Жумашева Жарқынай Тажибаевна Маңғыстау обылысы Қарақия ауданы «Құрық орта мектеп – гимназиясы»



бет5/6
Дата04.02.2022
өлшемі70 Kb.
#130754
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
баяндама био

Үй жағдайында тиімді жұмыс істеу: негізгі қағидалар Қашықтан жұмыс істеу кезіндегі оқытушының негізгі міндеті – карантин кезеңінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру. Ол үшін уақытты дұрыс ұйымдастыру керек, сонда ғана үйде тиімді жұмыс жасай аласыз:
1. Үйреншікті жұмыс уақытын сақтаңыз.
2. Жұмыс кеңістігін ұйымдастырыңыз және оны тек жұмыс үшін пайдаланыңыз.
3. Үй ішімен әңгімелесіп, жұмыс барысындағы әрекеттер алгоритмін түсіндіріңіз.
4. Түскі ас пен жеңіл тамақ ішетін уақытты алдын ала анықтап, ас әзірлеп қойыңыз. Сонда артықша уақыт жұмсамай, түскі ас кезінде жылытуға болады.
5. Сабақтар онлайн режимде өтетіндіктен, сыртқы келбетіңізді де ұмытпаған жөн.
Қашықтықтан оқытуда оқу процесін дұрыс ұйымдастыру жеке істерге уақыт табуға мүмкіндік береді.Мұғалімдер арасындағы ара-қатынастық байланысты сәтті құру және бірлесіп жұмыс істеу үшін төмендегі қағидаларды ұстану қажет:
1. Жұмыс күні 6 сағаттан кем болмауы керек, бұл уақытта мұғалімдер желіде болуы керек.
2. Тілдесу үшін бейне қоңырауларды қолдану. Бұл туындаған мәселелерді жылдам шешуге көмектеседі.
3. Көрнекі мысал үшін экранды қосыңыз және онлайн-конференцияларды өткізгеннен кейін барлық қатысушыларға толыққанды материал жіберіңіз.
4. Жоспарлауды күн сайын бір уақытта жасаңыз.
5. Әр кездесудің аралық нәтижелерін жазыңыз және оларды барлық қызығушылық білдірген адамдарға жіберіңіз.
Негізінде қашықтықтан оқыту мектептерде Республика, облыс, қала және мектеп кеңістігінде кең қолданыс табуда. Мектеп көлемінде айтатын болсақ, «Интернет күнделікті» алуға болады. Бұл жаңашылдық екі – үш жыл көлемінде өз жұмысын атқарып келуде. Бұл инновациялық әдіс арқылы ата – аналар балаларының білім үлгірімін, ал оқушылар үй жұмысын уақытында біліп отырады. Мұндай әдіс арқылы мектеп пен ата – аналар қауымы арасындағы байланыстың одан сайын нығаюына үлкен септігін береді. Оқытылатын пәндерден қашықтық олимпиадалар Қазақстандық интернет олимпиадалар («КИО») өтеді. Мұндай интернет олимпиадалар оқушылардың үлкен қызығушылығын танытады. Тапсырмалары қызықты, сан алуан және олимпиаданың ең тиімді жері – оқушылар өздерінің білім деңгейлерінің көрсеткішін бірден білулері болып табылады. Аталған олимпиадалар сайыс түрінде берілсе де, оқушыларды оқытады деп айтуға болады. Өйткені, оқушылар сабақ барысында алған білімдерін шыңдайды, тексереді, салыстырады. Оқушыларға арналған олимпиадалардан басқа, мұғалімдерге арналған онлайн жүйесінде өтетін сан алуан семинарлар, конференциялар, сабақтар ұйымдастырылады.
Қашықтан оқытуға деген жаңа қызығушылық телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы, ғаламдық ақпараттық желінің пайда болуы аясында туындаған. Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де, балалар үшін де оңай шаруа емес, біраз күш-қуатты талап етеді. Бұл – отандық білім беру жүйесі үшін үлкен күш. Педагогикалық қоғамдастық сабақтан тыс жерде оқытушы мен оқушы арасындағы жедел әрекеттестік құралы ретінде осы жоғары жылдамдықты байланыс желілеріне үлкен үміт артып отырмын.
Қашықтықтан білім беру саласында жұмыс істейтін “Bilimland”, “Daryn.online”, “Күнделік”, “Univer”, “Zoom”, “U-study” бағдарламалар ұсынылды.Мұғалім ретінде барлық бағдарламаларға талдау жүргіздім және ыңғайлы,қолайлы болғаны ” EDUS ” бағдарламасы. Өзімнің жеке жұмыс жасап үйренуіме ұтымды – “Bilimland” бағдарламасы.
Мектеп оқушыларына қарағанда, ата-аналар қашықтан оқытудың сапасына алаңдаулы. Мұғалім WhatsApp желісінде тапсырмаларды және үй жұмысын жіберіп отырады. Балалар ” EDUS ” бағдарламасын ашып, мұғалімдердің жаңа тақырып жайлы жоспарлары мен пікірін және жіберген бейнебаяндарын көре алады.Сонымен қатар оқытушыларымыз бен білім алушыларымыздың арасындағы байланыс әр түрлі мессенджерлер арқылы жүзеге асырылуда. Атап айтатын болсам: Zoom, Microsoft Teams, Google Classrom, Skype, электронды пошталар білім берудің мүмкіндіктерін арттырды. Аталған бағдарламада (демонстрация экрана) деген батырманы бассаңыз, барлық көрнекілік құралдарыңызбен, презентация, сызба, оқу құралдарын, сонымен қатар сұрақ-жауап алмасып, видеобейнеңізді запись арқылы сақтап алуға мүмкіншілігіңіз бар. Ұжымымыздағы шұғыл және өзекті мәселелерді осы бағдарлама арқылы жүргізуге мүмкіндік туып отыр.
Оқушылар тек тапсырмаларды ғана емес, бейнежазбаларға сілтемені де қоса алады. Ал оқушылар үй тапсырмасын бұрынғы әдетпен дәптерге жазады. Жасаған жұмысын суретке түсіреді де, электронды пошта немесе WhatsApp желісі арқылы жібереді. Бұл тапсырма қағаздарын ата-анасы баласына түсіндіруге көмектесу үшін басып шығаруға да болады.Оқу материалын қашықтан үйрену қаншалықты ыңғайлы болатынын балалардың көбі ойлап жатқан жоқ.
Оқушылар қашықтан оқытуды карантин кезіндегі қызықты жаңа тәжірибе ретінде қабылдады.
Білім министрі А.Аймағамбетовтың қашықтықтан оқыту туралы бұйрығы шыққанда бойымды қорқыныш ұялады. Бір жағынан, қызығушылық пайда болды. «Қалай білім берер екенбіз?», «Оқушылар қалай қабылдайды екен?» деген сұрақтар мазалады. Қазіргі оқушылар өте ақылды, дарынды, сондықтан оқушыларым еш қиналмастан оқу бағдарламасын үйіріп алып кетті. Берілген тапсырманы уақытылы орындап, үлкен жауапкершілігімен белсенді түрде сабаққа қатысады,бұл жерде ата-аналардың да рөлі бар, осы тарапында ата – аналарға үлкен алғысымды білдіремін. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деген К.Д.Ушинский. Осы ұлы тұлғаның сөзін ұран етіп қана қоймай, ісімізбен дәлелдейтін уақыт келді.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің басты артықшылығының бірі – уақытты үнемдей алатын болдым. Осы үнемдеген уақытымды өзімнің кәсіби деңгейім мен шеберлігімді арттыруға жұмсаймын. Сабақтың қызықты болуына көңіл аударамын. Сабақтың тақырыбына қарай қосымша тың мәліметтерді таныстырып, оқушылардың қызығушылығын оятуға және пікір алмасу, пікірталастар ұйымдастыру арқылы олардың белсенділігін арттыруға тырысамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет