Қуыршақ: Ендеше батпақтан өту керек шығар?
«Батпақ» эстафетасы: Балалар екіге бөлініп тұрады. Біріншісі допқа отырып лилия жапырағына дейін жүгіріп, оның жапырағын алып өз командасына қарай кері жүгіреді. Содан келесісі жүгіреді.
(Жарыстан кейін Ашулы Тікенектің киімінің ішіндегі бір шар жарылады, ол арықтайды. Жарыс сайын оның шары жарылып, ашудан арылады).
Ашулы Тікенек: Ой, ой маған не болған?
Қуыршақ: Бұл сенен кетіп жатқан ашу ғой. Кәнеки, екінші суретті көрейік. Жаз туралы суреттер, жақсы, балалар, сендер Жаз туралы мақал - мәтелдер білесіңдер ме? Білсеңдер, айтып берейікші.(1-4сынып)