8 – дәріс
Тақырып: Жарнама мәтінінің тақырыбы және ұрандар
Слоган – жарнаманың ұраны. Ұран жасау «мен нақты нұсқауды талап ететін адаммын» дегендей әрекетті оятады. Жарнама материалындағы слоган жасау – іс-әрекетті оятып назарды тартады. Слогандарды байқайтын адамдарды санайтын болсақ, олар барлық жарнаманы оқитын адамдардан 4-5 есе көп.
Слоган - сауда ұсынысының күшті әрекет ететін түрі, әрбір слоганда ұсыныс болуы керек. Жарнама ұранын ойлап табу кезінде мына талаптарды ескерілетін болу керек:
жалпы жарнама тақырыбына сөзсіз сәйкес келуі;
қарапайымдылық: «Ортекс» фирмасының ескі слоганы- «Ортек - не
ждет рынка, он формирует, делая ваши рубли свабодно конвертируемымы сегодня!». Фирманың жаңа слоганы (олар екеу)- «Ортекс: сөз - іс! және «Үміт пен сапа - біздің стиль».
Лозунгты есте сақтау үшін ерекше сөздер ойыны жолымен іске
асады.
«Пермавиа - акция с вериталным взлетем! » «Пермавиа» фирмасының
атауын еске түсіреді.
Жарнамалық хабарламада басты рөл оның тақырыбы болып
табылады. Тақырыпсыз жарнамалық хабарлама өте тиімсіз. Орта есеппен мәтінге қарағанда тақырыпты бес есе көп оқиды. Тақырыбында 80 пайыз тауар туралы айтылмаған мәтін берілді делік, онда әлеуетті тұтынушылар шынайы бола алмайды. Тақырыптың тұтынушы оқып үлгеретін сөз болатынын ескерген дұрыс.
Тақырыпқа қарап тұтынушы жарнаманы елестету арқылы және
тауарды қолданудан түсетін нақты пайда туралы түсінік беретіндей анық болу керек.
Тақырып – жарнаманың мәтіннің мазмұны және оны елестетіп
суреттеу арқылы қызғушылықты арттырады. Бұл көпір іспеттес.
Мамандар тақырыпты дұрыс қолданудың бірнеше жолдарын көрсеткен. Ол мына талаптарды қанағаттандыра алу керек:
1. Қысқа әрі нұсқа да болуы. Оннан көп сөзден құралған тақырып
қысқа тақырыпқа қарағанда нашар есте қалады.
2. Мүмкіндік болған жағдайда «тырнақша» ішінде болса оның
ұтымдылығы 28 пайызға өседі.
3. Қызмет немесе тауар артықшылығына нұсқау жасау әуесқойлықты оятады.
4. Белгілі нарыққа, тұтынушының белгілі бір түрінде сәйкестік болу
керек.
5. Жеке қызығушылықты ояту.
6. Өнімнің артықшылығына адресаттың бірден назар аударуы.
7. Тұтынушының қызығушылығын жарнаманың шығармашылық жағына
емес, өнім сапасына аударып бағыттау.
8. Жарнамаланатын өнімнің жалпы кейпін көрсету.
9. Ескі өнімдерді жаңа әдістермен пайдалану туралы айтатын жаңалық
стилімен тарту.
10. Қажет болмаған жағдайда тақырыпты қисайтуға, егер тақырып бір
қатарға сыймаған жағдайда тақырыпты екінші сөйлемнің ортасынан бөлмеген дұрыс.
Жарнама мәтіндерін зерттеу нәтижелерінде жарнаманы қабылдауға кері әсер ететін қателер анықталып жатады. Мамандар жарнамалық хабарламаларда мәтіндегі лингвистиканы жетілдіру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше ұсыныстар жасап отыр:
ойды жүйелеу және жеңілдету. Қарапайым және тіке айту. Күнделікті
сөздер мен қысқа сөйлемдерді пайдалану. Оның мағынасын кез келген адам бірден түсіну керек. Техникалық және басқа да жаргон түрлерін пайдаланбау;
хабарламаны шабытты және еліктіретіндей етіп көрсету. Егер ол
әуесқойлықты оятса, тіпті қызығушылық тудырса одан да жақсы болар еді. Түрі ұзақ созылыңқы түсіндірмелерден, сондай-ақ мақұлдаулардан аулақ болу қажет;
Тұтынушыны осы тауар мен қызметтен түсетін пайдаға бағдарлауы
керек;
Нақты және түрткі болатындай етіп айту қажет. Сұраулы
сөйлемдерден гөрі келісу сөйлемдерін «Сізге неге біздің дүкенге кірмеске?» деген сияқты сөйлемнің орнына «дәл қазір біздің дүкендегі тауарды көріңіз» сөйлемін пайдаланған дұрыс;
Адал да шыншыл болу. Тауарды өтірік насихаттау дұрыс емес,
мұндай жағдайда қателіктің орнын толтыру өте қиынға соғады;
Мұнтаздай болу. Безендіру арқылы назар аудару - нәтижелі іс емес.
Оны қолданған көрермен мен оқырман тауар немесе жарнама тартымсыздығын жарнама берушінің соңғы үміті деп болжайды.
кезінде қалай, қайтіп тауарды сату-сатып алуға болатынын айту керек.
9 – дәріс
Тақырып: Жарнама мәтінінің графикасы
Мамандар жарнама мәтінінің графикалық безендірілуіне қатысты белгіленген заңдылықтарды былай анықтайды: макетті дайындау кезінде бүгілу орынды жасыратынын, безендіру мен мәтінді бұрмалайтынын ескерген жөн.
Мәтін міндетті түрде көрерменнің, оқырманның назарын аударуы қажет. Көз шұбалаңқы азат жолсыз жазылған, анық көрсетілмеген атаусыз мәтінді оқырмен бір-ақ қабылдай алмайды. Жарнама шрифті күнделікті баспа бетіндегі материалдардың шрифтінен кіші болмауы керек. Негізінен газет шрифті өте кіші. Оқырманға жарнаманы оқуды жеңілдету қажет. Бас әріптермен басылған мәтін, бір көлемдегі әріптермен жазылған мәтінге қарағанда тез қабылданады. Баса жазылған шрифт ауыр сөз, қомақты ойды, тауарға деген сенімділікті, ал нәзік жазулар, дәлділік пен нәзіктікті білдіреді. Шрифтің «сабақтастығын» сақтап, бірдей безендірулерді үш реттен артық қолданбаған жөн. Түрлі-түсті бояулармен жазылған мәтіндер тез қабылданады.
Жарнаманың көлемі де басты мәселе болып табылады. Кейбіреулердің көзқарасымен көрнекі әрі бүтіндей бет өте жақсы болып көрінуі мүмкін. Жарнаманың мақсаты - адамды сатып алуға немесе қызметті пайдалануға итермелеу. Жарнама қағаз бетінде міндетті түрдетүлі-түсті болуы шарт емес. Бар болғаны оқырманды қызықтырып, жарнама берушінің тілегін орындауға итермелейтіндей болуы қажет. Жарнаманың тиімділігі көлемінің кішілігіне қарамастан, мысалы жиегінің қуаты мен ерекшелігіне байланысты болуы мүмкін. Көлденең жолақты әріптер ауырлықты білдіреді, қиғаш жолақтар қозғалысқа әкеледі. Рамкаға орнатылған мәтін рамкасыз мәтінге қарағанда көңіл аударады. Шаршы немесе шеңберге (тұрақты симметрия) орналасқан мәтін сенімділік шақырады. Эллипс шығармашылық ізденісті тұрақтандырады. Үш бұрыштың бір бұрышына рамкада орнатылған мәтін қозғалысты тұрақтандырады. Кертілген таңбалық шрифт жақсы оқылатын және оны тақырыпқа емес жақсысы жарнамалық мәтінге пайдаланған дұрыс. Нағыз жақсы оқылатын аралығы екі интервалдан алынған 10-12 шрифт.
Негізінен бағанда 40 белгіден артық қолданбаған жөн. Ұзақ қатарлы мәтінде келесі қатарды табу қиын. Сондай- ақ ол беттердің бүгілуін қиындатады, жарнамалық хабарламаның боз және ашық түсті элементтерін жоғары, қара және ауыр түсті бөлігін төменге орналастырған жөн. Егер жарнама бір беттен аз болса онда тік орналастырған жөн. Дизайнды дайындау кезінде пайдаланатын сызық түрлері:
қиғаш сызықтар - тартымды қозғалыс жасау үшін, жылдамдық пен
қуат;
- тік сызықтар - үстемдік, ұлылық пен күшқуат;
- көлденең сызықтар – тыныштықты және байсалдылықты сенімділік
және жайлылықты сезіну үшін;
оқырман үшін табиғи «Маршрут» көзқарасын белгілеу пайдалы.
Мысалы безендіру тақырыбынан өтіп, тауардың ерекшелігіне немесе атауына, содан соң төмен жағына жарнама мәтінін және соңына логотип немесе тауар белгісін орналастыру қажет;
тиімді жарнама барлық бетті, жолақпен қоса «жиектеу» көрнекті
болып есептеледі. Егер оны орындау қиын болса жарнаманың айналасына жіңішке рамка жасау керек, ол элементтердің өзара әрекетіне септігін тигізеді және жұмыстың аяқталғандығын білдіреді.
«жиектеу» жарнамасында мәтін беттің шетіне дейін жетпеуі керек: ол
бүгілу мен «кесілуі» мүмкін. Мәтін мен ішкі жиек арасында 1см қалдыру керек. Логотипті ортаның төменгі немесе оң жақтың төменгі жағына орналастырған жөн. Ол көзге түсетіндей көлемді болуы керек
Жарнама мәтінінде төмендегі жағдайлар болмағаны жөн:
- тақырып бөлшектеніп немесе бас әріптермен жазылу;
- кері шрифт;
- курсив немесе шрифтің сәндік түрлері;
- суреттің үстіне түскен мәтін немесе тақырып;
- әріптер мен сөздердің өте алшақ арақашықтығы; бәрі жинақы болуы
керек;
- элементтердің қатаң орналасуы қабылдауды қиындатады, элементтердің өзара жеңіл асимметриясы;
- мәтін пайдалануда сүйір кескін - оқуды төмендетеді, мәтіннің сол жағы
тегіс болуы керек. Айтылған ұсыныстар мен талаптарды жүзеге асыру үшін, шрифтің көлемі мен басқа көркем элементтер және олардың ара қашықтығын білу керек. Анық көрсетілген жақсы оқылатын болуы шарт.
-
Қашықтықтан оқу
|
Ұсынылатын
шрифт көлемі
|
1 м................................
|
7 мм
|
3 м...............................
|
15 мм
|
5 м...............................
|
25 мм
|
10 м............................
|
40 мм
|
15 м..............................
|
70 мм
|
Мамандар жарнаманы қабылдаудың композициялық – графикалық
әдістерін ұсынады.
«Нәтижелі» тәсіл - жарнама беруші фирманың қол жеткізген
нәтижелерін графика түрінде көрнекі көрсетуде қолданылады. Осы мақсатта:
жарнама материалында тауар іс-әрекетте көрсетіледі;
тауардың белгілі сипатының бір бөлігі немесе тұтынушы жағымды жағын көрсетеді;
нәтиже салыстыру түрінде көрсетіледі «Болғаны - болады», «Оларда – Сізде» , «Бәсекелестерде - бізде».
Көбіне артықшылық жөнінде қысқа әрі нұсқа түсіндірме жасалады
Тұтынушыны жаңа ұстанымға бағыттау тәсілі
белсенді жеңімпаз кейіпкер немесе тауар, қызмет көрсетіліп,
қасында болу кезінде «бізге қосылыңдар» деген ұрандар айтылады. Кейде осындай кейіпкер немесе тауар, қызмет тікелей мағынада шектен шығып кетеді.
Тұтынушы графика құралдары арқылы белсенді қызметкер,
қожайын ретінде көрсетеді;
әрбір адам қолға үйреткен жануар, жануарлардың сүп- сүйкімді ,
мамық төлдері, бала қатысатын жарнама материалдарында әрбір жөні түзу адам автоматты түрде өзін «қожайын», «ата- ана» ретінде психологиялық ұтымды жағынан қарайды.
10. ТЕЛЕДИДАРДАҒЫ ЖАРНАМА
Халыққа деген сұранысы оның қоғамда атқарар қызметіне, мемлекеттің көлемі мен өзге де жайттарға тікелей байланысы, технологиялық өрендеуіне байланысты «жарнама» электронды ақпарат құралдарына келді.
Теледидардың аудиториясы үлкен болғандықтан жан-жақты жұмыс істейді. Тұтынушы көп тауардың ішінен өзіне қажетті өнімді таңдап алуына жарнаманың көп пайдасы бар. Теледидардан берілетін жарнама құны өте қымбатқа түседі, сондықтан санаулы минуттар ішінде тұтынушыға өнімді таныстырып, сіз бен бізді қармағына қаптырады. Теледидардан берілетін жарнаманың ешкімге ұқсамайтын бір ерекшелігі бейне мен дыбыс арқылы көрерменін, яғни тұтынушысының қызығушылығын оятады. Оның бәрі осы экранның пәрменділігіне байланысты. Теледидардан берілетін жарнама арқылы өнімін беріп отырған фирма өзінің беделін де көтереді. Әр жарнаманың көрермен назарына ұсынуда белгіленген сағаты, минуты, секунды болады. Ол аудиторияның көп жиналған уақытына орайластырылады.
Тауарды ауыстыру, сату жүйесіндегі ең басты ролде – жарнама тұрады. Оның басты мақсаты – фирма шығарған өнімнің жоғары сапалылығы, жаңашылдығы, қолдануға ыңғайлылығы және қолайлы бағасы туралы тұтынушыға таныстыру. Сондықтан, жарнамаға аз қаражат жұмсалмайды, бірақол әр қашан күткен қорытынды әкелмейді.
Жарнама – бұл барлық нарықта қолданылатын құрал. Дамыған нарықтық қатынаста бәсекелестік қоса жүреді, және әр бір сатушы тұтынушысына өнімін ұсынады, ал, оның қаншалықты маңыздылығы жөнінде бақталастықтар арасында күрес туындайды. Жарнама жасырын формасында белгілі бір өмір салтын және шындықпен қарым-қатынас сияты идеологиялық міндеттерін атқарады. Ол бұқарамен өзара байланыста әрекет ете отырып, қоғамдық саяси сананы тиімді жаулайды.
Жарнама адамдарға затты сатып алу қажеттілігі жөнінде ой тастап қана қоймайды. Ол өндірісшілерге, коммерсанттарға тауарларын өткізуге көмектесумен қатар, өмірге қияли көзқарастарды таратып, орнықтыруға да үлкен әсерін тигізеді.
Жарнама идеологиялық қару ретіндегі күшінің арта түсіп отырғандығы бүгінгі таңда ешбір дау тудырмайтындығы ақиқат. Оны таратуға бұқаралық ақпарат құралдары жұмыла кірісіп отыр.
Көрерменге күнде әртүрлі әсер қалтыратын хабарларды шетелдерде болып жатқан құбылыстарға күнделікті мәлімет беру, талаптарды көрсету арқылы халыққа танымал қылу.
Теледидардың міндеттері: халыққа кеңінен хабар тарату, өзінің хабарларын қызықты, оперативті түрде таратып, өз аудиториясын табу және де т.б. түрде өз деңгейін көтеріп, одан әрі дамыған үстіне даму. Теледидар хабарларында демократиямен жарнамалық көрсетілім аз емес. Мәселен, Ресей теледидарында әртүрлі тақырыпта проблемалық, билік адамдарымен сұхбаттасу арқылы жарнамалық немесе еркін хабарлар жүргізіледі. Қазіргі кезде жарнаманың түрі өте көп. Әсіресе, коммерциялық телеарналарда, жарнаманың мақсаты – ақпарат берудің нәтижесінде аудиторияға ықпал ету. БАҚ құрылымдары үшін пайда табудың ең бір зор мәнді күші. Бұқаралық ақпарат құралдарымен мемлекеттік, жеке меншік құрылымдарының арасындағы байланысты нығайтады. Н.А.Голман және Н.С.Добрабабенко: «Жарнама – бұл коммерциялық ойлардың, тауар және қызмет көрсетулердің қарқынды дамуына жол ашатын құрал. Бұнда ең бастысы – жарнама берушімен жарнама жасаушының арасындағы байланыс» деп айтқан сөз жарнаманың қасиетін анықтайды. Адамдардың эстетикалық жағынан жетілуіне әсер етеді, халықтың талғампаздығын қалыптастыруға, тұтыну мәдениетін арттырады. Бұл тұрғыда редакциялық алқа немесе редакторлар беріліп отырған жарнаманың сыртқы пішініне ғана емес, мән беріп қана қоймай, тәрбиелік функциясына, оқырманға әсер ететін әдемі тіліне ерекше мән береді. Теледидардағы жарнаманың сипаты:
сапалы, әрі тиімді
ақпараттық
агрессиялық
превентивтік
қорғаныстық қабілеті бар
біркелкі
әркелкі
Журналистер конгресі атқару комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның айтуынша, «Қоғамдық телеарна тұрғындардың төлемақысы еңбегінен күнелтуі керек». Әрине, мемлекетке де, қалталы қауымға да жалтақтамайтын телеарна қажет екені дау тудырмайды. Мәліметке сүйенсек, дүние жүзінің 49 елінде қоғамдық телеарна бар.
11. РАДИО –БИЗНЕС КӨЗІ
Радио – толыққанды бизнес көзі. Қазір негізінен барлық радиостанциялар жекеменшік объектісі және нарық заңдылықтарына бағынады. Яғни кез келген арна шығынсыз жұмыс істеуге жұмылған, өз қажеттерін толық өтеп еңбек етуге, өз өнімін сатуға бейімделген. Бәсекелестікке бейімделуіне қарай пайда да тауып жатыр.
Радионың табыс көздері: құрылтайшының инвестициялық қаражаты, жарнамадан және түрлі ақылы қызметтер көрсетуден түскен табыс. Негізгі шығын көздері: радиоүйін ұстау немесе жалға алу, техника мен жабдықтар сатып алу және солардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, өндірістік шығындар, жалақы қоры және қаламақы, музыка сатып алу, авторлық құқықты өтеу, радиокүшейткіштердің тарату шығындары, инженерлік-техникалық қызметтер, көлік, байланыс, сақтандыру және салықтар.
Қазақстандағы жарнама нарығы туралы ашық та дәл, сенімді мағлұматтар жоқ. «Гэллап медиа Азияның» деректері бойынша, Қазақстанда радиожарнама нарығы 2001 және 2002 жылдары – 11,9 млн., 2003 жылы – 12,4 млн., 2004 жылы – 15,9 млн. Ал 2005 жылы – 3,5 млн. АҚШ долларына парапар болған. Яғни, жыл өткен сайын радиоэфирден тарайтын жарнаманың көлемі артып келеді. Радиожарнама Қазақстандағы барлық жарнама түрлерінің 5-7 пайыздық үлесіне ие. Эфирдегі бір минут жарнаманың орташа құны 100 АҚШ долларына жуықтайды екен. Бұл жарнама аз ба, көп пе? Әлемдік жарнама нарығымен салыстырғанда бұл өте аз. Қазақстанда жан басына шаққанда орташа жылына 12$-ға жарнама таратылады екен. Ресейде бұл көрсеткіш екі еседей жоғары. АҚШ-та жылына әр жанға 1000 доллар көлемінде жарнама тарайды. Еуропаның дамыған елдерінде бұл көрсеткіш шамамен 200 евро көлемінде екен.
Қоғамның жалпы даму тенденцияларына байланысты өмірімізде және экономикамызда болған үлкен өзгеріс – қайта құру бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұны мен пішініне де елеулі әсер етті. Заман ағымына сай жеке кәсіпорындар мен фирмалардың көптеп ашылуы бұқаралық ақпарат құралдарына, соның ішінде радиоға жарнаманы әкелді. Алғашқы жарнама роликтерінің көп бөлігі алыс шетелдерден ұшып келеді.
Негізгі жарнама өндірісі елімізде кенжелеп қалып отыр. Әрине, мен бұл жерде мүлде дамымай қалды деуден аулақпын, осы бір жаңа істің Қазақстанда да берік кәсіпқойлары бар деп сенімді түрде айта аламыз. Радиожарнама 1992 жылдан бастап мемлекеттік емес радиоарналардың өмірге келуімен қатар аяғын тәй-тәй басып, енді ғана бойын тіктеп келеді.
Қазақстандағы мемлекеттік емес радиостансалар тәулік бойы қаншама жарнаманы әуе толқынына шығарады. Олар сағат сайын белгілі айдармен, мысалы, УНСФ радиосы – «Сунду – чок», «Торговый ряд», «Дастархан», «Радио 31» - «Супермаркет», «Радио Р»- «Торговый дом», «Автосалон» т.б. сынды жарнама топтамасын оқи отырып, жарнама роликтерін жүріп жатқан бағдарламаларды үзіп, ортасында, сондай – ақ, өлеңдер топтамасының аралығында жіберіп отырады.
Радиоролик жасау – қызықты іс. Ол адамды қызықтырып күн өткен сайын тарта береді. Бұл үшін жарнама ролигінің жасалу технологиясына қанық болған абзал. Сондай-ақ, бұл процесс едәуір қарапайым және арзанға түседі.
Радиожарнама жасауда үш элементтен тұратын жұмысты бастан өткересіз. Олар:диктор дауысы, музыка және арнайы эффектілер. Радиороликті радиостудиясында немнсе кез-келген үн жазу студияларында өндіруге болады.
Жарнама ролигінің тұрақты ұзақтығы 30 немесе 60 секунд. 30 секундтық роликке негізінен 60-70 сөз, ал минуттықтарға 140 сөзге дейін сияды.
Радиороликегі дауысқа байланысты екі жайды еске алар болсақ, біріншіден радиожарнама ролигінде тыңдарман көңілін бұзбайтын дауыс болуы шарт. Екіншіден, ол баяндалатын ақпарат басын жақсы біріктіруі керек. Радиороликке радиостанса қызметкерлерінің, кәсіби емес әуесқойлардың, профиссионал – дикторлардың дауыстарын пайдаланған жөн. Сондай-ақ, әйел, бала дауысы тыңдарман естимін-ау деп күтпегендіктен олардың назарын өздеріне аударуы мүмкін.
Әрдайым радиотыңдаушы жарнама заставкасы басталғанына 3-5 секунд өткенде оны ары қарай тыңдау керек пе, жоқ па деген ойға келеді. Зарттеу қорытындысы көрсеткендей бұл жерде ең жоғарғы ролді тауар дәрежесі ойнайды екен. Сондықтан, радиотыңдармандарды тарту үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады.
Жақсы радиосценарий жазу үшін мынаны еске ұстаған ләзім:
- заставканың басында жарнама берушінің (кәсіпорын, мекеме, фирма, т.с.с.) атын атау керек. Сосын жиі-жиі кем дегенде 3 рет қайталаңыз;
- егер оның атауы жеңіл болмаса, бір рет болса да, тыңдарманға түсінікті етіп жеткізіңіз;
- ауыз екі стильді сақтаңыз; жай сөздер мен қысқа сөйлемдер қолданыңыз; жаңылтпашты қолдану мүлде қажет емес;
- әртүрлі нұсқада тауардың тиімділігін жиі-жиі қайталаңыз;
- суретшінің орынды бояуындай етіп, мәнерлі сөйлеуге тырысыңыз; метафора қолданыңыз.
Жарнама заставкасының сөз көлемін анықтаудағы ережесі төмендегідей:
10 секундта -------------------- 20 – 25 сөз;
20 секундта -------------------- 40 – 45 сөз;
30 секундта -------------------- 60 – 70 сөз;
60 секундта -------------------125 – 140 сөз аралығында қолдану қажет. Және де тапсырыс жасауды, ұсынуды ұмытпаңыз. Радиотыңдарманның эфирден өткен жарнамадан кейін тауарға деген қызығушылығын оятып, іс-қимылға көшіруге тырысыңыз. Әрине, мұның бәрі жеткізуші мен радиожарнаманың сценарийіне тікелей байланысты.
12- дәріс
Нарықтағы жарнама уақытын сату
Біздің экономикалық өсуіміз телеарна, телестанциялардың табыстарын үлкен нәтижеге жеткізді. Оның өзінде жергілікті телеарналар кабельдік және спутниктік телеарналар арасындағы қатаң бәсекелестік жағдайда өмір сүреді. Басқа салаларға қарағанда, телеарналар өз өндірісін әрдайым өсіре алмайды. Телеарна басқа арнаның аудиториясын жаулап ала алады, бірақ өз тауарын басқа нарыққа «экспорттай» алмайды. Сондықтан бүкіл табысты эфирлік уақыттың бағасын көтеру арқылы табады.
Мысалы, 2005 жылы республиканың барлық телерадио арналары президенттік сайлау кезінде көп табысқа кенелді. Эфирлік уақыт барлық кандидаттар арасында тең бөлінгенімен, мұнда қаржы аспектісі үлкен рөл атқарды. Бөлінген бюджеттен басқа, кандидат өз қалтасынан жарнаманы қаржыландырып отырды. Осы кезде әр кандидаттың жарнамалық компаниясы ұйымдастырылып, жарнамалық роликтерді экранға шығарып, бұл әрекеттер тек кандидат пайдаланған телеарнаның пайдасына шешіліп отырды.
Жарнаманың тиімділігі және сапасы көптеген аспектілерге тәуелді. Жарнаманың бізге белгілі түрлері мен бағасы әртүрлі. Жарнаманың бағасы оның тасымалдаушы құралымен байланысты болады. Жарнаманы тасымалдаушы құралдар мен арналарды таңдау жұмысы ерекше рөл атқарады. Бұл қандай құралдар болатынын анықтау қажет.
Баспа жарнамасы:
листовка: кішкентай форматты, қымбат емес басылым;
даңғыл: көпбетті, жақсы суреттелген басылым, бағасы графикасына байланысты;
каталог: формасы бойынша даңғыл сияқты, бірақ мазмұнымен ерекшеленеді: оған тауардың, қызмет жайында тек маңызды мағлұматтар кіреді. Әрине, оның бағасы қалыңдығына және суреттер санына байланысты. (1 данасының орташа бағасы 500 теңгеден басталады);
буклет: бір немесе бірнеше рет бүктелген, екі немесе көптүсті, жақсы суреттелген басылым, оның бағасы қағаз сапасына байланысты болады;
плакат: бүктелмеген, үлкен форматты көптүсті басылым. Ол белгілі бір тауар немесе фирмаға арналып жасалады. Жарнамалық ақпаратты таратады және көзге тез түседі, оның бағасы сапасына тәуелді, қазіргі кезде ең тиімді және ең қымбат глянцты қағаздан жасалған плакат болып саналады (орташа 1 данасының бағасы 150 теңгеден бастап).
Баспа басылымдардағы жарнама:
орталық, жергілікті газеттерде, мұндай жарнаманың бағасы мәтіндегі сөздердің санына байланысты (жеке және заңды тұлға).
жалпы тағайындалған, ғылыми, салалық, фирмалық журналдарда басылады. Мұндағы жарнама қымбат және көрнекті болуы тиіс (бағасы 20 мың теңгеден асуы мүмкін);
арнаулы анықтама кітаптарында;
кітаптар мен оқулықтарда;
- радио мен телеарна жарнамасында;
- теледидарда немесе видеомагнитофон арқылы көрсетілетін клиптер мен спорттық бағдарламалар беріледі. Ол ең қымбат жарнама түрлерінің бірі. Мұнда атақты адамдар шақырылуы немесе арнайы эффект қосылуы мүмкін және бұл тұста эфирлік уақыттың ұзақтығына байланысты (бағасы 1,5 – 2000 $ - дан бастап болады).
- слайдфильм (түсті және ақ-қара) әдейі жасалған көрмелерде, конференцияларда немесе экрандарда көрсетіледі.
Сыртқы жарнама:
планшеттер мен щиттер;
жарық экрандарда, яғни оны «жүгіртпе жолдар» деп атайды ол телеарналарда немесе көшелерде, қоғамдық көлікте;
көшеге ілінетін тақтайшалар (вывеска);
көліктердегі жарнама (поездъ, автобус, кеме);
әуе көліктерінің көмегімен жасалатын жарнама (шарлар, дирижабль, вертолёттар арқылы жарнамалық құжаттарды аспанға көтеру).
Сату орындағы жарнама:
дүкендердің тауарымен әшекейленген әйнектер;
баннерлер: тікбұрышты және ұшбұрышты планшеттер (мата, қағаз, пластмасса), жарнамалық мәтіні бар;
тауардың сыртындағы қаптамасы;
бағасы бар қағаздар (ценник);
Сувенирлі жарнама:
өндірістің жарнамасы (брелоктар, қаламдар, сөмкелер, белгілеуіштер);
күнтізбе, ашықхаттарда.
Жарнаманың тиімділігі сатылым көлеміне, тұтынушылардың ақпараттандырылу сапасына байланысты. Сондықтан жарнамаланатын тауарды және ең бастысы аудиторияны зерттеп, дұрыс таңдау жасай білу қажет.
Республикалық телеарналардағы көрсетілетін жарнамадан түсетін табыс көзі қомақты. 1999 – 2000 жылдары жарнаманың көлемінің азаюын байқауға болады. Мысалы, 1999 жылы «ОРТ – Еуразия» телеарнасындағы көрсетілген «Во имя любви» бразилиялық телесериалындағы жарнаманың бір минуты 8 мың доллар болған екен. Ал 2000-шы жылғы «31 телеарнадағы» оның қайталамасы 4 есе аз қаржы (2 мың доллар) әкеліпті. Бақылауларға қарағанда ол шығу уақытының өзгеруіне, алған рейтингтердің қысқаруына байланысты екен.
2000 жылдан бастап өзіміздің және ресейлік телесериалдар көрсетіле бастады, осы сериалдардың телеарналарға көп табыс әкелгені белгілі болып отыр. Демек, бір минут жарнамадан табыс көрсеткіші бойынша «Хабар» телеарнасында «Перекресток», ал «НТК» телеарнасында «Улицы разбитых фонарей» телесериалы озық боп шықты. «ОРТ – Еуразия» телеарнасындағы ресейлік телесериалдардағы бір минут жарнамадан түсетін табыс көлемі орташа алғанда есеппен алғанды латынамерикандық сериалдармен («Нежный яд») (400$) тең болған.
Жарнаманың бағасы, рейтинг пунктының бағасы жарнама беруші мен медиатасушылар арасындағы келісімдер арқасында жасалады. Осыдан барып телесериалдың табыс деңгейін көре аламыз. Сарапшылардың пікірінше, бразилиялық «Во имя любви» телесериалының «ОРТ – Еуразия» телеарнасындағы бір эпизодын көрсету құқығының бағасы – 1,5 мың долларға тең, ал бір эпизодта орналастырылған жарнамадан табыс – 8 мың долларға тең. Одан қымбаттырақ «ОРТ – Еуразияда» көрсетілген «Секретные материалы» телесериалын сарапшылар есептеуінше, бір эпизоды – 6 мың доллорға тең болған, жарнамадан табыс – 18 мың долларға дейін табыс түскен көрінеді.
2001 жылы көрсетілген өзіміздің «Саранча» атты телесериалымыздың рейтингі «Перекрестокқа» қарағанда әлдеқайда төмен болып шыққан. Алғашқыда бір эпизодтағы жарнаманың табысы – 800 доллар, кейін – 450 долларға дейін түсіп кеткен. Ол көрермендер аудиториясының қысқарғанының көрсеткіші. Көптеген сарапшылардың айтуы бойынша ол фильмнің сапасына, шақырылған актерлердің құрамына және сценарийіне байланысты екен.
Бірақ осы бағалар кейде сол телесериалдың өндіру бағасымен сәйкес келмейді, былайша айтқанда шығынды болады. Сол кезде шығарушы компания жарнама құралы ретінде, осы телесериалдың кадрлары бар күнтізбе, қалам, плакат, постерлерді және т.б. заттарды шығара бастайды. Оған қоса толықтырушы табыс көздері бар – видеотаспаны нарыққа шығарады. Жалпы алғанда телесериалдардың табыс әкелетін ең аз мерзімі – 2 жыл. Мысалы, 2000 жылы «КТК» телеарнасы «Бандитский Петербург» телесериалын көрсету құқығын сатып алды. Фильм көрсетілген мерзімде тек жарнаманың арқасында осындай тағы 3 сериал сатып алатындай табыс әкелген.
Бірақ осы көрсеткіштер табыс әкелудің шыңы емес. Есімізге түсірсек, 2004 жылы көгілдір экранға шыққан Ресейлік «Бригада» телесериалы барлық рекордтарды жарып шықты. Сол жылдың күзінде әр жанұяның мүшелері кішісінен үлкеніне дейін барлық жұмыстарын тезірек аяқтап, кешке көгілдір экранның қасына жиналуға тырысты. Оны трансляциялау құқығы ең алғаш Қазақстанда «31 телеарна» сатып алды. Не бары 15-ақ эпизод, бірақ әрбір эпизодтағы жарнаманың табысы – 38 мың доллар табыс тапты. Қазақстан үшін ол өте биік көрсеткіш.
Қазіргі күнде Қазақстан телесериалдарды шығаруды тоқтатты, неге екені белгісіз. Сондықтан өзіміздің «НТК», «КТК», «Хабар», «Ел арна», «31 телеарна», «Қазақстан» телеарнасында бразилиялық және ресейлік телесериалды көрсетіп, өзіміздің жарнаманы жарыққа шығарып жүр. Бүгінгі күнде жарнамамыздың қоры көп, бағасы сапасына сай. Бір кемшілігі - әрбір телеарнаның мүмкіндіктері әртүрлі. Мысалға алсақ, «НТК» телеарнасы өзі шығаратын жарнамалық роликтерін тек декорация мен арнайы эффектің көмегімен өз бөлмелерінде түсірсе, «Хабар» телеарнасы Мәскеуде, ресейлік жарнамашыларды шақырып түсіреді.
Телеарна арқылы насихатталған жарнамалардың нәтижесінде көлемді пайдаға кенелу тәжірибесі бар. Еліміздегі ең ірі телевизия ошағы болып саналатын «Хабар» телеарнасындағы жарнаманың берілу мәнісін, олардың сипаты мен дәрежесін тек жарнамалардың нақты өзіне тоқталу арқылы ғана аша аламыз. Бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарында беріліп жүрген жарнамаларға еш цензура, бақылау қойылмағандықтан олардың көбі мағынасыз, мардымсыз, кей жағдайда қисынсыз болып келеді.
Мәселен, «Тараз» («Хабар арнасы», 2000ж., 18сәуір, сағ.15.30) арағының жарнамасын көрсеңіз кілең қазақтың қариялары отырып алып, арақты мақтайды. Сонда ата-бабаларымыз ішімдікке құмар болғаны ма? Әлде олардың ұрпақтарына «арақ ішіңдер» дегеннен басқа айтар ақыл-кеңестері қалмаған ба? Бұл жарнамадан біздің түсінгеніміз «Тараз» жақсы арақ, ішсеңдер тек соны ішіңдер деп бабаларымыз бізге аманат етіп кеткендей әсер етеді.
Жалпы тек «Тараз» емес, қасиетті жерлер, ұлы адамдардың атын арақ-шарапқа қоюы жаман үрдіске айналған. Американ, ағылшын немесе орыстарға ол мүмкін жарасар, ал мұсылман халқы үшін бұл күнә. Қанша дегенмен құдіреті асқандар мен ақылы тасығандарды қастерлей өскен халықпыз. Сондықтан да ақша үшін асылдарымыздың аруағын қорламағанымыз жөн болар.
Қазір қисыны жоқ, тіптен ұлттық намысқа тиетін жарнамалар көптен беріліп жүр. Мысалы, «Банк Центр Кредиттің» («Хабар арнасы», 2000ж., 25мамыр, сағ.10.45) жарнамасы соның дәлелі. Атасы – қазақ, кемпірі-орыс, келіні – татар, немерелері – қазақ. Шынын айту керек, бұл жарнама емес, әзіл-ысқақ сияқты. Қазір шай, май, азық-түлікті жарнамалауға елдегі белгілі адамдар көптеп тартыла бастады. Бірақ мардымсыз ақшаға бола сапасы нашар өнімдерді жарнамалағандарға қарның ашады. Шет мемлекеттерде өз-өзін сыйлайтын тұлға еш уақытта сапасыз затты жарнамаламайды. Бұл жайтты олар беделіне нұқсан келтіреді деп түсінеді. Ал бізде ше? Ақша берсең тіптен ішкі киімдерді де мақтау, мадақтаудан тайынбайды.
Сондай-ақ, қазіргі таңдағы телеарналарда жарнаманың көп тірлігінің белең алғандығы ақиқат екендігіне көзіміз әбден жеткен тұс осы уақыт. Дегенмен, телевизияның адам өмірінен алатын мән-маңызын ескерер болсақ, қалың бұқараға рухани азық алар, өзін-өзі тәрбиелер бірден-бір орталығы. Жарнаманың жоғарыда келтірілген мысалдарынан басқа да, күнделікті өмір қажеттілігінен туындайтын өзге тұтынатын заттар насихатталғандығы анық. Осы тұста біз назар аударарлығы «Хабар» сияқты Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының алғы шебіндегі агенттіктің ірілі-ұсақты өмірге қажетті заттарды жарнамалауындағы қарадүрсіндікке жол беруі.
Аталмыш агенттікте әйел затының өзіне ғана мәлім құпия сырларын айдай әлемге паш етіп, әйел бойындағы қажеттілікті өтейтін заттарды насихаттайтын жарнамалардың бейне көрінісінде де, мәтінінде де қарабайырлық көп кездесетін тәрізді. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «Хабарда» сәт сайын шығып, жұртты ығыр қылған «Олвейс» («Хабар арнасы», 2000ж., 29 қаңтар,сағ.18.05) сынды өнімдердің сапасының жоғарлығын, бағасының арзандығын, оның әйел ағзасына тиімділігін жарқырата жариялай берудің не жөні бар? Көпшілік кәдесіне жарайтын өнім ешқашан насихаттауды қажет етпесе керек. Неге десеңіз ол өнімнің қаншалықты дәрежеде жоғары деңгейдегі сұранымєа ие болып жатқандығына күнделікті өмірде көзіміз аз жетіп жүрмеген сыңайлы. Дей тұрғанымен де, жоғарыда аталған әйел өнімдері өз қажеттілігінің құнын еш төмендетпейді. Сондықтан, алдағы уақытта олар жөніндегі жарнамалардың мәтіні астарлы ой негізінде құрылып, бейне суретті белгілі бір этикетті сақтап түсіріліп, содан кейін ғана барып көпшілік назарына ұсынылса, екі жақ үшін де пайдалы болар еді.
«Хабардағы» отандық өнімдер әңгіме желісіне арқау ете бастағанда-ақ, ең алдымен назарға ілігері қазақстандық шай өнімдері. Бұл жерде біздің баса айтқымыз келіп отырғаны, сол шай өнімдерінің шын мәнісіндегі сапасы мен жарнамадағы айтылар ойдың бір-бірімен сәйкес келмейтіндігі. Яғни, өнімнің іс жүзіндегі нәтижесі мен оның жарнамалануындағы ара-алшақтығы осы қарқынмен кете берсе, мүмкін алдағы уақытта «Хабар» агенттігі өз көрерменінен айырылып қалуы да ғажап емес. Мысалы, қазақстандық өнімдердің шырқау шегінде тұрған «Дастархан» шайын алып қарайық. Жарнамада белгілі бір дәрежеде ұлттық нақыштардың болғаны көңіл қуантарлық жайт. Ұлттық киіммен дөңгелек үстел басында үлкен-кішінің «тонның ішкі бауындай» араластығы, жарасымды жанұя тірлігі көпшіліктің жүрек түкпіріндегі сезімді оятары анық. Ал қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыра шанағынан төгілген ән мен оған қосыла шырқаған қоңыр дауыс қазақтығымызды дәлелдей түсетіні тәрізді. Расында да төмендегі өлең жолына құлақ түріп көрсек.
«Шәй ішсек жиылып,
Дастархан басында.
Бірлік пен береке,
Әрдайым қасыңда» ( 2000ж.)
Қысқа ғана уақыт ішінде бейнелі көріністің ажарын ашар осы бір ән қарапайым болғанымен қарабайыр емес. Айтылар ойы анық, негізгі мәтін мен жағымды саз, әуен астарласып жатыр. Дегенмен, әр жақсы істің жетімсіз, осал тұстарының бар екендігіне иланар болсақ, «Дастархан» шайын жарнамалаудағы отбасы үстеліне дала қыраны бүркіттің қонақтауының ақылға сыйымсыздығын экран бетінен көргенде көңілге жағымсыз әсер сыйлайтын сәттері де жоқ емес. Себебі, бүркіт еркін өскен әуе тоғысы, ол өз тұғырына қонақтауы мүмкін, бірақ шаңырақ астына келіп, адамдармен бірге тамақтануы мүмкін емес жағдай. Қалай десек те, «Дастархан» шайының насихатталуы, өзінің ұлттық бояуының қомақтығымен, көпшілік көңілінен шыға білген жарнама қатарына қосуға болады.
Отандық тауарлардың бірі «Аламан» («Хабар» арнасы, 2000ж., 1маусым. 2000ж.) шайы мен «Алматы» («Хабар» арнасы, 2000ж. 1маусым, сағ.18: 30) шайларыны сапасының төмен екеннін дәлелдеудің қажеттілігі шамалы. Бірақ телеэкранда оны жарнамалаушылардың бәрінің дербес қазақ киносының жұлдыздары, тіпті қазақ ән өнерінің атасы деуге тұрарлық Ермек Серкебаевтай ағамыздың кездесуі жұрттың жағасын ұстатқандай жай. Жарнамаға жұрт көңіліне жағар жақсы келбет таптырмауы мүмкін, бірақ әйгілі классикалық туынды "Қыз Жібектегі" бас қаһарман Меруертіміздің сол асыл Жібек күйінде қалмай, "Аламан" шайын насихаттап, жасы жеткен бәйбішені сомдауына не түрткі болды екен деп ойламай қалу, тіпті мүмкін емес қой. Ал "Алматы" шайын насихаттауда жұма сайын жүздесер "Тоғысқан тағдырлар" әртістерін көру олардың кино әлеміндегі беделдерінің төмендеуіне әкеліп соқтырмасына кім кепілдік бере алады? Мүмкін Қазақстандағы әртістердің жалақысы күн көрістеріне жетпейтін болар. Бұл жоғарыда қозғалған мәселенің барлығын өзіміздің отандық өнімдерге қатысты болса, ендігі айтар сөзімізді шетелдік өнімдердің жарнамалануына байланысты өрбіткенді жөн көрдік.
Шетел Қазақстан үшін әр саладан үйретері көп үлгілі мемлекеттер болып келді. Ал "Хабар" агенттігінен көрсетілер сол шетелдік жарнамалардың берілу сапасы біздің елдегіден әлдеқайда жоғары екендігінде дау жоқ. Олардың насихаттауындағы жанрлық көріністің жоғары деңгейі мен құрылған сюжеттің тартымдылығы әлі күнге біздің елімізде жүзеге аспай жатыр. Сол шетелдік жарнамалардың кез келгенін алып қарайықшы. Мысалы, "Фанта", ("Хабар арнасы", 2000 ж., 16 мамыр.сағ. 23.00.), "Кока-Кола" ("Хабар" арнасы", 2000ж., 26 мамыр, сағ.22.35.), "Сникерс"("Хабар арнасы", 2000ж., 26 мамыр, сағ. 18.55.) сияқты тағы да басқа толып жатқан жарнамалардың қай-қайсысын алсақ та олардың бейне көрінісінде көрерменін тартар бір түсініксіз тылсым күштің бар екендігіне көз жеткіземіз. Жалпы жарнаманың астарында шындық болу керек екендігін әрқашан ескерсек, шетелдердің насихаттауындағы, мәтінге алдарқату, көңіл аулай салуға жол бермегендіктерімен көз жеткізуге болады.
Жоғарыда біз сөз еткен жарнама түрлерінен басқа телевизия саласында "Айдарлы" жарнамалар да болады. Олардың құрамына "Базар" сондай-ақ, жасөспірімдер арасында қаулап бара жатқан нашақорлыққа қарсы бағытталған, салауатты өмір салтына сай өмір сүруге насихаттайтын, тағдырды мағынасыз мастыққа емес, жарасымды жастыққа бастайтын бейне көріністі тілектерді жатқызуға болады.
Кейінгі кезде "Хабар" агенттігіндегі телехикаялар барысында жиі-жиі көрсетіліп жүрген "Банк Центр Кредиттің" депозит "Солнышко" ("Хабар арнасы", 2000ж. 30мамыр. сағ.11.15.) жарнамасының телеэкранда берілуінің өзге жарнамалардан өзгешелігі байқалады. Ол анимация тәсілімен ерекшеленеді. Сондай-ақ "Тайд" кір жуатын құралының жарнамасы демонстрациялық сипатта көрсетілді. Жарнама әлемінде бұл тәсілдер көрермен жүрегінен жол табудың тиімді бір көрінісі. Дегенмен, жарнама мәтініндегі кейбір өрескелдіктер, оған біржақтылықпен қарағандықтан туындаған да шығар. Жалпы, "Хабар" телеарнасындағы жарнамалардың берілуі жоғары деңгейде емес сияқты.
«Табиғи бейне және осы заманғы дыбыс технологиясы – бұл Golden Eye! Бұл оны көргендегі жанашыр сезім. Бірегей SPS аудио жүйесі сізді дыбыс әлеміне бөлейді, ал Natural Algoritm Eye сенсоры бөлмедегі жарықтықты ескеріп, ұтымды контрасты, түсті, айшықты табады. Natural Algoritm Eye бөлмедегі жарықтылыққа талдау жүргізіледі және ғажайып бейне жасайды». Жарнаманың мәтіні фирма мәртебесін одан әрі арттыра түсуге ұмтылған. Жарнаманың айырмашылығы – «LG»-дің мақсаты өз өнімін насихаттау болып, тауар жарнамасы, ал «Exxon» өз имиджін қалыптастыруды көздеген. Бұл мәртебелі жарнама түріне жатады. Бұл жіктеуге жарнамадағы суреттер дәлел бола алады. Бұлай дейтін себебіміздің бірі өз тауарының суретін берсе, ал енді бірде компанияның өзіндік белгісі болатын жолбарыс бейнесін берген.
«Алматы облысы, Қарасай ауданындағы «Нұралы» фирмасы бүгінде үнді елімен тығыз байланыс орнатып, сауда-саттықпен айналысады. Әсіресе, кез келген адамның сүйіп ішетін сусыны шайды мол өндіруді қолға алған. Жауапкершілігі мол бұл істе ерекше ыждаһаттылық пен мұққияттылық қажет. Сондықтан жеткізілетін шай жапырақтарының сапасын бақылау, кептіру, әртүрлі қораптарға салу жақсы жолға қойылған. Тұтынушылар болса шай өнімдерінің әртүрлі сорттарын жақсы біледі. Содан да болса керек, онда шығарылатын «Сергек» шайы әрі арзан, әрі өте шығымды». Жарнаманың сипаты – отандық. Мақсаты да айқын. Ол «Сергек» шайын жарнамалау. Бірақ, мәтін құрылысында мақала жанрына тән элементтер молымен байқалады. Сондықтан бұл жерде мәселе тудырып тұрған жанрлық жағдай екі жақты пікірді қалыптастырып, ойланарлық күмәнді жайға қалдырып отыр.
Жарнама ісінде біз сөз етпей кеткен саяси жарнама ұғымы бар. Бірақ қарастырып отырған «Егемен Қазақстан» газетінде саяси жарнама деп арнайы тоқталатын мысалдар жоқтың қасы. Алайда сипатты мақала болса да, жарнаманы ерекшелеп тұратын қасиет – белгілі бір тұлғаны ұсыну ерекшелігі байқалатын мысалды келтіруге болады. Бұл сипаттағы жарнама мақалалар, әсіресе, сайлау қарсаңында партия, депутатқа, президентке, кандидат тұлғалардың үндеу сөздері және солар туралы портреттік жарияланымдар жатады. «Егемен Қазақстан» газетінде «Республика Парламентіне сайлануға бекінген Ғалымжанның таңдаған мамандығының өзі еліміздің заң шығарушы органында қызмет жасауына толық мүмкіндік беретіндей. Оның бұған дейінгі қызметі барысында жинаған тәжірибесі де мол. Ғалымжан Сұраған депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсетін сайлау округінің сайлаушыларын алдына қойған мақсаты жолында табандылықпен тер төгетін, қиындықтардан қаймықпайтын Ғалымжан үшін дауыс беруге шақырамын. Осындай тандау жасағандар қателеспейді» деген сипаттағы жарнама жарияланған.
Газет мақалаларын талдау барысында тағы бір мәселе ол орыс тіліндегі жарнамалардың орын алуы.
«Компания Трилис: работать приятно, это хорошо! А работать вкусно, это еще лучше».
Бұл мысал тірлік нормалардың белден басылып, мемлекеттік тіл туралы заңға қайшы келіп жатқан сыңайлы. Оның себебі бүгінгі таңдаған шарт мемлекеттік тілдің ауқымын кеңейту. Бірақ, жарнама мәселесінде мәтінге жарнама редакциясы жауап бермейді, өйткені олардың мақсаты жарнама берушінің талабын орындау. Сондықтан бұл мәселені шешу Тіл департаменті мен осы сынды істермен айналысатын құзырлы мекемелердің үлесіне қалдырған жөн болар.
«Арқа ажары» газеті таралуы ауқымына қарай облыстық газет мәртебесіне ие. Осыған байланысты бұл газетте жарияланар жарнамалар облыс көлеміне, яғни белгілі бір аудиторияға бағытталған. Газетте жарық көретін жарнамалар «барлық республика халқына» деген айдармен ешқашан бере алмайды. Аталмыш газетте Қазақстандағы басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жаңадан құрылып жатқан жарнама бөлімі қызмет істейді. Бөлімде жетекшілік ететін жарнама менеджері барлық жарнама ісіне байланысты міндеттемелермен айналысады. Жарнама менеджерінен алған мәліметке сүйене отырып облыстық газет бетінде жарияланар жарнамалардың құнын былайша белгілейміз: 1 см2 50 теңгеге сай келеді. Бірақ жарнама бөлімі тапсырыс берушілермен келісім-шартқа отырған кезде бірқатар жеңілдіктер болады. Осындай жеңілдікке ие газеттің тұрақты жарнама берушісі «Халық банкі» болып табылады. Оның жарнамалары экономикалық сипатта берілген. Мысалы «Құрметті Қазақстан Халық банкі салымшылары! 1998 жылдың 31 қаңтарына дейін ғана сіздің аукционға қатысу тапсырысын беріп, Қазақстанның аса ірі банкінің иесі болу мүмкіндігіңіз бар!».
Қазақстан Халық банкінің акциялары – бұл сіздің нақты табысыңыз, ол банктің бүкіл қызметімен қамтамасыз етіледі». Әрі қарай газет жарнамаларын талдау барысында жоғарыда аталған газетке тән мемлекеттік және коммерциялық жарнамалар кездескен еді. Мемлекеттік жарнамаларға нелер енетінін, сол сияқты коммерциялық жарнама қатарына қандай жарнамалар жататыны алдыңғы талдаудан белгілі. Бірақ мемлекеттік жарнамаға жататын аукцион мен тендерді беруде айырмашылық бар. Ол айырмашылық газеттің таралу аумағына байланысты болып отыр. Облыстық «Арқа ажары» газетіндегі аукцион мен тендерлер «Іскер адамдар назарына» айдарымен беріліп, ал мәтін басында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақмола облысы бойынша жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитеті...» деп беріледі.
