). Инфекция (дизентерия, гератит) сау адамның ағзасына ауыз арқылы түседі (уланған немесе бұзылған тамақ, кір қол, ыдыс-аяқ, шыбын-шіркейлер).
Тікелей қатынас арқылы (контактно-бытовой путь). Ауру адаммен тікелей қатынаста болғанда немесе оның жеке заттармен қолданғанда пайда болатын инфекция (қышыма, теміретке).
Жыныстық қатынас арқылы (половой путь). Ауру адаммен жыныстық қатынаста болған кезде жұғатын аурулар (мерез, соз).
Жануарлардан (от животных). Ауру малдың сүтін, етін пайдаланғанда (бруцеллез), мал сойғанда, жануарлар тістегенде (құтыру)жғатын аурулар.
Тұмау (Грипп)
Тұмау (грипп) – вирустар қоздыратын жұқпалы ауру. Оған шалдыққан адамның жоғарғы тыныс жолдары зақымданып, организмі уланады. Грипп ауру адамнан сау адамға тез тарап, жылдың кез келген маусымында ересектерге де, балаға да жұғады. Аурудың жасырын кезеңі өте қысқа 1-2 күндей. Гриптің адамдарға те жұғып, жаппай таралуы оның бірден өршитіндігіне байланысты. Грипп эпидемиясы оқтын-оқтын (3-4 жылда) қауырт өршіл, белгілі бір аймаққа, тіпті дүние жүзіне жайылады (мұны пандемия деп атайды).
Гриптің қоздырғышы – вирустар: оның бірнеше түрі бар. Қоздырғыштары сырқат адамның мұрын, ауыз, жұтқыншақ кілегей қабықтарында болады да, түшкіргенде, жөтелгенде және сөйлескенде түкірігі не мұрын суы арқылы ауаға тарайды, кейде тұтынған затынан жұғады.
Ауырған адамның бірден тұла бойы қалтырап, дене қызуы 38-390C, кейде 400C температураға дейін жетеді. Басы шаншып ауырып, денесі әсіресе белі мен аяқ буындары сырқырайды, ауру адам бей-жай болып, маужырай береді, кейде керісінше тітіркенеді. Беті мен көзі қызарып, терісі қызады. Дене қызуы басталысымен немесе одан біраз уақыт өткеннен кейін түшкірік пайда болып, аузы кеберсиді, кеудесі ауырып, құрғақтай жөтеледі. 3-5 күннен кейін қызуы басылады, бірақ бірнеше күндей әлсіреп, шаршайды, басы айналады.
Грипп асқынған жағдайда ауру адамның өкпесі, кеңсірігі, құлағы қабынып, плевритке т.б. сырқатқа шалдығады. Кейде гриптің салдарынан жүрек, буын, бүйрек, ми және ми қабықтары зақымданады. Гриптен кейін дәрігердің рұқсатынсыз жұмысқа шығуға болмайды, мұны әсіресе қарт адамдардың мұқият ескергені жөн.
Науқасты күту және инфекцияның алдын алу
Грипті тараптаудың бірден бір амалы – сырқатты оңаша ұстау. Оны бөлек бөлмеге жайғастырады, болмаса төсек орнын перделеп қояды. Ауру адам жатқан бөлмені дымқылданған шүберекпен сүртіп, жиі-жиі желдетіп тұрады. Еденді жуу үшін хлораминнің немесе хлорлы әктің 0,2% ерітіндісін (бір шелек суға 1 ас қасығын) пайдаланады. Аурудың ыдыс-аяғы мен сүлгісі бөлек болуы тиіс.
Гриппен ауырған адам міндетті түрде дәрігердің бақылауында болып, көбінесе төсекте жатып емделуі, тамағы дәмді, жеңіл сіңетін, витаминдері жеткілікті болуы тиіс, ащы тағамдардан бас тартқаны жөн. Сұйық тағамдары (ыстық шай, құрғақ таңқурай тұнбасы, «Боржоми» қосылған жылы сүт т.б.) көбірек ішкені жөн. Дәрігер келгенше ешқандай дәрі-дәрмекті әсіресе антибиотиктерді пайдалануға болмайды.
Клиникалық белгісі грипп тәрізді көптеген аурулар бар. Бұған мәселен, тыныс алу жолдарының вирусты инфекциялары жатады. Бұрын бұл аурулар әртүрлі аталатын: безгекті қатар, маусымдық қатар, жоғарғы тыныс жолдарының қатты қатары. Тыныс жолдарындағы вирусиы аурулардың ішінде ең көбірек тарағаны – аденовирусты, парагрипозды және риновирусты инфекциялар. Аденовирусты инфекция жоғарғы тыныс жолдарының қатты қатарына ұқсас өтіп, ондайда мұрыннан су ағып, күшті жөтел пайда болады, сырқаттың даусы қарлығады, кейде демігеді, көмекейі қабынады, коньюнктивитке ұшырап, көздері қызарып, қабағы ісінеді, тамағы бітеді, іші ауырып өтеді, кейде құсады. Басқа да ауру белгілері байқалуы мүмкін.
Безгек (малярия)
Безгек (Malaria - безгек) – бұл инфекциялық қан ауруы, ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар арқылы тарайды және олар басқа адамды шағып, оның қанына безгек инфекциясын түсіреді, бірненше мәрте қайталанатын ауру түрі.
Plasmodium тобына жататын қарапайымдылардың бірнеше түрін тудыратын жұқпалы ауру. Таратушы Anopheles тобына жататын масалар. Клиникасында ұстамалы қызба, гипохромды анемия, талақ пен бауырдың өсуі болады. Көбінесе безгек масасының шағуынан жұғады. V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда кең тараған.
Паразиттің қауіптілігі ХХ ғасыр басында анықталған. Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болды. Безгек басқа паразит түрлеріне қарағанда ауырлау, тіпті соңы өлімге әкеледі. Бұлар қанды қызыл жасуша ішінде тез тарайды. Жаппай 42-72 сағат аралығында шығады. Кейін адам 4-10 сағатқа жуық тітіркеніп, қызуы 40,6-ға дейін көтеріледі және басы қатты ауырады. Безгекпен күресудің бірден бір жолы осыны таратушы масаларды жою.
Безгектің белгілері
Безгек ұстамасы әдетте 3 сатыдан тұрады:
Безгек қалтыраудан басталады және бас жиі ауырады. Науқас 15 минуттан 1 сағатқа дейін қалтырайды.
Қалтырау ыстықтың көтерілуіне жалғасып, ол 400C температураға дейін және одан да жоғары көтеріледі. Адам әлсірейді, терісі қызарады, сандырақтайды. Ыстық бірнеше сағат немесе күні бойы сақталады.
Ақырында адам малшына терлейді және ыстық түседі. Ұстамадан кейін адам әлсірейді, бірақ өзін біршама сергек сезіне бастайды.
- Әдетте адамда безгек кезінде әр 2-3 күн сайын қызу болады (безгектің түріне қарай), ал ұстама басталатын кезінде қызу күн сайын қайталанады. Ыстықтың түсуі мен көтерілуі оқтын-оқтын өзгеріп тұрады. Сондықтан себепсіз ыстығы көтерілген әрбір адам қанын безгекке тексерту керек.
- Созылмалы безгек көбіне талақтық үлкеюі мен қанның азаюына себепші болады.
- Жас балаларда беттің бозаруы мен қанның азаюы бір-екі күннен кейін басталады. Бл жағдай безгек миды зақымдаған кезде болады (церебральды безгек), қызба ұстамасы естен тану стамасына жалғасады. Науқастың қолы көгіс тартады, демалыс жиілеп, тереңдейді. Емшек сүтін ембеген балалар безгекпен тым жиі ауырады.
Алдын алу жолдары
Anopheles albimanus масасы адам қолын шағуда. Бұл маса безгек тасушы және маса дәрілері ьезгектен қорғанудың бірден бір шешімі. Безгек ыстық жаңбырлы маусымдарда жиі болады. Бірақ күш-жігер жұмсап, оны болдырмауға болады. Барлық алдын алу шаралары жедел іске асырылуға тиіс.
Өзіңізді шыбын-шіркей, масадан аулақ ұстаңыз. Олар жоқ жерге немесе масаханада ұйықтаңыз. Баланың бесігін маса кірмеу үшін жұқа матамен жауып қою керек.
Безгектен сезіктенсеңіз жедел емдеуге кірісіңіз. Сіз емделіп, сауыққанна кейін сізді шаққан шіркей басқаға ауруды таратпайды.
Осы ауруды емдейтін органдармен, олардың өкілдері сіздің ауылыңызға келген кезде, ынтымақтасып жұмыс істеңіз. Егер сіздің отбасы мүшелерінің бірінің ыстығы көтерілсе, оларға бұл жөнінде хабарлап айтыңыз және олардың қан алып, анализ жасауына мүмкіндік жасаңыз.
Шіркейлердің және оның ұрықтарын құртыңыз. Шіркейлер лас суда ескі банкі немесе құтыларды тазартыңыз. Шіркейлер көбеюі мүмкін, барлық су тоғандарын немесе батпақты құрғатыңыз. Құмдарды бамбук қадаларымен толтырыңыз.
Безгекке қарсы дәрілерді ұдайы пайдалану арқылы безгекті болдыр-мауға болады немесе оның таралуын елеулі түрде азайтуға болады.
Сіреспе (столбняк)
Сіреспе (лат. Tetanus) – бұл малдың қиында немесе адамның дәретінде болатын микробтардың жарақат арқылы организмге түсуі салдарынан пайда болатын ауру. Микроб терең немесе лас жараларға түссе аса қауіпті. Аурудың қоздырғышы: сіреспе таяқшасы.
Мына жарақаттарда сіреспенің болуы ықтимал:
– хайуандардың қауып тістеуі, әсіресе ит пен шошқаның;
– оқ тиюден және пышақтан болған жарақат;
– лас иненің кіруі.
Сіреспенің жаңа туған нәрестеде болу себептері:
суреспенің микробы сақтық шараларын жасамаған жағдайда нәрестенің организміне кіндігі арқылы түседі. Егер кіндік денеден қашық кесілсе, сіреспенің болу қаупі басым болады.
Сіреспенің болу қаупі мына жағдайларда басым болады:
кіндікті тазартылмаған аспаппен кескенде;
кіндік денеге жақын кесілген кезде;
немесе кесілген кіндік тегіс жабылып қалса немесе құрғақ болмаса.
Сіреспенің белгілері:
инфекция түскен жара (кейде жара болмайды);
жұтынғанда қолайсыздық сезініп, қиналу;
жақ қатаяды, сонан соң мойынның және дененің басқа бөліктері қатая бастайды. Адамның қалыпты жүруі бұзылады;
дене ауырып құрысады (кенет жақ, сонан соң бүкіл дене тартылады).
Мұндай адамға қол тигізген кезде немесе оны ауыстырып жатқызғанда күтпеген спазма-құрысу пайда болады.
Күтпеген шуылдан немесе өткір жарықтан нақ осындай құрысу болады. Жаңа туған нәрестеде сіреспенің алғашқы белгілері туғаннан кейін 3-10 күннен соң пайда болады. Бала қоймай жылай бастайды және еме алмайды. Көбіне кіндігіне инфекция түседі немесе ол лас болады. Бірнеше сағаттан немесе күннен кейін сіреспенің қалған белгілері көрінеді.
Сіреспенің алдын алу
Тіпті жақсы аурухананың өзінде сіреспемен ауырғандардың жартысы өліп кетеді. Сіреспені емденгеннен гөрі алдын алу әлдеқайда жеңіл.
- вакцинация (алдын алу егу). Бұл сіріспеден қорғанудың ең сенімді жолы. Балаларды да, ересек адамдарды да сіреспеге қарсы еккізу қажет. Барлық отбасы мүшелері оның жақын маңдағы сауықтыру мекемесінде салғызуға тиіс. Толық сақтану үшін вакцинациялауды әр 10 жылда бір қайталап тұру қажет. Екіқабат әйелдерді еккізу арқылы жаңа туған сәбиде сіреспенің алдын алуға болады.
- егер жарақат өте үлкен, терең және лас болса дәрігер шақыртыңыз. Егер сіз осы күнге дейін сіреспеге қарсы еккізбеген болсаңыз пенициллин қабылдаңыз. Сондай-ақ сіреспеге қарсы антитоксин шаныштырудың мүмкіндігін ойластырыңыз.
- жас сәбиде сіріспенің алдын алу үшін тазалықтың рөлі айрықша зор. Кіндікті кескен аспап стерилденген болуға тиіс, кіндікті қысқа етіп кеспеу қажет және кесілген жер таза әрі қрғақ болуға тиіс.
Бақылау сұрақтары:
Инфекция деп нені айтамыз?
Микробтардың қандай түрлері бар?
Жұқпалы аурулар неше кезеңнен тұрады?
Инфекцияның таралу жолдарын ата?
Тұмау қоздырғышы ауру адамнан сау адамға қалай жұғады?
Тұмаудың алдын алу шаралары қалай өткізесіз?
Безгек неден пайда болады?
Безгектің белгілері қандай?
Сіреспе жаңа туған нәрестелерде қалай пайда болады?
Сіреспенің белгілері қандай?
IV. Сабақты қорыту, бағалау. Сұрақ-жауап.
Достарыңызбен бөлісу: |