Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің


Республиканский научно-педагогический, методический журнал



Pdf көрінісі
бет30/84
Дата21.10.2022
өлшемі11,5 Mb.
#154335
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   84
Байланысты:
Журнал 40 оза-2

29
Республиканский научно-педагогический, методический журнал 
№40 (апрель) 2022 год 
тас тесетін бейнебір су тәрізді» деген 
теңеулері бүгінгі күнде де өз мәнін жойған 
жоқ. Ендеше, әлемдік өркениетке бет алған 
бүгінгі қазақ елінің де болашағы білім мен 
тәрбиенің алауын жаққан мектеппен тікелей 
байланысты және мектеп тағдыры халық 
тағдырымен тамырлас. 
Білім беру оқыту мен тәрбиелеудегі 
үздіксіз 
үрдіс. 
Бүгінгі 
ғылым 
мен 
техниканың озған заманында жас ұрпаққа 
жан – жақты сапалы білім мен саналы тәрбие 
берудің нәтижесі, жемісті болуы мұғалімнің 
педагогтік әдебіне, әдістемесі мен кәсіби 
шеберлігіне 
байланысты, 
сабақта 
педагогикалық 
жаңа 
технологияларды 
ұтымды пайдалана отырып, әрбір шәкірттің 
жүрегіне жол табу. Атақты тіл білгірі, ғалым, 
ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың: «Балам 
дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала 
қайдан тусын?» деген ойлы пікірі әрбір 
ұстазға үлкен ой салары сөзсіз. 
Мұғалім 
шеберлігі 
уақытпен 
санасады десек те, адам көкірегінде арман 
болары, сол арманын көрсету арқылы 
оқушыны да арман көкжиегіне қызықтыра 
көз тіккізе білгені жөн. Қазіргі заман 
мұғалімі осындай талап деңгейінен көрінеді: 
1.
Мамандығы 
бойынша 
негізгі
дайындығы болуы. 
2.
Адамдардың 
адамға, 
қоғамға
қатынасын 
реттейтін 
құқықтық 
және 
этикалық нормаларын білуі. 
3. Қазіргі білім беру технологиясын
пайдалана отырып, жаңа білім алуы және өз 
еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі. 
4. Компьютерлік техниканы меңгеруі.
5.Ғылыми іскерлік, қоғамдық-саяси
және 
тұрмыстық 
тілдер 
ауқымында 
мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе 
білуі. 
Жаңа замандағы ұстаздың кәсіби 
мәдениетінің сипаттары: кәсіби қасиеті, 
моральдық-этикалық 
қасиеті 
және 
психологиялық даярлығына байланысты. 
Қазақтың ұлы педагогы, психологы, 
ағартушы, 
жазушы 
Ж. 
Аймауытов 
«...Баланың 
ақылы, 
сезімі, 
қайраты 
мұғалімнің 
жігерлі 
ықпалы 
арқасында 
жетіледі. Мұғалім балаларына салақ, селқос 
қараса, олардың жан қуатын кемітіп, тәрбие 
де бере алмайды» деп, мұғалімнің бала 
алдындағы үлкен жауапкершілігін атап 
көрсеткен 
және 
де 
әр 
баланың 
психологиялық 
ерекшеліктерін 
ескеруі 
қажеттігін аңғартқан. 
Қарап отырсақ, білімі терең және 
жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың 
жетістіктерін игерген оқушының өзін-өзі 
тануға ұмтылуына ізденуіне жол ашу – 
мұғалім алдындағы үлкен міндет. Өмірде 
дұрыс жол табуы үшін адам дұрыс ой түйіп, 
өздігінен 
сапалы, 
дәлелді 
шешімдер 
қабылдауы керек. Демек, бүгінгі мектептің 
алдына қойған ең басты мақсаты – қазіргі 
заманның өркениетті, прогресшіл бағытына 
сай азаматтық адамгершілік қасиеті мол, 
терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. 
Мұғалімнің 
педагогтік 
әдебі, 
шеберлігі әр баланың дара қасиетін ескере 
отырып таңқалдыруға жұмсалуы қажет. 
«Баланы таңқалдыруды ұмытпа, даналық 
таңқалудан басталады» дейді даналар. Әрбір 
бала – халқының тұлғасы, сондықтан 
халықты 
жасайтын 
да 
мұғалім. 
Адамгершілігі мол мұғалімнің келбеті оның 
кісілігі 
мен 
маман 
ретіндегі 
білігінің 
үйлесімінен тұрады. Олай болса, жаңа заман 
мұғалімінің осы деңгейден шыға алатынына 
сенемін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет