Жүрек аурулары



бет2/3
Дата11.09.2023
өлшемі0,9 Mb.
#180724
1   2   3
Байланысты:
OUVlxPpImDsYdTiwYuXHtnOcy9zcJozoDxMbtCZg

Жоспары

  • 1 Қан қысымының өзгеруі
  • 2 Вена қантамырларының кеңеюі
  • 3 Жүрек кемістігі
  • 4 Қаназдық
  • 5 Ақ қандылық
  • 6 Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем
  • 7 Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері

Қан қысымының өзгеруі

  • Адам қартайған сайын артерия қантамырлары қабырғаларының серпінділігі төмендеп, қатайып, тығыздалып, қуысы тарылады. Мүшелерге қан аз келеді, артерия қантамырларында қан қысымы жоғарылайды. Қан қысымының көтерілуі бүйрек ауруына, жүйке жүйесінің күйзелісіне, дененің аз қозғалуына байланысты. Қан қысымы қатты көтерілсе, қантамырлардың жарылуы мүмкін. Миға қан қүйылу өте қауіпті. Себебі ми жасушалары зақымданып, бұлшықеттер жансызданады. Қол-аяқ әлсізденіп сал болады. Бұл кезде артерия қантамырларындағы қан қысымы сынап бағанасымен 200 мм-ден асады. Егер қан қысымы төмендесе, сынап бағанасының көрсеткіші 70-80 мм төмен болады. Мұндай аурулардың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсендейді.
  • Адамда қан қысымы көтерілсе не төмендесе, нәруызы бар тағамды аз пайдалану керек. Күніне 8-9 сағат ұйықтау, ашуланбау, таза ауада көбірек жүру жүрек-қантамырлар жүйесіне өте қолайлы.

Вена қантамырларының кеңеюі

  • Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істеген адамдарда вена қантамырлары кеңейеді. Кеңейген жерлерінде қанқатпа пайда болады. Сыртынан түйін-түйін болып көзге айқын білінеді. Вена қантамырларында қан қысымын жоғарылатады. Аяқ көп қимылдамаған соң оның бұлшықеттері де жиырыла алмайды. Қанқатпа ауруы асқынбау үшін көбірек қозғалу керек.

Жүрек кемістігі

  • Жүрек кемістігі жүрек қақпакшаларының зақымдануынан болады. Жүрек кемістігі туа пайда болған және жүре пайда болған деп 2-ге бөлінеді. Туа пайда болған кемістік іште жатқанда ұрық жүрегінің дұрыс қалыптаспауынан туындайды. Ондай ақаулық жүректің жүрекшелерінде байқалады. Жүре пайда болған кемістік жұқпалы аурулардың әсерінен де болады. Жүрек қақпақшаларының жармаларының жиегі тегіс болмай кедір-бұдырлы тыртық болып қалады. Қақпақшалар жабық тұрса да, қанға тосқауыл бола алмай жүректе қан іркіліп тоқтап қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет