2.1 Білім беру ұйымының мынадай құқығы бар: білім алушыдан осы Шарттың, білім беру Ұйымының Жарғысының, ішкі тәртіп
қағидаларының және оның қызметін реттейтін білім беру ұйымының актілерінің міндеттерін адал және тиісінше орындауын талап етуге міндетті.
2.2 Білім беру ұйымы міндеттенеді: оқу процесінің кестесіне сәйкес 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) мамандығы бойынша (мамандық коды және атауы) өндірістік кәсіптік тәжірибеден өту үшін күндізгі оқу нысанындағы білім алушысы
(тәжірибе түрі) _________________________________________________________________кәсіпорынға жіберу;
(білім алушының Т.А.Ә.)
білім алушыны осы Шартта көрсетілген міндеттерімен және жауапкершілігімен
таныстыру;
кәсіптік тәжірибе бағдарламасын және кәсіптік тәжірибеден өтудің күнтізбелік кестесін
әзірлеу және кәсіпорынмен (ұйыммен) келісу;
кәсіптік тәжірибе басталардан екі апта бұрын кәсіпорынға (ұйымға) келісу үшін білім
алушылардың санын көрсете отырып, кәсіптік тәжірибеден өту бағдарламасын, күнтізбелік кестесін ұсыну;
білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен Білім беру ұйымының тиісті
мамандықтарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің қатарынан тәжірибе басшыларын тағайындау;
білім алушылардың еңбек тәртібін, осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті ішкі
тәртіп ережелерін сақтауын қамтамасыз ету;
білім беру бағдарламасына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім алушының
кәсіптік тәжірибесінен өтуді ұйымдастыру және мерзімді бақылауды жүзеге асыру;
кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру мен өткізуде кәсіпорын қызметкерлеріне әдістемелік
көмек көрсету;
қажет болған жағдайда кәсіпорынға білім алушының оқу жетістіктері туралы
мәліметтерді ұсыну;
жазатайым оқиғалар болған жағдайда, егер олар тәжірибеден өту кезеңінде білім
алушының қатысуымен болған болса, тергеуге қатысу;
білім беру ұйымы таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда
кәсіпорынды (ұйымды) хабардар ету және басқа білім беру ұйымында оқуды жалғастыру үшін білім алушыны ауыстыруға шаралар қабылдау.