Бұл газетте жарнама берушілердің қатарында «Темірбанк» ААҚ, қалалық телекоммуникация орталығы «Қазақтелеком», «Тұран Әлем Банкі» тұрақты болып табылады. Ал шетелдік компаниялардың жарнамаларын жариялаушы «Шеврон», «Филип Моррис» және «Эксон» компаниялары. Енді осылардың жарнаманы беруіне тоқталайық. «Шеврон есеп-айырылысу пластикалық карточкасы сізге өте тиімді де өте қажет. Әсіресе қолма-қол ақшамен немесе ақша аудару арқылы есеп-айырылысуға».
- Машинадан түспей-ақ жанармай құйып алуға;
- Сіздің есеп-шотыңыз бойынша ай сайын есеп алуға;
- Сіздің қаржыңыздың қалай жұмсалғандығын қатал бақылауға;
- Сіздің қалауыңыз бойынша карточкаңызды программалауға;
- «ТЕКРОН» қосылған бензин бізде ғана бар.
- Сапасына назар аударыңыздар!».
«Филип Моррис» компаниясының бір беттік жарнамасы осы газеттен де орын алған. Бұл жарнама мерекелік мәнге ие.
Үлкен қаріппен терілген «Компанияның Қазақстандағы қарқынды қызметінің 5 жылдық мерейтойы» деген сөйлемнің берілу әдісі де ерекше. Ал жарнама мәтіні компанияның Қазақстандағы атқарған қызметі жайлы және оның жетістіктерін сөз етеді. Сондай елеулі қызметтердің бірі ең маңызды салаға демеушілік жасауы. Оған айғақ: «Қазақстандағы әлеуметтік, мәдени және білім салаларындағы демеушілік бағдарламаларына белсенді ат саласып қолдау көрсетті. Тағы да біз мақтан ететін талай істер бар»,- деген жарнамадан үзіндіні алуымызға болады.
Сонымен қатар бұл газетте де орыс тіліндегі жарнамаларды жариялау бой көрсетеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына жарнамадан үзінді келтірейік. «Все виды юридических услуг: печати, штампы, визитки, полноцветные фирменные бланки, приглашение на торжества, бейджи, благодарственные письма, этикетки, бизнес-планы, буклеты». Келесі ретте отандық жарнамалардың қатарына енетін медицина саласы бойынша мынадай жарнама газет бетіне жарияланған.
«Ақмола теміржолының ауруханасы»
Сіздерге меншіктің қандай түріне жататындықтарыңызға қарамастан, сақтандыру полистеріңізге сәйкес медициналық көмектің барлық түрлері бойынша жәрдем көрсететінін естеріңізге салады.
Сондай-ақ заңды тұлғалармен бір күннің ішінде медициналық байқаудан өту жөнінде келісім-шарт жасауларыңызға болады. Жүргізушілер куәлігі үшін де медициналық байқау жүргізіледі. Сіздер мұнда кәсіби білім дәрежесі жоғары дәрігерлерден ақыл-кеңес аласыздар. Тарифтері қалалық, облыстық, нарықтық деңгейден едәуір төмен». Бұл жарнамадан қызмет көрсету жарнамасының элементтері байқалады.
Бүгінде астаналықтардың төл ақпарат құралына айналып отырған «Астана хабары» газетінің өзіндік қалыптасу кезеңі бар. Бұл тұста «Астана хабары» (ол кезде «Астана ақшамы» деп аталған) қамтылған шектеулі мерзім аралығында газет 1998 жылдың 26 наурызына дейін «Ақмола ақиқаты» аталып келді. Ал осы жылдың 18 мамырында «Ақмола ақшамы» аты қаламыздың «Астана» деп аталуына байланысты «Астана ақшамы» деп өзгерді. Бұл жайға мән беріп отырғанымыз аталмыш өзгерістер газет ішіндегі жарияланымдарға елеулі әсерін тигізіп отырған. Сол жарияланымдардың бірі – бүгінгі таңда газеттерден орын алып жүрген – жарнамалар. «Астана ақшамы» газетіндегі жарнамалардың берілуі 1998 жылдың бірінші жартысында жоғары сапада болмады. Нақтылай бұл істің қолға алынып, арнайы орын бөлуі 1998 жылдың сәуір айындағы редакцияның жарнама хабарландыруымен байланысты. «Құрметті ақмолалықтар!» «Ақмола ақшамы» газетінің жарнама бетін пайдаланыңыздар. Бір шаршы сантиметрі 150 теңге, екінші, үшінші беттері 100 теңге, төртінші беті 50 теңге, жұма күні (ТВ бағдарламасы бетіне) 200 теңге – газеттің толық бір беті 180 мың теңге. Келісім-шарт арқылы жұмыс жасаймыз» («Ақмола ақшамы», 1998ж., 29 сәуір). Бұл жарнамадан сондай-ақ, газет жарнамасының құны туралы хабардар болдық. Дегенмен, қазіргі жарнама құны біршама төмендеген. Ол мынадай көрсеткішке ие: 1 см² 50 теңге бірінші бетте – 100 теңге, ал бағдарламамен бірге берілсе 70 теңге тұрады. Жалпы «Астана ақшамы» газетіндегі жарнамалар қала тұрғындарына арналып осы негізге сай мазмұнмен беріледі.
Бұл газет «Астананың апталық газеті» мәртебесіне ие. Әрі қарай газет жарнамаларына жекелеп тоқталатын болсақ, ең алғашқы жарнама «Эксклюзив» айдарымен беріліп, онда қызмет орындарын ұсыну туралы Ақмола қалалық еңбекпен қамту орталығының хабарламалары. «Мынадай жұмысшы және қызмет орындарының ваканцияларын ұсынады. Тұрақты жұмысқа мынадай мамандар қажет:
«Кәсіпорынға програмисттер. Байланыс жөніңдегі техник және инженер. Тәжірибелі, мамандандырылған 35 жасқа дейінгі, әскер қатарында қызмет атқарғандар, еңбек ақысы 10 мың теңге. Бас бухалтер орта арнаулы білімді, жаңа есеп-шотын меңгерген еңбекақысы 30 мың теңге.
Инженер электроншы. Программист жұмыс тәжірибесі бар... Жүргізуші «Волга» автомобиліне I-II класты...».
Бұл мысалдан біздің пайымдағанымыз берілген осы жарнаманы тақырыпшалармен берілу сипатына сәйкес айдарлы жарнама түріне жатқызуға болады. Сөз болып отырған жарнама түрі «Астана ақшамы» газеті бетінен 1998 жылы «Эксклюзив», ал 1999 жылдан «Екі қолға – бір жұмыс» деп өзгеріп үзбей беріліп келеді. Ал ендігі жарнамалар легі екі жылда да жарнаманың мазмұны бойынша жіктелген шолу, мәртебелі және тауар жарнамалары қалыптасқан, барлық басылымдарға тән әдіспен беріліп жүр. Бұлай берілуді А.Н Назайкиннің ұйғаруымен модельді жарнамаға жатқызамыз. Мұндай жарнамалардың ең қарапайым түрі иллюстрациясыз, жай ғана қалалық мекеме ұйымдарының хабарландырулары, оқу орындарының талапкерлерге арналған хабарландыру жарнамалары болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |