«К. Бозтаев атындағы қазақ мектеп гимназиясы» кмм жас маман ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



Дата10.05.2020
өлшемі14,75 Kb.
#67026
Байланысты:
1 жж есеп Бакыт


«К. Бозтаев атындағы қазақ – мектеп гимназиясы» КММ

Жас маман ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Айтмұқанова Бақыт Оразханқызының

2019 -2020 оқу жылы бойынша

1 – жарты жылдық

ЕСЕБІ
Оқу жылының басында 20 сағат оқу жүктемесі берілді. 2 а,2 б, 4а, 4,б, 6а, 7в сыныптары бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспарлар жасалып бекітілді. Үйден оқу – 8 сағат. Үйден оқытылатын оқушылар: Ахметова Дильназ 7 в, Бекмухамедова Айзере 7а, Амангазина Гүлмира 5 а, Қалдығали Айназ 1 а. 9 – 14 қыркүйек аралығында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты тілдер апталығы өтті. «Тілге құрмет – елге құрмет» атты зияткерлік ойын өткізілді. 14 – қыркүйек күні аталған апталықтың жабылуы болып, жүлделі орындар иеленген оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

Қазан айында Дарын республикалық ғылыми орталығының ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәні бойынша «Пед старт» қашықтық олимпиадасы өтті. Жүлделі ІІІ орынды және сертификатпен марапатталды.

Қазан айының 28 – қарашаның 28 дейін ағылшын тілі пән мұғалімдерінің оқу курстарына кетуіне байланысты 10 а сыныбына уақытша сынып жетекшілік атқарылды. Қараша айында бастауыш сыныптардың аптағы өтті. Апталықтағы үздік ашық сабақтарға қатысып, тәжірибе жинақталды. Терроризм мен діни экстремизмге қарсы сынып сағаты өткізілді. 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген» деген тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мектеп психологы Қабылқаева Мөлдірдің ұйымдастыруымен жас мамандар арасында тренинг өтті. 14 – желтоқсан Тәуелсіздік қарсаңында мектеп үйірмелер сайысы болды. «Funny English» үйірмесі алғыс хатпен марапатталды.

21 – желтоқсанда үйден оқитын оқушылардың ата – аналарымен жиналыс өткізілді. Пән мұғалімдерімен ата – аналар арасында әртүрлі мәселелер ортаға салынды.



27.12.19 – 30.12.19 аралығында Жаңа жылдық шыршада кейіпкер болып оқушылар арасында қызықты мерекелік кештер өтті.

Пән мұғалімі: Айтмұқанова Б. О

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет