Жүргізуші : Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын А. Сейдімбек артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды


«Тауға біткен жалбыз» әңгімесінен үзіндіні 9 Г сынып оқушысы оқиды



бет4/7
Дата08.02.2022
өлшемі34,33 Kb.
#131052
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ақселеу Сейдімбек

«Тауға біткен жалбыз» әңгімесінен үзіндіні 9 Г сынып оқушысы оқиды.
2- жүргізуші: Бойындағы білімі жан - жақты толысып, асқақ асулардан өткен Ақселеу Сейдімбек дер кезінде ғылымға келді. Оның ғалымдық жолы бір кездегі өзі бас редактор болған «Білім және еңбек»журналында жалғасып, кейіннен атын «Зерде» атаған журналдың мазмұны мен ұлттық қазыналарымызды асқақтатқан, көне дәуір ескерткіштерін көз алдыма алып келген елеулі еңбектерінен көрінді.
Мұғалім: Қазақтың төлтума мәдениетін тұтастай тарихи тұрғыдан жан - жақты саралауды көздеген «Күңгір - күңгір күмбездер» атты еңбегі 1981 жылы жарық көрді. Зиялы қауым арасында айрықша қызығушылықпен ұлттық сілкініс тудырған бұл кітапты көпшілік ғылыми ірі ізденіс деп бағалады.«Күңгір - күңгір күмбездер» атты ғылыми - көпшілік кітабы қазақтың дәстүрлі мәдениетін өзінің төлтума қалпында біртұтас құбылыс ретінде қарастыруымен, тарихи - этнографиялық дерегінің молдығымен, әсіресе ұлттың рухани әлемін парықтаудағы тұжырымдарымен оқырман назарын аударған еңбек болды. Бұл кітап 1985 жылы «Поющие купола» деген атпен Е. Қажыбековтың аударуында орыс тілінде жарық көрді
1- жүргізуші: Ғылымдағы істері «Күңгір - күңгір күмбездер» қазақтың дәстүрлі мәдениетін танытса, «Қазақтың дәстүрлі халық лирикасындағы өлең жанры», «Күй өнері», «Қазақтың ауызша тарихы», «Қазақ әлемі», «Көшпелілер тарихы», «Мың бір маржан» атты айтулы еңбектерімен қалса, ғылым мен білімді ұштастырушы және ұйымдастырушылық қабілеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемалары институтының директоры, осы институттың негізінде құрылған білім Академиясының тұңғыш Президенті, Қазақстан президенттік мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика кафедрасының меңгерушісі болып еңбек еткен кезінде көрінді.Ғылымдағы жеткен жетістіктері ғылым докторы дәрежесімен, профессор атағымен ерекшеленді. 2004 жылы Мемлекеттік сыйлық алды. Бірнеше конкурстар жеңімпазы болып, атаулы сыйлықтардың лауреаты атанды. Құрмет грамоталарымен марапатталып, бірнеше медальдар мен «Құрмет» орденін омырауға қадады. Мұның бәрі төккен тер мен өлшеусіз еңбектің нәтижесі болатын
«Тәтті тіршілік» шығармасынан үзінді 9 сынып оқушысы
2 жүргізуші : Ғалым тұңғыш рет қазақтың қара өлеңдері («Мың бір маржан», 1988 жыл) мен күй аңыздарының («Қазақтың күй өнері», 2002 жыл) мыңдаған нұсқасын жинап, рухани айналымға түсіріп, олардың тарихи - эстетикалық, көркемдік - поэтикалық мән - мағынасын ашып берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет