167
интеграцияланған күрделі, кең мазмұнды сипаттамалар түсінігі кіреді.
Жалпылама түрде маманның құзыреттілігі оның кез келген салада кәсіби
қызметінің нәтижелі болуы үшін қабілеттері, сапасы мен тұлғалық
қасиеттерінің бір-бірімен байланыстылығын көрсетеді.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде «құзыреттілік» сөзі кең
мағынада ашылады. Педагогика ғылымдарында кәсіби құзыреттілік ұғымы
білім мен іскерліктің жиынтығы, мәселелерді шешудегі дағдының көлемі,
жеке сапалар мен қабілеттердің өзара қабысуы, кәсіби маңызды тұлғалық
сапалар мен білім кешені, еңбекке теориялық және практикалық
дайындықтың тұтас жиынтығы түрінде қарастырылады.
Кәсіби құзыреттілік
:
мұғалімнің тұлғалық сапалары; маманның жеке,
дара психологиялық сапасы; мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас
ерекшеліктері; инновациялық технологияны меңгеру деңгейі;
коммуникативтік әрекетті үнемі жетілдіріп отыруға талпынысы; сындарлы
ойлау қабілеттілігі; ұдайы шығармашылық ізденіс (51-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: