Жүсіп Баласағұнның еңбектеріндегі афоризмдер, ондағы дүниетанымдық көзқарас Мазмұны кіріспе



бет1/5
Дата08.09.2017
өлшемі1,05 Mb.
#31910
  1   2   3   4   5
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Жүсіп Баласағұнның еңбектеріндегі афоризмдер, ондағы дүниетанымдық көзқарас

Мазмұны
КІРІСПЕ..................................................................................................................3

  1. Қазақ әдебиеті тарихындағы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінің орны………………………………………........................................7

    1. Жүсіп Баласағұнның өмірі мен қызметі хақында………………..................7

    2. Жүсіп Баласағұнның шығармашылығының жинақталып зерттелуі……………………………………………………………...............14



  1. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі афоризмдердің дүниетанымдық мәні………………......…………………………………....21

    1. Қазақ әдебиетінде қазақ дүниетанымының мәні……………….............21

    2. Адам баласының адами тұлғасының Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі көрінісі………………………………………...........................28

    3. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі тіл мәселесі…….........47

    4. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі этика-эстетика мәселесі……………………………………………………………...............54

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................66

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ ............................69

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ ежелгі дәуір әдебиетіндегі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі афоризмдердің қолданылуы, олардың қазіргі заманымызға жетіп, қазіргі дамыған заманда алатын орны мен маңыздылығы.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында «адам» тұлғасын қалыптастыратын рухани дүниенің тазалығын өзек етіп, өз заманының қоғамдық-әлеуметтік жағдайына байланысты «адам» ұғымын құрайтын негізгі жақсы және жаман қасиеттерді билеушіге, яғни үстем тап өкілдеріне қатысты айтады. Мәселені әмірші-патшадан бастап ақын «ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті – түзу, сөзі – шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт» екенін жазған. Поэмадағы адамгершілік аясына шоғырланған ойларды көне түркілік, шығыстық сарындағы тілдік бірліктермен, афоризмдермен, мақал-мәтелдермен, тұрақты теңеулермен берілген.

Афоризм (нақыл сөз) –мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа, әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. «ХХІ ғасыр – білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі»(Н.Ә.Назарбаев), «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер» (Абай).

Ақынның қазақ тілімен мәндес өсиет сөздері көптеп кезігеді. Мысалы: «Ұлұғ болдұң әрсе кішіг тұт көңіл, ұлұғқа кішілік йарашұр оғұл» нақыл сөзі қазақ тілінде «Ұлық болсаң, кішік бол» деген тіркестерде жалғасын тапқан.



Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі мақсат - еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу.

Әрбір адам өз ұлтының мөлдір бұлағынан сусындамай тұрып, өзін толыққанды ұлт ретінде сезіне алмайды. Осы орайда, Жүсіп Баласағұнның дидактикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздеріне қайырымды басшы басқарған, дамыған қоғамның негізін әділ заң, әділ елбасы, әділетті өмір қағидасы қамтиды. Жүсіп Баласағұн пікірінше, мемлекеттің дамуы жеке тұлғадан бастап, ел басшысына дейін олардың ақыл-парасаты мен біліміне, мінез-құлқына тікелей байланысты. Сондықтан, ғұлама-ойшылдың дастанында айтылған нақыл сөздердің маңызы зор. Дана ойшылдың: «Жақсы мінез-құлық пен ізгілік, адамға құрметпен қарау, басқарушының халқымен жақсы қарым-қатынасы қоғамды тек ізгілікке, жақсылыққа бастайды. Мұндай ізгі бекті елі еш уақытта ұмытпайды,−деуі, «Құтты біліктегі» мінсіз қоғам идеясы, қоғамды ізгі басқару мәселесінде адам мінезін, болмысын терең сезіне толғануы Жүсіп Баласағұн мұрасының қазіргі таңдағы ізгілікті басқарудағы ғылыми танымымызды кеңейтіп, рухани бастау болып табылады.



Зерттеудің нысаны: Жүсіп Баласағұнның танымдық-дидактикалық мұрасы. Бұқаралық ақпарат құралдарында белгілі саясаткерлер, өнер адамдары, зиялы қауым, қоғамдағы әртүрлі топтар мен адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас құралы ретінде қолданысқа ие болған дастаннан алынған афоризмдердің, қазақ тіліне енген нақыл сөздердің ой көркемдігінің рөлі негіз болды.

Зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдеби тіліміздегі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі афоризмдердің мағыналық қалыптасу тарихын, бұрынғы және қазіргі үлгілерін, олардың қолданыстық жіктемесін, функционалдық стильдердегі қызметін, ораторлық өнердегі маңызын ғылыми тұрғыда зерделеу.

Дипломлық жұмыстың мақсаты бірнеше міндеттердің шешімін табуды талап етеді. Олар:



  • шығармадағы афоризмдердің ежелгі әлем өркениеттеріндегі ізгілікті басқару идеяларының дамуын анықтай;

  • шығармадағы афоризмдерде айтылған идеялардың қазақ әдебиетіндегі ғұламалары ой-пікірлерінің дамуына ықпалын көрсету;

  • шығармадағы афоризмдерде ойшылдың көздеген ұрпақты тәрбиелеудегі дүниетанымдық ұстанымдарын, бағыттарын, қызметі мен әдіс-тәсілдерін жүйелеп, ғылыми тұрғыда негіздеу;

  • шығармадағы афоризмдерде ақынның идеяларының бүгінгі таңдағы өміршеңдігі мен ұлттық тәрбиедегі құндылығын айқындау

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Дереккөздер ретінде соңғы мерзімдегі баспасөз, оқу құралдары, ғылыми мақалалар жинақтары, дипломлық еңбектер, көркем әдебиеттер, энциклопедиялық құралдар және әр алуан сөздіктер қолданылды.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Тарихи-қоғамдық заңдылықтар дамуын ашатын философиялық қағидалар, материалистік философия құбылыстарының жалпы және өзара байланысы, тарихилық, шынайылық, тұтастық, аксиологиялық ұстанымдар, тәрбиеге тұлғалық, іс-әрекеттік көзқарас, қоғамдағы жеке тұлға іс-әрекеті, қабілеті, жеке тұлғаның қалыптасуы туралы қағидалар, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың өзара бірлігі туралы тұжырымдамалар, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көзқарас тұрғысында ізгілікті басқару идеясының негіздері, мәдени мұраларды зерттеудегі жүйелілік құрайды.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысы барысында дәстүрлі лингвистикалық әдістер – тарихи-салыстырмалы әдіс, нормативтік әдіс, сондай-ақ, компонентті және функционалды-контекстік әдістер қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері: Зерттеу жұмысы – ежелгі дәуір әдебиетіндегі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі афоризмдердің көркемдігі, танымдық турасында ғылыми негізде жазылды.

Зерттеу жұмысымызда Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі афоризмдердің қолдану жиелегін, орыс тіліне және ағылшын тілдерге енген үлгілерінің әлі күнге дейінгі қолданысы, қазақ тілдік жүйесіндегі орны, функционалдық стильдердегі қызметі, нормалары секілді ғылыми мәселелер қозғалады:



  • орыс және қазақ тілдерінде Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі афоризмдердің зерттеу қағидаларындағы ұқсастықтар және өзгешеліктер анықталды;

  • қазақ тіліндегі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі афоризмдердің дұрыс ретпен қолдану жолдары анықталды;

  • Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі афоризмдердің өзгеріссіз және өзгеріске ұшыраған түрлері айқындалды;

  • орыс әдебиетіне енген Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі афоризмдердің аударудың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды;

  • қазақ тіліндегі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі афоризмдердің анықтылығы мен түсініксіз тұстары анықталды.

Аталған мәселелердің ғылыми тұрғыда тұжырымдалып, шешім табуы қазақ әдеби тіліміз үшін, қазақ тіл білімінің салалары үшін және тіл мәдениеті үшін маңызды.

Зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы: Жұмыстың қорытындысын, түйіндеген қисындыларды, келтірілген тілдік фактілерді қазақ әдеби тілінің лексика және грамматика салаларын одан әрі дамыта, тереңдете зерттеуде, сондай-ақ, терминология, стилистика тармақтары бойынша тұжырымды пікір қорытуда пайдалануға болады.

Жұмыста айтылған ойлар, пікірлер мен жасалған тұжырымдардың БАҚ тілінде, баспасөз беттерінде кең көлемде көрініс табады. Сонымен бірге күрделі сөздердің қысқарған үлгілер қазіргі таңда кез-келген салада жоғары жиілікпен қолданылады.



Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- ежелгі Шығыс мемлекеттері − ізгілікті басқару және ғылым мен білім идеясының негіздерін салған әлем өркениеттері;

- Орта Азиядағы Қайта өрлеу дәуірі − ізгілікті басқару және адамгершілік тәрбиесі идеясын қарқынды дамыған тарихи кезеңі;

- түркіден шыққан ғұлама Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны – парасатты басқару идеясының негіздерін түркі тілінде алғаш баяндаған тәлім-тәрбиелік еңбек, дастандағы ізгілікті басқарудың жүйесі.

- Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы басқарудың мақсаты- ізгілікті қоғам орнату. Ғұлама мұрасының қазіргі заманға байланысты өміршеңдігі және ұлттық тәрбиедегі құндылығы.

Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы. Дипломның негізгі нәтижелері С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедра мәжілістерінде талқыланды. Зерттеудің негізгі мәселелері мен теориялық тұжырымдары әртүрлі басылымдағы жарияланымдарда жарық көрді. Атап айтқанда, зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен нәтижелеріС.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде «Жүсіп Баласағұнның еңбектеріндегі мақал – мәтелдердің танымдық табиғаты» атты мақала жарық көрді.

Дипломның құрылымы. Дипломлық еңбек кіріспеден, екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Жұмыстың соңында дастандағы ежелгі түркі сөздер мен атауларға түсініктеме, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі беріледі.

1 Қазақ әдебиеті тарихындағы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінің орны

1.1 Жүсіп Баласағұнның өмірі мен қызметі хақында

«Құтты білік» жазбасының мәдени мәні орасан зор. X-XI ғасырларда араб-парсы Орта Азиядағы түркі тайпаларының тілін жұтып қоюға дейін барып тұрғанда, Жүсіп Баласағұнның түркі тілінде көлемді де күрделі дастан жазуы өз кезеңі үшін үлкен тарихи жаңалық болды. Дастанның көркемдік ерекшеліктері айтарлықтай биік болмаса да, осы тарихи қызметі жағынан жазба биік бағаланады. Өйткені, «Құтты білік» X-XI ғасырдағы Жетісу жерінде тұрған түркі тайпаларының барлық салт-санасын, әдет-ғұрпын, олардың арасындағы түрлі жіктерді, қарым-қатынасты, мәдениетін және тілін толық қамтыған шығарма. Бұл реттен дастанды бір ғана хан-хақандар салтын жырлайтын шығарма деп бағалауға болмайды. Онда түркі тайпаларының салт-санасы да көрініс тапқан. Кейбір жыр деректеріне қарағанда Қарахандар мемлекетінде тап теңсіздігінің үлкен орын алғаны байқалады. Бір жағынан хан сарайы, екінші жағынан бұқара халықтың өмірі суреттеледі. Сол себепті Е.Бертельс Жүсіп дастанындағы әділдік идеясын халық арманынан туған тілек деп дұрыс бағалайды. Жүсіптің өзі де ақсүйектерден шыққан үстем тап өкілі емес, көбіне бұқара халыққа арқа сүйеген ақын. Оның ақындар туралы сөзінде көшпелі елдерге тән ақындық өнерді дәріптеу салты да бар. Ақын өзін хандарға ақылшымын, халық өкілімін деп ұғындырады.

Ақындар келер алдыңа,

Сөз шебері сәуегей.

Сөздері өткір қылыштан,

Қылдан нәзік қиялы,

Тыңдасаң тыңда ақынды,

Нәзік сөздің бұлағы.

Жаныңа қуат жақсы сөз,

Құлақ құрышы қанады.

Мұхиттың түбі гауһар тас,

Інжу-маржан жанады.

Сол теңіздей жүректің,

Түбінде жатқан асылды,

Ақындар ғана табады.

Мақтағанын жеткізер,

Халық сүйіп тыңдайды.

Қарғаса сағың ұшады,

Таңың атып тумайды.

Ақындарды сыйлай біл,

Даңқыңды жұртқа жырлайды.

Қабағы қатса қуандыр,

Қарны ашса тойындыр.

Ақындардың сөзінен,

Пайдалы нәрсе болмайды, -

деген жерде Жүсіп ақындық өнерді шабыттана жырлайды, оған үлкен әлеуметтік баға береді. Бұл жолдарда ақын хан сарайына деген көзқарасы да ашылған. Жүсіп өзін олардан бөлек ұстайды. Тіпті хан-хақандарға сатира элементін қолдануға да бар. Е.Бертельс Жүсіптің осы сөздері арғы тегінде Фердаусидің Махмұт Ғазнауи сұлтанға жазған сатирасының рухы бар деп бекер айтпаған.

«Құтты біліктің» жарыққа шығуы Орта Азиядағы түркі тілдес әдебиеттің оянуына зор әсерін тигізген. Одан кейін бұқара халыққа түсінікті тілде шығарма жазған ақындар аз болмаған. Солардың бастылары Қожа Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, қыпшақ ақыны құтып, тарихшы Мұхаммед Қайдар Дулати, т.б. Ахмет Иүгнеки де Жүсіп ізінде «Шындық сыйы» деген дастан жазады (XII ғ.). мұнысы жанр, стиль, тақырыбы жағынан Жүсіптің «Құтты білігіне» өте ұқсас. Бір ғана айырма оларға кімге бағыштап жазылғандығында. Жүсіптің «Құтты білігі» хан-хақандарға арналса, Ахметтің өсиеттері бұқара халыққа бағышталған. Өзбек халқының ұлы ақыны Әмір Әлішер Науаи өзінің «Махаббат желі» («Насайымұл Мұхабба») деген кітабында Ахмет Иүгенекидің осы еңбегін өте биік бағалайды. Өйткені, ол заманда түркі әдебиетінің үлгісінде жазылған кітап үлкен жаңалық болған. Сол тарихи жаңалықтың туын көтерген ақындардың бірі – Жүсіп Баласағұн. Сондықтан да оның есімі мен шығармасы ежелгі түркі әдебиеті тарихынан көрнекті орын алуға лайықты [1,74-75.].

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны ежелгі түркі поэзиясын мейлінше толық бейнелейтін туынды. Сонымен қатар, шығармадағы әлеуметтік-дидактикалық сарындар қазақ жыраулары поэзиясында қайталанып, мазмұн жағынан да, формасы тұрғысынан да кемелдене түседі. Бұл кездейсоқ жайт емес, қоғамдық сананың даму заңдылығынан туған құбылыс.

«Құтты білік» - өз дәуірінің адамгершілік принциптері мен этикалық нормаларының бейнесі іспеттес шығарма саналған. Дастанда ақын әділдік, ақыл-парасат, бақ-дәулет, қанағат-ынсап туралы ой толғайды. Сондай-ақ адамгершілік, оқу-білім, тәлім-тәрбие, әдептілік хақында өсиет-ғибрат жасайды.

Ең бастысы –өз заманында «Құтты білік» дастанын мемлекетті басқару жөніндегі заң ережелер жинағы ретінде танылған болатын. Өйткені шығармада ел басқару принциптері орта ғасыр философиясы жырланды.

Қазақ хандығы енді ғана қалыптасып келе жатқан тарихи кезеңде дәл осындай қоғамдық-әлеуметтік, саяси мәселелер күн тәртібінде тұрды. Олар қалың бұқара халық пен ел билеуші әкімдер арасындағы қарым-қатынас нормалары, әрбір адамның қоғам алдындағы міндеттері, мемлекетті басқару принциптері және тағы басқа көптеген әлеуметтік ахуалдағы мәселелер қамтыды.

Сол себепті де Қазақ хандығы тұсындағы жыраулар бұл мәселелердің шешуін ежелгі түркі поэзиясынан, X-XII ғасырларда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн сынды ақыл-ой алыптарының туындаларынан іздейді. Бұл қоғамдық дамудың заңды құбылысы болды. Әрине, қазақ даласының жыраулары ежелгі тарихтан дәрістік мағлұмат ғана алып қойған жоқ, сонымен қатар дидактикалық сарындағы әдебиет туындысы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанын мазмұндық, тілдік, стильдік жағынан жетілдіре түсті.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы афоризмдерді қазақ дала жыраулары хандық дәуірдегі жеке адам мен отбасы, отбасы мен қоғам, қарапайым халық пен ел билеуші әкімдер арасындағы қарым-қатынасты өздері өмір сүріп отырған дәуірдің адамгершілік нормаларын, моральін, этикасын өз толғауларына өзек етті.

Соның өзінде, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар сияқты аса дарынды жыраулар «Құтты білік» дидактикалық дастаны сарынында құрылған поэзия үлгілерін қазақ қауымының наным-сеніміне лайықты формаға енгізіп жетілдіре түсті.

Сөйтіп, XV-XVIII ғасырларда жырауларға шығармашылығына арқау болып, сонымен бірге, қазақтың төл әдебиетінің бастауы да болды. Орта ғасырдағы түркі шайырлары өздерінің дидактикалық сарындағы уағыз-өсиеттерін жалпылама қауымға арнап, абстракті түрде айтса, ал енді қазақ жыраулары өздерінің сын-ескертпелерін, ғибрат сөздерін, төрелерге, хандарға ескертпе ретінде арнап толғады. Осылайша қазақ жыраулары өздеріне дейінгі нақылды, тақпақты, үгіт-насихат, уағыз айту түрінде шешендік және тәрбиелілік поэзия мазмұны мен формасы тұрғысынан жетілдірді [2, 190-192].

«Құтты білік» - XI ғасырға дейінгі түркі тілді халықтардың қоғамдық ой санасында орын алған рухани құбылыстарды тұтас қамтыған энциклопедиялық қуатқа ие көркем туынды.

Абай шығармаларында жүйелі түрде мол таралатын мораль философиясы ой толғаныстардың ішкі төркіндері әсіресе ондағы жәуан мәрттілік жөнінде айтылатын пікірлермен іштей іліктестік табатын рухани қазына көздерінің бірі – XI ғасырда қазақ жерінде жазылып, дүниеге келген «Құтты білік» дастаны. Айғақты дәлел – екі себеп. Оның бірі – Абайдың кітапханасының қорында Жүсіп Баласағұнның атақты «Құтты білік» дидактикалық дастанының болғаны жайлы ақынның немере інісі Мұтылғанның жазбаша дерегі. Дастандағы жәуан мәрттілік пікірлер желесімен Абайдың 17, 38 – қарасөзі мен «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге»және тағы басқа өлеңдеріндегі олардың іліктес, төркіндес келіп жатуы, тамыры тереңде жатқан рухани туыстық танытқандай нақтылы ұғымдармен ұштастырады.

М. Әуезов те бұл дастанға көп көңіл бөлген. Москва университетінде оқыған лекциясында осы дастанға аранайы тоқталып, талдау жасап, пікір білдірген. Бұл аталған деректер тобы «Құтты білік» пен қазақ әдебиетінің байланыс жайында мағлұмат береді.

«Құтты білік» XI ғасырда өмір сүрген түркі тайпаларының бәріне түсінікті әдеби тіл негізінде жазылуы себепті, оны әр дәуірде мәдениеті мен ғылымы үдере даму жолына түскен түркі тілді бауырлас халықтардың бәрі де ортақ мұра ретінде зерттеп, ғасырлар сырына қаныға бермек. Мақсат – әр халық осы ұлы мұрадан пікір суыртпақтап, өзінің рухани өзекті желісін тарта білуіне кеп тіреледі [3, 66 -67бб.].

Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербелік өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеден XI ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хасхаджиб Баласағұн музыкант семьясында дүниеге келген. Жүсіп жыл қайыру дәстүрі бойынша санағанда барыс жылы, яғни 1021 жылы туған. Жүсіп Баласағұн туралы жазба деректер көзін ақынның өз шығармасы «Құтты біліктен» ғана табамыз. Ақын дастанын жасы елуге келгенде он сегіз ай ішінде жазып бітірген хабарлайды. «Құтты білік» («Бақытқа жеткізуші білік») түркі тілді туысқан халықтардың қазіргі заманға қазақ әдебиетіне жеткен дүниежүзілік мәнге ие бірден-бір жазба ескерткіші. XI ғасырға дейінгі жазба әдеби тілдің даму жолдарын білдіре алатын асыл мұралардың бірі.

Жүсіптің туған жері – қазіргі Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласы кезіндегі Қараханидтер әулетінің екі рет астанасына айналған ірі мәдени орталығы болатын. Ерте кезде Тянь-Шань мен Алатайдың солтүстік беткейі Баласағұн таулары деп аталғанын М. Қашқари өз еңбегінде баяндайды. Осы Баласағұн тауларынан басталып ағатын Шу бойындағы Баласағұн қаласы –Жүсіптің туып өскен ата мекені.

Қараханидтер билігіне Қытайдан Каспиге дейінгі ұлан-байтақ өлкені жайлаған түркі тайпалары бағынады. Бұларды билеуші бас ханды табғашхан, жеке өлкелері билеушіні илекхан дап атаған. Илекхандардың іштей билікке өзара таласы орталықтанған мемлекетті жегідей жеген қайшылыққа ұрындырды. Жүсіп осы кезеңге түс келді де мемлекетті орталықтандыру идеясын жыр етті. Бұл әсіресе ескі түркі жазуында Білге қаған толғайтын мемлекетті орталықтандыру, бірлік жайлы өсиет сарыны рухани дәстүр ретінде бұл идеяның «Құтты білік» жаңаша қойылуына да көрінеді.

Жүсіп – өз заманынан иығы асқан дана ұлдарының бірі. Оның терең білік иесі екендігі дастанда арнайы сөз болатын ғылым салалары жайлы пікірлерінен де сезіледі. Ол өз заманындағы ғылым салаларымен түгелдей хабардар кісі. Ол философия, астрономия, геометрия, алгебра, медицина, психология, астрология ғылымдарына жеке-жеке тоқталып тіпті Эвклид теориясын меңгеруді уағыздайды.

«Құтты білік» - түркі тілді халықтардың ой санасында орын алған рухани құбылыстарды тұтас қамтыған энциклопедиялық қуатқа ие көркем туынды. Жүсіп Баласағұнның дастаны Баласағұнда басталып, Қашқарда аяқтаған. Табғаш Бөрі Қара қаған Әбу Әлі Хасан ибн Сүлейман Арысланға сыйға тартып, қағаннан ұлы хажхаджиб лауазымын алған. Сондықтан да ол Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн атанып кеткен. «Құтты білік» дастаны бүкіл Туран, Иран, Қытай елдеріне таралып, даңқы жайылған. Дастанға әр халық өзінше ат қойып, қызыға оқыған. Жүсіптің:

Бу Машриқ елинде камуғ трук ичин,

Мэниң қытаб иоқ ажунды ыдын –

Шығыс елінде, түрік жерінде,

Бұдан бөлек кітап жоқ білген әлемде, -

деп айтуына қарағанда түркі халықтарының классикалық жазба әдебиетінің бірегей ортақ ескерткіші ретінде танылып отыр [4, 215-217 бб.].

Жүсіп өз заманының ғылым саласынан толық танысып кемелденген шағында «Құтты білік» тәрізді классикалық шығармасын жазуға бет бұрды. Араб, парсы тілдерін жақсы білумен бірге өз ана тілін терең меңгеріп, бар байлығын бойына дарытқан Жүсіп ана тілінің көркемдік қуатын әлемге таныту бағытын ұстады. Өз тілін менсінбей араб, парсы тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты сырттан таңылған қорлық салты үстем кезде өз ана тілінде көркем шығарма жазу дәстүрін қалыптастырып кетуі – соның тарихи еңбегі.

Музыкант отбасында туғандықтан музыканы, күй тартып, өлең айтып, нақышты музыка лез бойына толық дарытқан. Баласағұнның бізге жеткен ең ірі туындысы түркі тілінде жазылған 13 мың жолдың Ғибрат – өнеге поэмасы. «Құтты білік» 1069 жылы жазылған. Бұл – саясат, өнеге, тәрбие жөнінде толғаныс тапқан, үлкен тәрбиелік мәні бар, тағылымы – терең, философиялық трактат [5, 66 б.].

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020 жыл шамасында, Жетісу -өңірі, Баласағұн қаласы – ө.ж.б.) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкият (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі т.б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген [6, 44].

Жүсіп Баласағұнның өмірі туралы мәлімет мүлдем аз сақталған. «Құтты білік» дастанының авторы жөнінде бір шама деректер осы шығарманың өзінде бірі қара сөзбен, екіншісі өлеңмен жазылған алғы сөздерінде бар. Жүсіптің өзі емес, кейінірек дастанды көшірушілердің бірі жазған болу керек.

Жүсіп Баласағұн өз өмірі мен ақындық қызметі жайындағы кейбір деректерді «Құтты білік» дастанының соңғы үш тарауында қысқаша түрде, үстірт қана әңгіме етеді. Осыған сүйене отыра, Жүсіп Баласағұн орта ғасырда Қарахан әулеті жүргізген мемлекеттің бір кездегі астанасы Баласағұн шаһарында туылған. Акдемик В.В.Бартольдтың пайымдауынша, Баласағұн қаласы Жетісу өңірінде, Шу өзенінің бойындағы Тоқмақ қаласына жақын жерде болған.

Сол кездегі түркі тілдес тайпалардың мәдени өмірінде Қашқар қаласы да зор рөл атқарғаны мәлім. Ақынның «Құтты білік» дастанын Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқталуы кездейсоқ жайт емес. Дастанда қара сөзбен жазылған кіріспеде ақын: «Бұл кітіпты жазған кісі Баласағұнда туылған... осы кітапты Қашқарда жазып бітіріп, шығыстың әміршісі Табғаш Қара Бограханға тарту еттім» дейді.

Ақын Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанын хижра есебі бойынша 462 жылы, яғни жаңаша жыл санау есебі бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Бұл жөнінде Жүсіп Баласағұнның өзі дастанда (6495 және 6623-бәйіттер) екі рет ескертеді. Осы дастанды он сегіз айда жазып бітірген Баласағұн шығарманың мәтінінде өзі айтады. Жүсіп Хас Хажиб бұл еңбегін жақсы егде тартып қалған шағында жазған. Ақын өзі туралы айта келіп: «Елуге де кеп қалдық... Бір кезде қара қарға едік, аққуға аппақ айналдық» (364-365-бәйіттер) дейді.

Сайып келе, осы шығарманы ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалымдардың есебі бойынша, Жүсіп Баласағұн өз еңбегін шамамен алғанда елу төрт жасында жазып бітірген. Демек, ақын 1015-1016 жылдары туылған деп болжайды. 1070 жылы ақын «Құтты білік» шығармасын аяқтап, сол жылы «хандардың ханына» тарту етеді. Бұл тартуға риза болған Бограхан ойшыл-ақынға Ұлы Хас Хажиб «бас кеңесшіміз» немесе «ұлы уәзір» (патша сарайындағы қызметкерлердің басшысы) деген жоғары атақ береді [7, 148].

Дегенмен де, Құрбанғали Халид «Тарауих хамса» кітабында Баласағұнның «иыл алтмыш екі ерді төрт иүз білә» дегені ескі жыл санау бойынша төрт жүз жылдың алпыс екінші жылы еді деген мағынада, яғни хыжра бойынша 362 жыл болып шығады деп түсіндіреді. Ал Г.Вамбери және басқа Еуропа зерттеушілерімен бұл мәселеде келіспейтінін жазады. Құрбанғани Халид «Алты шаһар хабарлары» тарауында: Һарун өлген соң Садық таққа отырып, айналасының бәрін ислам дініне енгізді (350-400 хыжры) деп дәйектей отырып, Садықтың уәзірі Жүсіп Қыдырхан – лақабы имам Патшах – «Құтадғу білік» кітабын жазып, Садық Бұғраханға тарту еткен. Жүсіп Қыдырхан хан болмаған, атына «хан» сөзінің тіркелетіні өз аты солай болуы керек. Себебі Бұғраханнан ұл болмай, Нұрғалия хан атты жалғыз қыз қалып, содан алып Арыстан хан туады деп, Алып Арыстан хан таққа отырғанға дейінгі бірқатар жайларды айқындап кетеді. Садықтың атын (915-955 жж.) С.Г. Кляшторный да тілге тиек етеді.

Ал А.Н. Кононов өз кезегінде В.В. Бартольдқа сүйеніп, ол кезеңдегі Қарахандар билеушісінің аты-жөнін: «Тауғаш-Бұғра-Қарахан Әбу Әли Хасан, Арслан Қарахан Сүлеймен ұлы» деп білдіреді. С.Г. Кляшторный: «Дастан сыйға тартылған елбасының аты арабша Әбу Әли әл-Хасан, лақабы Нәсір әл-хақ-уад-дин Мәлік әл-машрық еді деп, түрікше лауазым-мәртебесі Тауғаш Бұғра Қарахан болатын», -деп түйеді. Дастанның жазылуының тарихи себептерін, әрі түркі жұртына мұсылмандық ұшқындары келе бастаған кезеңдегі туған шығарма екендігін ескерсек, Құрбанғали Халид айтқандары жобаға келеді. Әйтсе де осы күнге дейінгі зерттеулердің бәрінде де В.В. Бартольд болжамы негізге алынып жүрген болатын.

Дастанға белгілі түркітанушы, академик А.Н. Кононов: «Привсей своей моралистической направленности «кутадгу билиг» не является и не может являться, как иногда на этом настаивают, книгой сухих этоко-дидактических наставлений и нравоучений. Это – философское произведение, в котором анализируется поведение человека в обществе, при этом Юсуф не страшится критиковать общество, в котором он сам живет», - деп сипаттама берсе, туындыны орыс тіліне толық, еркін аудармасын жасаған С.Н. Иванов: «Благодатное знание» - выдающееся произведение тюркоязычной литературы XI века», деп баға береді [8, 34-37].

Саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, оқу-ағарту, мәдениет мәселелерін ғұлама-ақын өз дәуірінің талап-тілектері тұрғысынан жырлайды. Сөйтіп, Жүсіп Баласағұн өз заманының ойшыл ақыны, ірі ғалымы, мемлекет қайраткері ретінде тарих сахнасына шықты. «Құтты білік» дастаны ақынның көзі тірісі кезінде-ақ кеңінен тарап, түркі тілінде жазылған ең жақсы кітап санатына жатты. Бұл шығарма әр елде түрліше атпен танымал болды. Мысалы: Шын елінің адамдары «Адабул-мүлік» («Әкімдердің әдептілігі») деп ал Мешін жұрты «Айнкүлмамлакат» («Мемлекет тәртібі»), Шығыс елдердің әкімдері «Зийнатул-умаро» («Әмірлердің сән-салтанаты»), парсылар «Шаһномаи-туркий» («Түркілердің шаһнамасы»), турандықтар «Құтадғу білік» («Құтты білік») деп атайды.

Осы атаулардың қай-қайсысы болса да Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасының мемлектті басқару істеріне, адамгершілік-мораль мәселелеріне арналғанын аңғартады [ 9, 147].

6451. Ей, білікті, бақсаң заман сыңайын,

Бәрі өзгерген, өзгерткен ел райын.

Біліктіге есе бермей қорлады,

Ақылдылар тілін ашпай сорлады!


Көбейді елде қорлаушы да, зорлар да,

Бас көтермес сорлы болды қорланған.


Адалдықтың аты қалды, көзі жоқ,

Қарақшы – арам, әттең тоқтау, тезі жоқ!


Жаһан құлқы мүлдем бөлек болды, көр!

Кісі жаны тілден бөлек болды, көр! –

деп ғұлама заманның бар кейпін өлең жолына қосқан. Жүсіп Баласағұн қоғам мен дәуір шындығын, адамдардың шынайы бейнесін философиялық зерттеулерсіз соншалық толық жоғары дәрежеде жеткізген. Жүсіп ел рухын жасытып, елдіктің іргесін құлдырататын әлжуар тұстарды бұлтартпай нұсқаған.

Опа кетті, елді жафа жалмады,

Сенетін бір кісілік ер қалмады!

Бауырынан бауыр безіп суысты.

Жатбауыр боп көкті туыс-туысты!

«Құтты білік» осы тұсынан қарағанда дастан Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің көрінісі ретінде қазіргі тарих беттеріне сол ғасырдың ауыр күндерін, елдің құрылысы туралы, тілі және адамдардың принциптері турасында жетік хабар береді. Түркі жұртының толысып кемеліне келген тұсында «Ол кезде құлы – құлды болған, Күңі – күңді болған еді» - деп масаттанатын шыбытты толғамдардың орнына:

Бек ұлдарың құл болды,

Пәк қыздарың күң болды! – деп ашынып аһ ұрмақшы ма еді?!

[10, 61]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет