Байланысты: Журасова А.Ш. Тарихты оқыту әдістемесі
Тарих пәнін оқытудағы байланыстар. Тарихтың белгілі бір курсынан сабақ беру – мектептің білім беру, тәрбиелеу жұмысының бір бөлігі: біріншіден, тұтас алғанда мектепте тарихтан білім берудің жүйелі буындарының бірі, екіншіден, оқытудың тиісті жылында білім беру, тәрбиелеу процесінің бір қыры болып табылады. Осыған орай тарихтың жеке курсын оқытудың мақсаты оның мектепте тарихтан білім беруде алатын орны және тиісті сыныптардағы оқу пәндерімен байланысты тұрғысынан қарастырылады.
Жоғарғы сыныптарда тарихты оқыту географияны, әдебиетті оқытумен байланысты. Пәндердің өзара байланысы басқа пәндерді оқытудан алған білімге, іскерлік пен дағдыға сүйенуден, оқушылардың барлық басқа пәндерге ортақ ойлауы мен тілін дамытудан көрінеді. Оқушылардың жоғарғы сыныптарға дейін қандай тарихи түсінік пен ұғымдарды білетіндіктері оларға тірек болады және жоғарғы сыныптарда тарихты оқыту процесінде ол түсініктер онан әрі дамытылады.
Қоғамдық өмір саласында оқушылардың көзқарасын қалыптастыру ісіне мектептегі көптеген оқу пәндері үлес қосады. Тарихты оқыту оқушыларға мол білім беріп және олардың тарихи ойлауын дамытып қана қоймайды, сонымен бірге оқушылардың басқа пәндердің оқытылуынан, кітаптар мен газеттерді оқудан , киноға, театрларға барудан және тағы да басқалай алатын білімдерін жүйеге салады, жинақтайды, оларда баяндалған фактілерге оқушылардың өздерінің көзқарастарын қалыптастыруға көмектеседі. Осылайша тарихты оқыту барысындағы материалдық дҥние туралы тҥсінік тек бір ғана тарих арқылы емес, барлық мектеп пәндерін оқыту барысында қалыптасады. Біртҧтас білімді қалыптастыру ҥшін жҥйелі
білімдердің синтезі болуы қажет. Сондықтан мектеп бағдарламасына сәйкес пәнаралық байланыс жҥзеге асырылуға тиіс.
Тарихты оқытудағы байланыстар және оның тҥрлері: Пәнаралық байланыс – пән мен пән арасындағы байланыс.
Мысалы, тарих пен әдебиет;
Курсаралық байланыс – курс пен курс арасындағы байланыс.
Мысалы, ежелгі дҥние тарихы мен орта ғасырлар тарихы;
Курс ішілік байланыс – бір курстың ішіндегі тақырыптар арасындағы байланыс. Мысалы, С.Разин мен Е.Пугачев кӛтерілісі.
Пәнаралық байланысты жҥзеге асыру ҥшін:
Әрбір пәндегі келесі пәнмен байланысты бағытты ескеру қажет;
Дәл сәйкес келетін факті мен теориялық материалдарды, уақытын дәл анықтау керек.
Пәнаралық байланыстың дидактикалық мәні дегеніміз – барлық байланысушы пәндердің жан-жақтылық, жалпылық сипаты.
Тарих адамзат қоғамының барлық жағы мен кезеңін қарастыратын болғандықтан тарихпен тек гуманитарлық қана емес жаратылыс пәндері де байланысты. Мысалы, мәдениет тарихы бойынша әдебиет, сурет сабақтарын, орналасқан кеңістігі бойынша география, ӛлшем, қашықтығын математика пәндерімен байланыстырамыз.
Пәнаралық байланысты жҥзеге асыру ҥшін терең білім керек. Сондықтан біріншіден, тҥсіндірілетін ҧғымның структуралық- мазмҧндық мәнін анықтау; екіншіден, осы ҧғымның қандай белгілері ӛткен немесе ӛтілетін пәндермен байланысты екенін анықтау керек. Пәнаралық байланыстармен қатар пәнішілік байланыстар да жҥзеге асырылады.
Пәнаралық байланыстарды жҥзеге асыру әдістері:
ӛтілген фактіні оқытушының еске тҥсіруі;
сҧрақ-тапсырма беру;
қорытушы таблица қҧрастыру;
деректер негізінде оқушылардың мәлімдеме немесе баяндама әзірлеуі;
басқа пәндер бойынша дәптерлеріне әртҥрлі жазбаларды қолдану.
Пәнаралық және пәнішілік байланыста оқушыларға ҥлкен кӛмек беретін дидактикалық қҧралдар. Бҧлар оқулық, қҧжат тексі, кинофильмнен фрагмент, текстік және цифрлық таблица, шығарма т.б.