Жүргізуші 1 : 7- мамыр- Қазақстан Отан қроғаушылар күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекміздің өзіндік сыры жетерлік.
Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап.Сонымен бірге ең жарқын ,ең үлкен мереке Жеңіс күні келе жатыр.
Жүргізуші 2:Жүргізуші: Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандағы байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың
Қазақстан ардақтым! дей отырып сіздердің назарларыңызға «Әскер – әліміз, армия- абройымыз!» атты ертеңгілігімізді ұсынамыз
Жүргізуші 1:Мамырдың мамыражай күндерімен, майда
желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар! Дей отыра біз кешімізді бастаймыз.
Ойын шарты: мына ыдыс ішінен бір ойын жазылған қағаз таңдап аласыздар да дауыстап оқисыз.
5 ойының әрқайсысында 5 түрлі приз
Жүргізужі 2: Қысқаш мәлімет айта өтсек
Кеңес Одағының Батыры — Кеңес Одағында 1934 – 1991 жылдары Отан үшін ерекше ерлік көрсеткен адамдарға берілген ең жоғары атақ. КСРО ОАК-нің 1934 жылғы 16 сәуірдегі қаулысы бойынша бекітілген. Кеңес Одағының Батыры атағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен берілді. Кеңес одағының батыры атағы берілгендерге Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз» медалі және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасы тапсырылды. Кеңес Одағының Батыры атағын 2-ші рет алғандар екінші «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталып, оның туған жеріне қоладан бюст қойылды. Кеңес одағының батыры атағын үш рет алғандарға бюст Мәскеуде қойылды. Кеңес Одағының Батыры атағын ең алғаш алғандар мұзда қалған кемелердегіадамдарды құтқарушы ұшқыштар болды.
Жүргізуші 1: Ары қарай келесі ойындарға кезек берсек
Қимыл арқылы
Бұл ойынға отырыстағы барлық адам қатысуға болады. Қағазды бөліктерге бөліп алып, ойынға қатысатын адамдардың аты жеке-жеке жазылып, бүктеп ыдысқа салынады. Ойыншылар бір-бір қағаздан алады. Қағазда кімнің аты жазылған болса, сол адамды қимылы арқылы көрсетуі қажет. Қалғандары кім екенін табуы керек.
Жүргізуші 2: Победа көлігіне байланысты. Сталинге кеңестік көлік құрастырушылар «Родина» көлігін таныстырады. Қолбасшыға көліктің өзі ұнағанымен оның атауы ұнамайды. Сталиннің ойынша «Родина» атауы бар зат ешқашан сатылмауы тиіс» болған. Сондықтан көлікке «Победа» деген атау берген. Аталған көліктер Кеңес халқына 50 жылдан астам қызмет етті.
Жүргізуші2: Тілектер сайысы
5 қатысушыны ортаға шақырамыз. Олардың әрбіреуі кезекпен бір тілек айтуы тиіс. Бес секундтан артық ойланған ойыншы ойыннан шығарылады. Соңына дейін жеткен адам жеңеді.
Жүргізуші 1:Ойын Дефолт
Ойынның ережесі:
Ойынға барлығы 8 адам қатысады, (4 әйел адам 4 ер адам). Қыздарға ақша ұсынылады (5 - 7 қағаз ақша, 200 теңгеліктер болса жарайды). Биге арналған жақсы әуен қойылып, қыздар жұбының қалтасына, қойын-қонышына ақшаны жасыруы қажет. Ойынды жүргізуші
қыздардың көзін байлап, жұптарын ауыстырады да ақшаның қайда жасырылғанын іздеу тапсырылады. Ойын барсында жақсы ырғақты ән ойнап тұруы керек және ойынды бастау үшін жүргізуші: «Дефолт» - деп айтуы керек, сол уақытты қыздар ақшаны іздеуді бастайды. Ақшаны түгел тауып алған ойыншылар жеңімпаз.
Жүргізуші 1:2:Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау-саламатта болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |