Жүргізуші: Армысыздар, аса құрметті ата-аналар! Армысыздар қадірменді қонақтар!



Дата12.10.2023
өлшемі23,9 Kb.
#184996
Байланысты:
бато


Жүргізуші:Армысыздар, аса құрметті ата-аналар!

Армысыздар қадірменді қонақтар!

Сәлеметсіздер ме қымбатты балабақша ұжымы!

Міне, туған өлкемізге алуан түсті жапырақтарын төгіп, толқып, би билеп, ел байлығын арттырып, берекелі күз мезгілі де келіп жетіп, бізбен бірге екі ай бойы қонақта болып келеді. Ендеше соның дәлелі біздің «Күншуақ» бөбекжай –балабақшамыздың ересектер «Алтын сақа» тобының бүлдіршіндері дайындаған

-өлең жыр шумақты

-сазды, әуенді

-көңілді би қимылмен

-ертегі көріністерімен

-әсем сән үлгісімен

-сондай-ақ, табиғи қолөнерлерімен аса қызу дайындықпен дайындаған

«Арайлы алтын күз»атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!

Олай болса, бүгінгі ертеңгілігіміздің басты кейіпкерлері бүлдіршіндерімізді жұптарымен ортаға шақырамыз. Ғалымжан -Нұрай, Айда-Алмат, Жандос- Б Нұрай, Санжар-Аружан- Ерасыл, Мұхаммед-Гүлсезім, Айдын –Амира, Нұрислам-Ақсындар, Әлберсін-Фариза, Әлішер-Інжу, Сағи-Аят,Бексейіт-Раяна, Арафат-Гүлімай, Мағжан-Шұғыла-Мереке

( Балалар жұп болып әуенмен залға кіреді)

Жүргізуші:Алтын күз мерекесі құтты болсын!

Жомарт күздің берер сыйы көп болсын!

Ертеңгілігіміздің алғашқы ашылу салтанатын балабақшамыздың басшысы Баянова Алмагүл Ерболатқызына сөз кезегін береміз.

Жүргізуші: Күз ұсынып егісі мен жемісін,

Әкеледі халыққа бар молшылық

Сары жапырақ алтындай боп төгілсін,

Мерекені біз бастайық сол үшін.- дей отырып, ертеңгілігіміздің ең алғашқы бөлімі – таныстырумен бастаймыз.Ендеше ортаға тобымыздың бүлдіршіні Шұғыланы таныстыруымен ортаға шақырамыз.


Таныстыру: Шұғыла.

Жүргізуші:«Бұлақтың әні – сылдыры,

Баланың әні - былдыры» -демекші мерекелік ертеңгілігімізді ән мен жалғастырайық. Қол слғып, қошеметтеп сахнаға әнші қызымыз Гүлсезім мен бишілеріміз Санжар мен Амираны қарсы аламыз.

Ән: «Күзгі вальс»Орындайтын: Сағындық Гүлсезім

Би орындаушылар: Санжар мен Амира

Жүргізуші:Жарайсыңдар! Не деген өнерлі балалар! Өркендерің өссін! Балалар мен сендермен жұмбақтап өлең жолдарымен қазір жылдың қай мезгілі екенін және қандай табиғат құбылыстары туралы білетіндеріңді байқағым келіп тұр.

Ортаға Мұхаммед, Фариза, Алмат шақырамыз. Құлақ салып тыңдаңыздар.




  1. Астық пісіп, орақ түсіп,

Қырмен дәнге тоады

Бөбектерім айтыңдаршы ?

Бұл қай кезде болады?


Мұхаммед:

Қарашы күз келді, күз келді.

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен түзеді

Қара бұлт қабағын түйеді





  1. Жапырақтар сарғайып,

Күн бұлтты болады.

Күз мезгілі айында,

Табиғатта қандай өзгеріс болады?


Фариза:


Дождь по улице идет

Мокрая дорога

Много капель на стекле

А тепла немного

Как осенние грибы

Зонтики мы носим

Потому что на дворе

Наступила осень!




  1. Дала сары киінді,

Жапырақтар төгілді,

Самал соқты салқынау

Бұл қай кезде болады?


Алмат:


Жүргізуші.Өте тамаша, жарайсыңдар! Үш тілде жауап беріп, жақсы меңгерген екенсіңдер. Ендеше, бізге мол өнімін, жеміс-жидегін, алтын астығын сыйға тартқан бүгінгі ертеңгілігіміздің арнайы қонағы «Алтын күз» ханшайымын қарсы алайық. (Осы кезде қу түлкі қарқылдап күліп , жүгіріп келеді)

Түлкі:-Ха-ха –ха. –Сәлеметсіздерме балалар, қонақтар! Мне жаңа жолда әдемі сары көйлегі бар ,себет толы жеміс-жидектері бар Ханшайымды көріп, оны өтірік алдап, жемістерін алып кеттім.-Ха-ха-ха!

Жүргізуші:-Ой , балалар, бұл қу түлкі емеспе, ол дұрыс жасады ма , қалай ойлайсыңдар?

Балалар:-Иә, бұл қу түлкі ғой.

Жүргізуш:Түлкішек –ау түлкішек,Өзің қайдан келесің.Сен өзің сондай әдемісің

Мұндай бұлаң-бұлаң етіп, бейнеңде Алтын күзден аумайды екенсің. Сен өте сұлусыңғой. Саған өтірік айтқан жараспайды.

Түлкі:Солай ма балалар, мен әдемімін бе?

Балалар:Иә.

Жүргізуші:Түлкішек-ау түлкішек. Келіп
Қалған екенсің, бүгін біздің балалар Алтын күз мерекесін тойлағалы жатыр, сенде бізбен бірге көңіліңді көтер, бірақта бізге өтірік айтатын қу түлкі емес ақылды түлкі керек, өйткені біздің балалар өте ақылды, өнерлі, тіл алғыш балалар.

Түлкі:Жарайды, балалар, мен сендерден қатты ұялып тұрмын, мен енді ешкімге өтірік айтпаймын, ақылды түлкі боламын. Сендермен бірге ойын ойнап көңіл көтерсем болама?

Балалар :Иә.

Жүргізуші: Мәне жарайсың, енді дұрыс болды, кел бізбен бірге мерекені тойлауға ат салыс.

Түлкі: Алақай, балалар сендер Алтын күз ханшайымын көргілерің келеме?

Олай болса менің сендерге бірнеше тапсырмаларым бар. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешімін тауып көремізбе?

Күзде нелер пісіп жетіледі?


  • Өзі қызыл, өзі тәтті

Татқан жанды таңырқатты.

Бұл не?

Алма.Яблока, apple




  • Бойын жерге жасырған,

Бұрымы бар жасылдан.

Ьұл не?

Сәбіз, Марковь,carrot.

Түлкі: Жарайсыңдар , қандай тапқыр балалар екенсіңдер. Жемістер мен көкөністер туралы жақсы біледі екенсіңдер.

1.Жүргізуші:Түлкішек біздің балалар сен ойлағандай емес, өте алғыр, ақылды балалар.Тек білімді ғана емес, өнерлі балалар.

Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Алтын күзбен құттықтап

Би билейміз бәріміз – деп келесі кезекті «Алтын сақа» бүлдіршіндері дайындаған «Күзгі вальс « биімен қарсы алыңыздар!.Қол соғып қошеметтеп отырайық құрметті қонақтар!


Қайдан келесің.Сен өзің сондай әдемісің

Құйрығың бұлаң-бұлаң етіп, бейнеңде Алтын күзден аумайды екенсің. Сен өте сұлусыңғой. Саған өтірік айтқан жараспайды.

Түлкі:Солай ма балалар, мен әдемімін бе?

Балалар:Иә.

Жүргізуші:Түлкішек-ау түлкішек. Келіп қалған екенсің, бүгін біздің балалар Алтын күз мерекесін тойлағалы жатыр, сенде бізбен бірге көңіліңді көтер, бірақта бізге өтірік айтатын қу түлкі емес ақылды түлкі керек, өйткені біздің балалар өте ақылды, өнерлі, тіл алғыш балалар.

Түлкі:Жарайды, балалар, мен сендерден қатты ұялып тұрмын, мен енді ешкімге өтірік айтпаймын, ақылды түлкі боламын. Сендермен бірге ойын ойнап көңіл көтерсем болама?

Балалар :Иә.

Жүргізуші: Мәне жарайсың, енді дұрыс болды, кел бізбен бірге мерекені тойлауға ат салыс.

Түлкі: Алақай, балалар сендер Алтын күз ханшайымын көргілерің келеме?

Олай болса менің сендерге бірнеше тапсырмаларым бар. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешімін тауып көремізбе?

Күзде нелер пісіп жетіледі?


  • Өзі қызыл, өзі тәтті

Татқан жанды таңырқатты.

Бұл не?

Алма.Яблока, apple




  • Бойын жерге жасырған,

Бұрымы бар жасылдан.

Ьұл не?

Сәбіз, Марковь,carrot.

Түлкі: Жарайсыңдар , қандай тапқыр балалар екенсіңдер. Жемістер мен көкөністер туралы жақсы біледі екенсіңдер.

1.Жүргізуші:Түлкішек біздің балалар сен ойлағандай емес, өте алғыр, ақылды балалар.Тек білімді ғана емес, өнерлі балалар.

Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Алтын күзбен құттықтап

Би билейміз бәріміз – деп келесі кезекті «Алтын сақа»


Келесі кезекті «Алтын сақа» бүлдіршіндері дайындаған «Күзгі вальс « биімен қарсы алыңыздар!.Қол соғып қошеметтеп отырайық құрметті қонақтар!

Би: «Күзгі вальс»

Жүргізуші: Келші, келші, Алтын күз!

Келші, келші, Жарқын күз!

Мерекені жалғастырып,

Ойнап күлші Алтын күз!

(сахнаға себет толы жемістері бар Алтын күз ханшайымы келеді)

Жүргізуші:Сәлеметсізбе, Алтын күз! Өзіңізбен бірге береке, байлық, молшылыұ, тоқшылық ала келдіңіз.Біз саған өте ризамыз.

Алтын күз: Армысыздар, бармысыздар!

Күзгі тойға келген қонақтар!

Өздеріңе әкелдім

Күздің сыйын көз тартар!

Жүргізуші:Алтын күз, мына себет толы жемісті сыйыңызды балаларға, қонақтарға таратып бересіз бе?

Алтын күз:Жо-жоқ. Бұл сыйды балалар өнер көрсетіп, қонақтар еңбек етіп, тер төгіп жеңіп алуы керек. Өйткені күздің сыйы жемістер мен көкөністер тек адамның еңбегімен ғана келген. Сондықтан менің сыйымды оңайлықпен ала алмайсыңдар. Менің мына келген қонақтарға өзімнің ала келген ойындарым бар. Балалар сендер білесіңдер ме Алтын күзде табиғатта қандай өзгерістер болады.

Балалардың жауабы.

Алтын күз: Дұрыс айтсыңдар. Күзде жаңбыр жиі жауады,ендеше солжаңбыр тамшыларымен ойын ойнағыларың келеме.

Ойын:«Жаңбыр тамшылары»

(Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты байланыстыратын ойын.)

Алтын күз:Ендеше ойынның шартымен таныс болыңыздар. Ортаға 5 баламен оның аналарын шақырамын. Бір қолымызға қол шатыр ұстап, шелектегі жаңбыр суын қасықпен стаканға толтырасыз. (Ойын ойналып , жеңіске жеткен ана мен баласы мараппатталды.)

Жүргізуші:Алтын күз , сені асыға күтіп, біздің балалар өзіңе арнап дайындаған өнерлерін тамашалауға қалай қарайсың?

Алтыр күз: Әрине.

Жүргізуші: Қарасаңыз біздерге

Көркем сөзді меңгердік

Алдымызға жан салмай

Үш тілде біз сөйледік – деп біздің балаларымыздың үш тілде Алтын күзге арнаған тақпақтары бар.Ендеше ортаға «Алтын сақа» тобының бүлдіршіндерін үш тілдегі тақпақтарымен қарсы алыңыздар! Нұрай, АШұғыла, Айдын ,Ерасыл.


Нұрай:


Наступила осень

Пожелтел наш сад

Листья на березе

Золотом горять

Не слыхать веселых

Песень соловья

Улетели птицы

В дальние края.

Айдын:

Сприн из грин



Саммэ из брайт Оутм из еллоу

Уинтэ из уайт

Шұғыла.

Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалұып жур.

Мейірлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа ризамыз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз

Күнді көрсе толғанар

Бұлтты көрсе шамданар

Қысты қазір жолатпа

Тола түссін қамбалар

Көк аспаның мөлдіреп

Алтын күзің елжіреп

Асыр салып жүре бер

Сары көйлегің елжіреп.

Ерасыл:


Алтын-сары, қызыл-көк

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күімдеп

Көз тартады атырап.

Алтын күз:Өте тамаша, өркендерің өсіін.

Жүргізуші: Өнеріміз өрде тұрса байқарсыз,

Таңданыстан басыңызды шайқарсыз

Әртіс боп ертегіден көрініс қойсақ,

Өмір бойы мақтанышпен айтарсыз – дей келе бідің балалардың «мақта қыз бен мысық» ертегісіне дайындаған шағын музыкалық көрінісін тамашалаңыздар.

Музыкалық көрініс: «Мақта қыз бен мысық»

Жүргізуші:Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін! Жарайсыңдар!

Бас қостық бәріміз

Біздер елдің сәніміз

Шаттық, бақыт, қуаныш

Елімізге сыйлаймыз

Мың бұралып билейміз

Думандатып, мерекені

Әрі қарай тойлаймыз. – деп, өздерінің көтеріңкі көңіл күйлерімен, әдемі көңілді билерімен ортаға «Алтын сақа» тобының бүлдіршіндерін «Қуыршақтар» биімен қарсы алыңыздар! Ду қол шапалақ, қайда?

Би: «Қуыршақтар»

Жүргізуші:Не деген әдемі қуыршақтар! Жарайсыңдар!

Мерекелік ертеңгілігіміздің келесі бөлімі – «Гуси» атты шағын орыс тіліндегі көрнісін тамашалаңыздар. Ортаға орыс қыздарымыз бен балапан қаздарымызды шақырамыз. Қол соғып қошеметтеп отырыңыздар!

Көрініс орыс тілінде: «Гуси»

Орындаушылар «Алтын сақа» тобы бүлдіршіндері.

Жүргізуші:Керемет! Жарайсыңдар! Нағыз әртіс екен өздері! Ертеңгілігімізді әрі қарай жалғастырамыз.Келесі бізде «Күз сыйы» кезеңі. Бүлдіршіндеріміздің өздері ата-анасымен бірігіп табиғи бұйымдардан және дәмді астық тағамдардан , жемістер мен көкөністерден дайындаған Алтын күз бейнесі қолөнерлерінің көрмесі. Балабақшамыздың басшылары өзара бағалап, бағасын мерекеміздің соңғы бөлімінде марапаттап беретін болады.

Жүргізуші:Бүлдіршіндеріміздің табиғи бұйымдардан жасаған көрмесі өте керемет екен. Ата аналарға мың алғыс білдіреміз.

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,


Орысбай Нұрайды сахна ортасына шақырамыз.

Ән: «Балалық шақ»

Орындайтын: Орысбай Нұрай

Алтын күз: Балаларым, балғыным,

Өздеріңді қимаймын

Дәм татыңдар мінеки,

Күзгі жеміс-жидектен

Өздеріңе сыйлаймын.- деп мен сендермене қоштасамын. Өте өнерлі, білімді, талантты балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Қош сау болыңыздар!

(Алтын күз себет толы жемістерін балаларға таратып береді)

1.Жүргізуші:Құрметті қонақтар! Ата-аналар! Бүгінгі біздің «Арайлы – Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, келер күзіміз де берекелі, молшылық, астықты болсын деп тілейміз. Бүгінгі мерекені қорытындылай отырып, «Күз сый» көрмесімен қолөнер дайындап әкелгене ата-аналарымызға марапаттау үшін сөз кезегін балабақшамыздың басшысына береміз.

2.Жүргізуші: Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар қонақтар!

Келгенше күз айналып.

Қош сау болыңыздар!


Қорытынды: Марапаттау рәсімі.



Естелікке суретке түсу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет