Екінші тарау
ДИК СЭНД
Ауа райы айта қаларлықтай жақсы, алғашқы бағыттан ауып,
жолдан бұрыс кеткендігі болмаса, сапар тамаша жағдайда өтіп жатты.
Миссис Уэлдон капитан Гульдің кеме кормосындағы кішкентай
ғана жинақы каютасына орналасқан. Бұл бөлме кемедегі орынның ең
жайлысы еді. Осы тығырықтай бөлмеден кішкентай Джек пен кəрі Нан
да келіп орын алды. Соның қасындағы құрқылтайдың ұясындай ғана
бір бөлмеге Бенедикт ағайды орналастырды. Капитан Гульдің өзі кеме
тұмсығындағы капитан жəрдемшісіне арналған каютаға көшті.
Жалақы
үнемдеу
мақсатымен,
«Пилигримнің»
экипажын
толықтырмаған болатын, сондықтан да капитан Гуль жəрдемшісіз-ақ
амалдаған еді.
Шкуна-бригтың командасы — шебер де, тəжірибелі бес теңізші —
ынтымақпен тату тұрды. Бұлар кит аулау кəсібінің үш маусымын
өткізіп, енді төртіншісін де бірге аяқтап келеді. Бұл матростар
Калифорния штатында туған, бəрі де біріне бірі көптен таныс.
Кемедегілердің тек біреуі ғана американ емес, тегі жат адам еді. Ол
«Пилигримнің» аспаздық қызметін атқарып жүрген Португалияда
туған Негоро деген біреу болатын. Ол португал болса да ағылшын
тілін тамаша білетін-ді. «Пилигримнің» бұрынғы аспазы Окленд
портында қашып кетіп, кеме аспазсыз қалған. Нақ сол қарсаңда Негоро
келіп өзін сол қызметке алынуын өтінген-ді. Бұл адам көрмеген
тұнжыраңқы, сөзге сараң, жолдастарымен ашылып сөйлеспей
шеттеңкіреп жүретін, бірақ өз ісін жақсы білетін-ді. Сірə, капитан Гуль
Негороны танып жалдаса керек, өйткені «Пилигримде» қызмет еткен
уақытының ішінде оны ешкім кіналап көрген емес.
Əйтсе де капитан Гуль өзінің жаңа аспазының өткен өмірі жайлы
мəлімет ала алмай кеткеніне өкінішті еді. Португалдықтың сырт
пішіні, əсіресе оның ойнақы көзқарасы капитанға ұнаңқырамайтын.
Құртымдай ғана кит аулайтын кемедегі шағын топтың əрбір адамы бес
саусақтай мəлім болуы шарт, ынтымақты топқа жат біреуді қосудан
бұрын, ол адамның өткен өмірін түгел білу керек.
Негороның жасы қырықты қусырып қалған. Өңі қара торы, шашы
мойылдай қара, ашаңдау келген жылпос адам, аласа бойлы болса да
қайратты жігіттің түрін байқатады. Өзі нендей де болса бірер
мамандық білім алған болар? Оның оқта-текте аузынан шыққан сөзіне
қарағанда, оқыған адам сияқты. Негоро өзінің бұрынғы өмірі мен үй
іші туралы лəм деп жақ ашпайды. Оның бұған дейін қайда тұрып,
қайда жүргені, не істегендігі ешкімге мəлім емес. Оның келешек
өмірінен күтетіні не, ешкім бұдан да хабардар емес. Кемедегі жұрттың
бар білетіні, Вальпараисо жағалауына жетісімен Негороның қызметтен
босану ниетінде екендігі ғана.
Тегі, Негоро теңізші емес. Себебі өмірінің көбісін теңізде өткізген
аспаздармен салыстырғанда, Негороның теңіз ісін анағұрлым аз
білетіндігін жолдастары байқап қалған-ды. Бірақ ол теңіз сырқатына
шалдығып ауырған жоқ, бұл жағдай кеме аспазы үшін аса зор
ерекшелік болатын.
Негоро палубаға сирек шығатын. Ұзақ күнді, ішінің көп жерін
плита алып тұрған кішкене ғана камбузда
9
өткізеді. Қараңғы түсісімен
плитаның отын өшіріп, кеме тұмсығындағы өзінің тығырықтай ғана
үйшігіне баратын да, басы жастыққа тиісімен ұйықтап қалатын.
«Пилиримнің» экипажы көптен бірге істеп келе жатқан бес қарт
матрос пен теңіз ісін жаңа үйреніп жүрген бір жасөспірім – небары
алты-ақ адамнан құралған.
Бұл жас матрос ата-анасы белгісіз жетім бала еді. Ол сəби күнінде
бөтен біреудің есігі алдынан табылып, тəрбие үйінде өскен.
Бала Дик Сэнд атанып кетті, сірə ол Нью-Йорк штатында туса
керек, тіптен Нью-Йорктың өзінде тууы да ықтимал.
Тастанды нəрестеге Ричард деген аттан қысқартып Дик деп есім
қойылды; бұл ат сəбиді тауып алып, оған аяушылық етіп тəрбие үйіне
апарып тапсырған мейірбан жүргіншінің құрметіне қойылған болатын.
Балаға Сэнд
10
деген фамилия берілді, Диктің табылған жері Гурдон
өзенінің жағасы, Нью-Йорк портына кіре берістегі Сэнд-Гуктың
құмдауыт шығанағы болатын, Сэнд деген фамилия нəрестенің
табылған жерінен алынған еді.
Дик Сэнд онша бойшаң болмаса да шымыр денелі, көкшіл көзінен
от шашырап тұрған, қоңыр шашты бала еді. Теңізшілердің ауыр
тұрмысы оны келешектегі тұрмыс талқысына дайындап та қойған.
Оның пайымды кескінінен жігер көрініп тұр. Бұл тек батыл адамға
ғана тəн кескін емес, сонымен қатар қажымас талапты да аңғартады.
Ол он бес жасынан-ақ белгілі бір мақсат көздеп, сол пікірін
ақырына дейін аяқтай білді. Өз қатарының көбісінен Диктің бір
ерекшелігі – сөзге сараң, тұспалдап сөйлеуді білмейтін-ді. Балалық
дəуренінде келешекті ойлайтын бала сирек кездеседі ғой, ал Дик Сэнд
сол жастың өзінде-ақ алдағы өмірден өз үлесін аңғара біліп, «ат болар
құлын талпынып туар» дегендей, «адам боламын» деп өзіне-өзі серт
берді.
Диу өз дегеніне жетті де. Өз қатарлылары балалықтан ажырай
алмай жүрген кезде, ол кəдімгі салауатты адам қатарына қосылды. Оң
қолы мен сол қолы, оң аяғы мен сол аяғы бірдей жұмыс істейтін
талантты адамдардың бірі, қолынан келмейтіні жоқ іскер бала еді Дик
Сэнд. Ол шапшаң да, икемді, қайратты да, тапқыр болғандықтан, қолға
алған жұмысын жапырып жіберетін, кіммен болса да тең түсетін-ді.
Диктің тəрбие үйінде өсіп ержеткенін айтып өттік. Ол төрт
жасында-ақ оқи білді. Сегізге келгенде оңтүстік елдерге қатынап
жүрген бір кемеге юнга
11
болып орналасты. Оның бар ықыласы бала
шағынан-ақ теңізге ауған еді.
Дик Сэнд кемеде жүріп теңізшілік өнерін үйренді. Талантты
баланы кеме офицерлері ұнатып, оның теңіз өнерін үйренуіне шын
ықыластарымен басшылық етті.
Еңбек өмір заңы екенін кімде-кім бала шағынан аңғарса, кімде-кім
нанның тек қана маңдай терімен табылатынын жастайынан ұқса,
соның қолынан ерлік те келеді. Өйткені ерлік істеу керек болса, ерлікті
орындайтын күш пен жігер мұндай адамдардан керекті күнінде,
керекті сағатында табыла береді.
Дик істеп жүрген кемені басқаратын капитан Гуль қабілетті балаға
ерекше назар аударды. Батыл бала жігерлі теңізшіге аса ұнады. Ол
Сан-Францискоға қайтқан соң, баланың жайын кеме қожасына
баяндады. Джемс Уэлдон баланың тағдырымен танысқан соң, юнганы
оқуға беріп, оның мектеп бітіріп шығуына жəрдем етті.
Дик Сэнд білім алуға бар ықыласын сала кірісті. Ол əсіресе
география мен саяхатшылар тарихына ерекше көңіл бөлді. Мектепте
жоғарғы математика мен навигациядан
12
сабақ берілмегеніне бала
қатты қынжылды. Ол мектеп бітірген соң Джемс Уэлдонның кит
аулайтын кемесіне матрос болып қызметке орналасты. Нағыз матрос
болып шығу үшін, алыс сапарға қатынайтын кемеден гөрі, кит аулау
кəсібінің маңызды екендігін Дик жақсы білді. Ойда жоқта тап бола
кететін қиын жағдайларға тайсалмай қарсы тұра аларлықтай
матростық мамандығына дайындалып жүрген жастар үшін кит
аулайтын кемеде қызмет ету — тəжірибенің ең жақсысы еді. Сондай
кеме өзінің қамқоршысы басқарып жүрген «Пилигрим» болып шықты.
Сөйтіп, жас матросқа ең қолайлы жағдай болды.
Өзін оқытып адам еткен Уэлдон үй ішіне Диктің барынша
борышты екенін, оларға Диктің шын берілгендігін айтып жатудың
қажеттігі болмас. Миссис Уэлдон өзінің бөбегін ала «Пилигриммен»
сапарға шығатынын естігенде, Диктің қатты қуанғаны да түсінікті.
Миссис Уэлдон соңғы жылдары Диктің анасындай боп кеткен еді, ал
Дик кішкентай Джекті өзінің бірге туған інісіндей көретін-ді.
Диктің бұл үйге шын берілгендігін жəне оған сенуге
болатындығын миссис Уэлдон да білді. Жас əйелдің Дикке шын
сенгендігі сонша, оның кішкентай бөбегі Джек соның қарауында
болды. Өзін «ағасы» жақсы көретінін біліп бала да Дикке тығыла
түсетін.
Ауа райы жақсы болып, ашық теңізде желкендердің бəрін желге
кернетіп жүзген шақта, матростар көбінесе бос болатын. Дик Сэнд
өзінің бос уақытының бəрін Джекті ойнатуға жұмсайтын-ды. Жас
матрос баланы алдарқата жүріп, оған теңіз ісінің неше түрлі
қызықтарын көрсететін.
Кішкентай Джек мачтаға шығып, төмен шүйілген бүркітше
арқаннан ұстап палубаға қарай зымыраса, оған анасы қорықпай
қарайтын. Бес жасар Джектің əлсіз қолы жазатайым арқаннан айрылып
қалса, дереу ұстай алу үшін Дик үнемі əзір тұрушы еді. Ауыр
науқастан жаңа ғана көтерілген балаға таза ауа мен дене шынықтыру
ісі аса зор пайда етті. Теңіз желі мен күнделікті дене шынықтыру ісі
баланың бордай бозарып кеткен өңін қысқа мерзімнің ішінде бұрынғы
түріне қайта келтірді.
Жолаушылардың Жаңа Зеландиядан Америкаға қайту сапары осы
сияқты тамаша жағдайда өте берді. Егер жел шығыстан соғып, кеме
бет алған бағытынан бұрыс кетпесе, «Пилигрим» экипажы мен ондағы
жолаушылардың бұл сапарға ренжірлік хақы жоқ-ты.
Дегенмен қасарысып қарсы соққан желдің сыңайы капитан Гульге
ұнамады. Ол кемені бет алған бағытқа қарай тура жүргізудің амалын
таба алмай-ақ қойды. Экваториалдық ағыстың кемені батысқа қарай
айдап əкететінінен де қорыққан жоқ, тек қана ақырында тропиктік
Козерог тымығына тап боламыз ба деп қауіптенді.
Сапарға ауа райының нашарлығы тосқауыл болды, əрине, бұған
капитан кінəлі емес, əйтсе де миссис Уэлдонның жайын ойлап оның
мазасы кетті. Егер Америкаға бара жатқан трансокеандық
пароходтардың бірі «Пилигримге» кездесе қалса, капитан өз
кемесіндегі жолаушы əйелді соған ауысып мінуге қайтсе де үгіттеп
көндірер еді. Бірақ, сапарың қырсықса болмайды екен, бұл кездері
«Пилигрим» жоғары ендікте жүрген-ді. Панамаға баратын пароходты
бұл маңайдан кездесер деп үміттену қиын еді. Оның үстіне Австралия
мен Жаңа Зеландия арасындағы қатынас соңғы кездердегідей жиі емес,
өте сирек қатынайтын-ды.
Капитан Гульдің ендігі қолданатын шарасы, тек ауа райының
өзгеруін күту ғана. Бір қалыпты өтіп жатқан теңіз саяхатшыларының
көңіл-хошын ешнəрсе бұза алмайтын сияқты.
Əйтсе де, февральдің екісі күні, əңгімеміздің басында айтылып
өткен ендік пен бойлықта ойда жоқ бір оқиға болды.
Күн ашық та шуақ еді. Ертеңгі сағат тоғыздың кезінде Дик Сэнд
пен Джек бизан-мачтаның рейіне
13
шықты. Олар биікте тұрып кеменің
палубасына қарады, сосын толқып жатқан теңіздің көкжиекпен
ұштасқан жеріне дейін көз жіберді. Бұлардың артында көкжиектің
шамалы жерін көлегейлеп көлбеу гротты грот-мачта зіңкиіп тұр.
Алдыңғы жақта, қанат жайған құс сияқтанып, стаксель мен кливерлі
сүйір бушприт тұр. Аяқтарының астында жел кернеп күмпиген фок,
тастөбеде фок-марсель. Кеме мүмкіндігі болғанынша желге қарсы
жүріп келеді.
«Пилигрим» штирбортқа
14
таман көлбей түссе де, кеменің
аударылып кетпеу себебі, үстіндегі жүктің тең тиелгендігінен екендігін
Дик Сэнд кішкентай Джекке түсіндіріп тұр еді, бала кенет айқайлап,
оның сөзін бөлді:
— Анау не?!
— Джек, сен бірдеңе көріп тұрсың ба?—деп сұрады рей үстінде
тікесінен тұрған Дик Сэнд.
— Ие, ие! Əне, ана жақта! — деді Джек, кливер мен стаксель
арасындағы ашыққа қарай сұқ қолын шошайтып.
Дик Сэнд Джектің сілтеген жағына бұрылып қарады да, бар
даусымен айқайлап жіберді:
Алдымызда, жел жақта, сол жақ бортқа таман бір кеме көрінеді!
Достарыңызбен бөлісу: |