Жүрек тұсының ауырсынуы кезіндегі алғашқы көмек
• науқасты жатқызу
• таза ауамен қамтамасыз ету
• қысып тұрған киімдерін шешу
• бір таблетка нитроглицеринді науқастың тілдің астына салу
• анальгетиктер енгізу
• дәрігерді шақырту.
Артериялық қан қысымын өлшеу
Жүректің жұмысы кезінде артерия жүйесінде түзілетін қысым артериялық қысым деп аталады. Жүрек жұмысының фазасына байланысты қысым систолалық (САҚ), яғни жүректің сол жақ қарыншасы жиырылғаннан кейін-ақ артерия жүйесінде пайда болады (тамыр соғу толқынының ең жоғары көтерілуіне сәйкес келеді), және диастола кезінде артерияларда олардың серпілгіштігінің арқасында сақталатын диастолалық (ДАҚ) болады (тамыр соғу толқынының түсуіне сәйкес келеді). САҚ мен ДАҚ мөлшерінің арасындағы айырмашылық пульс қысымы деп аталады.
АҚ жүректің қан шығару мөлшеріне, жалпы перифериялық тамыр кедергісіне, жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Аө-ды өлшеу сау адамдардың, сондай-ақ науқастардың гемодинамикасының жағдайын бақылаудағы маңызды тәсіл болып табылады.
Су балансын
Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Су ішуге және зәрді жинауға науқасқа өлшемді ыдысты даярлаңыз.
2. Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.
3. Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.
4. Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.
5. Науқасқа түсіндіріңіз, таңертең сағат 6,00 зәрін унитазға жіберу қажеттігін.
6. Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күніннің таңертенгі сағат 6,00 дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.
7. Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы тәуліктік диурез болады.
8. Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.