Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша


Жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының дақылдарын криоконсервациялау



бет37/38
Дата08.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#156953
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
multi-213 x606468403

3. Жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының дақылдарын криоконсервациялау
Жасушалық линияларды дақылдау кезінде зерттеушілер алдында жасушаларды ұзақ уақыт сақтау қадеттілігі жие пайда болады. Жасушалар линиясын ұзақ уақыт дақылдаған кезде жасушаларда ақырында олардың өліміне немесе қатерлі ісік жасушаларына трансформацияға әкелетін әртүрлі мутациялар пайда болады. Сол кезде жасушалардың тән биохимиялық қасиеттері, екіншілік метаболиттерді синтездеу қабілеттері және т.б. жоғалады. Жасушалардың морфофизиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерін зерттеген кезде стандартты жасушалық линиялар қажет. Осы мәселелерге байланысты жасушалық линияларды криосақтау әдісі ерекше маңызды бола бастайды. Криосақтау - шамадан тыс төмен температуралар жағдайында биологиялық материалды қатыру. Әдетте оны сұйық азотта -196 oC температурада өткізеді. Криосақтау сәттілігі көптеген факторларға тәуелді:
1. Қатыратын жасушалар типіне
2. Жасушалардың биохимиялық метаболизм ерекшеліктеріне.
3. Дақылдау және криоконсервация үшін қоректік орталардың құрамы.
4. Жасушалық өсірінді түріне: суспензиялық немесе моноқабатты.
5. Криопротектор сапасы, концентрация мен түрі
6. Тоңазату ерекшеліктері
7. Жасушаларды сақтау режимі.
8. Мұздатылған жасушалық өсіріндінің еріту әдістері мен жылдамдығы.
Криоконсервация, сақтау мен ерітудің негізгі принциптері:
1. Суспензия түрінде болатын жасушаларды 105 – 106 жасуша /1 мл концентрациясында криоконсервациялайды.
2. Мұздату жасушаларды экспоненциалды фазаның ортасында бөліп алады, себебі стационарлық фазада криоконсервацияның зақымдаушылық әсеріне тұрақтылығы төменірек болады.
3. Жануарлар жасушаларының мұздату процесі өсімдіктерден ерекшелінеді. Өсімдіктер жасушаларын криопротекторларды қосып арнайы жағдайларда алдын ала дақылдайды.
4. Міндетті түрде криопротекторлар қолданылады.
5. Жасушалар өсірінділерінің мұздату процесі белгілі бір бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Мұздату нәтижесінде екі қарамақарсы мәселелер пайда болады: бір жағынан баяу мұздату жасушадан тыс мұздың қалыптасуына және нәтижесінде жасушаның сусыздану мен өліміне, басқа жағынан жылдам мұздату жасуша ішінде мұздар кристалдарының қалыптасуына және жасушаішілік құрылымдарының зақымдануына алып келеді. Әдетте мұздатуды екі кезеңде өткізеді: бірінші кезеңде v = 1 0С/мин жылдамдықпен + 37 0 С тан – 28 0 С дейін тоңазытады, содан кейін сұйық азотқа батырады – 196 С (жылдам мұздату).
6. Жасушаларды сұйық азот температурасында (– 196 °С) тіршілікке қабілеттілігін жоғалтпай бірнеше жыл сақтауға болады.
7. Еріткен кезде жылдам еріту принципін сақтайды. Жасушалар өсіріндісін +37°С температурасында өсу үшін қоректік ортада жылытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет