Үйсіндер, Қаңлылар,Сарматтар



бет2/6
Дата25.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#105402
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
үйсіндер,Қаңлылар,Сарматтар Ховдаш Асыл 201

Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды.

  • Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды.
  • Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған.
  • Үйсіндерде жоғары деңгейде тұрған әскери үйым болды. Әскерлері жақсы қаруланған салт аттылардан тұрды. Мәселен, Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжыньцянь үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған (қаруланған) 30 мың атты нөкері жене оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет