Жүсіп Баласағұн Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз. Луций Анней Сенека



бет2/3
Дата25.07.2023
өлшемі23,4 Kb.
#179601
1   2   3
Үміт өрге тартадыүмітсіздік көрге тартады

Бауыржан Момышұлы


Адамда аз да болса бір үміт, бір таяныш болу керек. Ондай таяныш болмаса тіршілік етіп не керек?

Жүсіпбек Аймауытов


Үміт жүректі қуанышқа толтырады

Менандр


Армандай білуге бейімділікте де ұлы даналық бар

Анатоль Франс


Үміттен гөрі үмітсіздік көбірек алдайды

Люк де Калье Вовенарг


Үмітін жоғалтқан жан, ешқашан үміттеніп көрмеген жан

Бауыржан Момышұлы
Ақша қымбат тұрады
(Р.Эмерсон)

Ақша ақшадан туады
(Т.Фуллер)
Ақылды адам алғыс айтудан ауырсынбайды
Э. Бульвер-Литтон

Өзгенің өзіңе көрсеткен қызметін ұмытпа да, сенің өзің көрсеткен қызметтеріңді ұмыт


Пубиилий Сир

Берген — үндемесін, алған — айтсын


М. Сервантес

Рақметі жоққа қызмет көрсетсең — ештеңе етпес, ал оңбағанның қызметін қабылдау — зор бақытсыздық


Ф. Ларошфуко

Ең зор бақытсыздық — біздің жек көруімізге лайық адамдардың көмегіне зәрулік


Кабус
...қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі шекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш шекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс — тарих үшін елеулі бұйым

Мұхтар Әуезов

Қазақтың ән әуездерінің тамаша бір қасиеті — оның шын жүректен шыққан эмоциялық сезімталдығы мен сезгіштігі



Борис Владимирович Асафьев

… біздің қазақ әнқұмар халық… Біреу қолына домбыра ұстап ән сала бастаса, ойдағы-қырдағысы жиналып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін қалмай қамалап, айтшы-айтшылап жанын жағасына келтіреді. Бара-бара не болса да сол әндегі рух сүйегіне сіңеді, құлағында қалады.



Сұлтанмахмұт Торайғыров

Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді



Григорий Николаевич Потанин

Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызды басқа халықтан кездестіру екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға ән көмегімен оқытады



Э. Вульфсон

Қолдан істелген екі ішекті домбырадан мұндай нәзік, мұндай әсем дыбыстар шығады дегенге мен еш уақытта сенбеген болар едім! Егер де мына қарапайым жаныңа тиетін әнді өз құлағыммен естімеген болсам, мен оның ызыңдаған жаратылыс үнімен ұласатын күшіне де сенбес едім!



Александр Ефимович Алекторов
Құр айқай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған,
Кісіге сән бе екен?

Абай Құнанбаев

Адамның тіршілігі үшін тамақ қандай қажет болса, музыка ән-күйдің де сондай физиологиялық қажеттігі бар



Сұлтанбек Қожахметов

Ән — халық үні, оныі шындығы, оның ойы мен сезімі



Жамбыл Жабаев
Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет