Оң жақ қарыншаның жетіспеушілігі әсерінен көктамырлық қан қысымы жоғарылауынан қан қасымы баяулайды және капилляр өткізгіштігі артады. Сұй-ң тіндерге өтуі күшейеді. Жүректе қан ағысы баяулау нәтижесінде бүйрек зәр шыгару қызметінің бұзылысынан ісінуге әкеледі. Ісінулер тобықта, балтырда,жамбас пен жыныс мүшелері іш қуысында таралады. Шалқасынан жатса сегізкөзде, қырынан жатса сол жатқан қырына қарай ауысады.
Біздің қанымыздың ақуыздарының ерекше функциясы - қан тамырлары ішіндегі сұйықтықты сақтау (онкотикалық қысымды ұстап тұру). Бүйрек ауруларында және несеппен бүйрек жеткіліксіздігінің дамуында қан ақуызының көп мөлшері жоғалады, сонымен қатар әртүрлі су-тұз бұзылыстары пайда болады. Нәтижесінде қалған ақуыздар сұйықтықты тамырларда ұстай алмайды және олар қабырғалары арқылы өткізгіштігі арта бастайды. Алдымен бұл ең нәзік жерлерде, мысалы, көз айналасында болады. Нәтижесінде ісіну алдымен осында пайда бола бастайды, содан кейін бүкіл денеге таралады.
Шагымдары
"Жүрек" ісінуі баяу дамиды-бірнеше апта, айлар бойы., баяу тарайды.
Ісінулер кешкі уақытта байқалады.
Жүрек өсуінде бауыр өсуі жиі болады.
Ісінулер тобық аймағын, аяқ басының сырты, кейіннен балтырды, жамбас аймағын,
адам түні бойы көлденең қалыпта болды, содан кейін сұйықтық бүкіл денеге "тарайды", ал жатқан науқастарда-төменгі арқа мен асқазанда.
Ісік таңертең басылады,мұндай ісіну диуретиктерді тағайындау және жүрек функциясын жақсарту арқылы жойылады.
"Бүйрек" ісінуі өте тез дамуы мүмкін, тіпті 1 күнненде аз уақытта, тез тарайды.
Ісіну негізінен бетінде пайда болады. Таңертең көздің астындағы ісіну байқалады. Дене қалпы өзгерген кезде тез ауысады.
Бүйрек ісігі жұмсақ болып келеді.
Бүйрек ісігінде бауыр өспейді.
Бүйрек ісінуінен құтылу қиынырақ, өйткені бүйрек жеткіліксіздігі нашар емделеді.
Пальпация
Жүрек ісігі тығыз болып келеді.
Бұл жағдайда тері көбінесе жанасуға суық, басқан кезде басқан жердің орны қалады.
Бүйрек ісігі жұмсақ болып келеді. Басқанда орны қалмайды, тез тарайды.
Артықбай Ботакөз 306 Б
Перикардит
Миокардит
Стенокардия
Перикардитте төс ортасы ауырсынады. Себебі жүрек ауыру перикард беттеріндегі нерв тамырларының жарақаттануына байланысты пайда болады. Ауырудын локализациясы --төс ортасы, белгілі бір иррадияциясы жоқ. Ауырудың күші науқастың алға еңке отырған кезінде басылады да, басты артқарай шалкасынан жатқанда күшейеді (жабысқан жердің тартылуына байланысты).
Миокардитте жүрек тұсының ауырсынуы болады. Себебі тәж артерияларының қабырғасының ісінуі мен өзегінің тарылуына байланысты болады. Сирегірек жағдайда сол жаққа қарай тарайды. Ауыру ұзаққа созылады, коронаролитиктер көмектеспейді. Ауыру дамуының инфек циялық процестермен (грипп т. б.) байланысы болады. Аурудың клиникасында миокардитке тән басқа да симптомдар мен синдромдарды байқауға болады (жүрек әлсіздігі, аритмия).
Төс арты ауырсыну. Ауру сол қолға, сол жақ иыққа, сол жақ жауырынға, мойынның сол жағына тарайды. Себебі: жүректе туатын импульс жұлынның С7-Т4 сегменттері арқылы өтеді. Қысып ауырғандық тәж артерияларының түйілуінен , тамыр адвентициясының рецепторлары түйілген жерде оған жоғарырақ орналасқан тамырдың кеңуінен болады. Өте күшті болғандықтан стенокардияда науқас адам өліп кетем деген үрей билейді. Сол себепті бір күйде қалшиып қатып қалады, қуқыл тартып, салқын тер шығады. Көбінесе мұндай науқастар ыңғайсыздық аймағын сипаттауға тырысып, кеудеге қысылған жұдырықты немесе ашық алақанды қолданады.
Пальпация кезіндегі пульсацияның орындары мен себептері
Қолқа аневризмасында пальпация тәсілімен төстің оң жақ шетінде II қабырға аралықта және төс ойығында пульсация анықтауға болады. Өкпе артериясы кеңігенде (көбне кіші қан айналысы шеңберінде болатын гипертензияға байланысты) пульсацияны сол жақтағы II қабырға аралықта анықтауға болады. Жүрек аневризмасында (миокард инфарктісінен кейін пульсацияны төстің сол жағындағы III--IV қабырға аралағын сипап білуге болады.
Эпигастрий маңының пульсапиясы үш текті болып келеді. Эпигастрий маңында байқалатын пульсация не оң қарынша гипертрофиясының белгісі не іш қолқасының, не бауырдың пульсациясы болады. Бірінші жағдайда---ол семсерше өскіннің қасынан байқалады, екінші жағдайда оның орнынан төменірек келеді. Гипертрофияға байланысты пульсация демді ішке алғанда күшейе түседі. Ал іш қолқасына байланысты пульсация, керісінше, демді ішке алғанда азаяды, не көрінбей кетеді. Қолқаның пульсациясын сипап та анықтауға болады.
Бауыр пульсациясын пальпация тәсілімен анықтайды. Ол үшін қолдың екі саусағын белгілі бір қашықтықта бауырдың үстіне қойып, пульсация кезіндегі осы саусактардың қимылына қарап отыру керек. Бауыр пульсациясында саусақтар көтеріліп қана қоймайды, олардың бір-бірінен алыстағаны байқалады. Себебі, бауыр пульсациясы бауырды систола кезіндегі өскен белгісі, ал бауыр тек бір бағытта ғана өспейді. Бауыр пульсациясы ---үш жармалы қақпақтың шамасыздығына тән белгі.
Пальпация тәсілімен жүрек үшы соққысынын орнын анықтауға болады. Іштен туа болатын декстрокардияда жүректің оң жақта болуы жүрек ұшы соққысының орны сол жақпен бірдей, тек айырмашылығы оның оң жакта орналасқаны. Жүрек ушы соккысының орны (локализациясы) aуру дың төсектегі қалпына байланысты өзгеріп тұрады. Сол жақ бүйіріне жатканында ол солға карай 3-4 см-ге ығысады, ал оң жақ бүйіріне жатқанында оңға қарай 1-2 см- ге ығысады. Демді ішке терең алғанда, диафрагманын төмен түсуіне байланысты, ол аздап төмен және ішке карай ығысады. Демді барынша сыртқа шығарғанда, ол шамалы жоғары және солға ығысады.
Патологиялық жағдайда жүрек үшы соққысы орнын өзгеруіне жүректен тыс себептер мен журек аурулары байланысты себептер әсер етуі мүмкін. Жүректен тыс себептерге кеуде кысымының өзгеруі мен диафрагма деңгейінің өзгерістері жатады.
a