Қазіргі заманғы радио журналистикада қолданылатын пішіндер Радиожурналистика қалыптасқаннан бері өзіндік мәнін жоғалтпаған, қазіргі таңда жиі қолданылатын пішіндердің бірі – радио үндесу. Радио үндесу – негізінен бірнеше қалалардың немесе облыс орталықтары мен астаналардың арасында телефон желісі арқылы жүзеге асады. Бір кездері радио үндесу арқылы да маңызды міндет атқарды. Толып жатқан мәселелердің түйінін шешетін радио журналистиканың өткір де өзекті тәсілі болғаны рас. Мәселен: Н. Омашев өз еңбегінде мынандай мәлімет келтірген “30 ж. Радиода пайда болған хабарлардың тағы да бір пішіні – радиоүндесулер”. “Радиоүндесулер облыстық, республикалық және жалпыодақтық ауқымда жұмысқа оперативті басшылық жасаудың қуатты құралы болады. Радиоүндесудің объектісі тәжірибе алмасу, үлгілі жұмысты көрсету, актуальді мәселелерді барынша жедел шешу және т.б. көптеген жайлар еді”.
Уақыт өте келе радиоүндесу санаулы минуттардың ішінде болып жатқан оқиғаларды қысқаша баяндайтын, сондай-ақ болған істің себебін мән-жайын анықтап келешектегі шешімі туралы жөн-жоба туралы хабарлар ететін таза хабарламалық сипатқа ие болады. Қазіргі таңдағы радио үндесудің уақыты шашамен 2-8, әрі кетсе 10 минут аралығында болып келеді. Егер бір ғана оқиға туралы баяндалған болса радио үндесу 2-4 минуттан аспауы тиіс. Бұл жағдайда негізінен радио үндесу студиядағы жүргізуші мен тілші арасында өтеді. Ал, егерде радио үндесу белгілі бір күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге арналса онда, облыс немесе басқа қалалардан байланысқа шығатын тілші сол мәселелерге жауап беретін қызметкерді хабарға қатыстырады. Осы орайда студиядағы жүргізуші де негізгі тақырыпқа сәйкес белгілі дәрежеде мәселелерді шешуге көмектесетін лауазым иесін студияға шақырады. Мұндай радио үндесу 10 минутқа созылуы мүмкін.
Радиодағы 2-ші пішін қазіргі кездегі Баспасөз мәслихаты. Мұнда журналист жетекші роль атқарады. Ол ең алдымен тақырып таңдайды. 2-ден стуидяға шақыратын қонақтың кімдер болатынын анықтайды. 3-ден БАҚ-ның өкілдері қоятын сұрақтардың тізімін жасайды. 4-ден телефон арқылы келіп түсетін көпшіліктің ұсыныс пікірлері мен сұрақтарын іріктейтін редакторды тағайындайды. Тікелей эфирде баспасөз мәслихатын өткізу үшін жауапты қызмет атқарған маман дыбыс инженері болып табылады. Баспасөз мәслихаты тікелей эфирде телефон желісі арқылы ұйымдастырылғандықтан оның техникалық тұрғыдан ақаусыз, яғни кемшіліксіз өз дәрежесінде өтуі үшін “дыбыс инженері” техникалық нормалардың сақталуын жіті қадағалауы шарт. Тікелей эфир баспасөз мәслихатын өткізу кезіндегі жауапты жұмыстың бір бөлшегі музыканың жүргізушіге, яғни диджейге жүктеледі.
Диджей - баспасөз мәслихатын жүргізген журналистпен ақылдаса отырып тақырыпқа қатысты музыка таңдап алдын-ала қай тұста қалай берілген белгілейді. Соған қарамастан баспасөз мәслихаты өтіп жатқан кезде олардың тасып жатқан өзгерістерді ескеріп, музыканы қолданғанда өте мұқият болуы қажет. өйткені орынсыз берілген музыка эфирдегі әңгіменің берекесін қашырып, тыңдаушыны тақырыптан ауытқытып алуы мүмкін.
Саунд-дизайнер – тікелей эфир баспасөз мәс-н тақырыптық тұрғыда айқындап мән-мағынасын ашып көрсету үшін қызмет ететін роликтер мен джинглдарды жасайтын жаңа мамандық иесі саунд-дизайнері. Тақырыпқа сәйкес журналист ұсынған қанатты сөздер мен ой орамдары актерге немесе әншіге, өнер адамдарына орындатып оны компьютерлік тәсілмен өңдеп эфирге ұсынатын саун-дизайнер. Тікелей эфир процесс ретінде қайталанбайтын құбылыс. Сондықтан да бір рет жасалған роликтер барлық уақытта бірдей қайталау ұсынуға кем бермейді. Бас мәс-е қатысты жаңадан роликтер мен джинглдер әзірленуі тиіс.