67
5)
Балалар ұжымына сүйену, ұстаз бен оқушылардың ұжымдық
шығармашылығы.
6)
Оқушыларға тапсырмаларды еркін таңдау құқығын бере алу.
7)
Бағдарламалық материалдарды
ірі блоктарға біріктіру, тірек сызбалар
мен тірек конспектілерін пайдалану.
8)
Оқушыларды ұжымдық және даралық өзін-өзі тани білуге үйрету.
9)
Оқушыларды ұжымдық, қоғамдық шығармашылыққа үйрету.
10)
Шығармашылық тұрғыда өзін-өзі басқару.
Инновациялық мектеп инновациялық топ педагогтері үшін дұрыс жол
сілтеп, шешім қабылдап қана қоймайды,
сонымен бірге сыртқы жағдай
ықпалына, қарама-қайшылықтарға төзімділік, өз-өзіне сенімділік қабілеттерін
де қалыптастырады:
-
жоғары кеңестерде ұсынылған ғылыми-әдістемелік тақырыпқа сай
лайықты мақсат таңдау;
-
инновациялық
технологиялармен танысу, қолда бар әдебиеттерге
талдау жасау;
-
ағымды жұмыстардан уақытша бас тартып, ғылыми жұмыстарға
уақытты үнемдеу;
-
қызметіне
қойылған сын-болжамдарға, нәтижеге талаптарына сай өз
жүйесінің ғылыми негіздемесін дәлелдеу;
-
ғылыми
зерттеудегі
кейбір
сәтсіздіктерге
талдау
жасау,
қайшылықтарды анықтаудың ғылыми-зерттеу әдістемесін толықтыру;
-
қойылған талаптарға сай анықталған кемшіліктерді жою;
-
педагогикалық қызметті бағалауда дидактикалық жүйе көрсеткіштерін
жетілдіре отырып пайдалану;
-
дербес әдістемелік мақсаттан жалпы педагогикалық мақсатқа көшу;
-
ғылыми жетекшіні бекіту, шығармашылық еріктіліктен айырылу деген
оймен бейтарап кеңесшілер іздестіру, әр деңгейде бейтарап кеңестер өткізу;
-
семинарлар жүйесін құру, мұғалімдер білімін жетілдіру мақсатында
зертхана қызметін жолға қою.
Инновациялық іс-әрекет педагогикалық
еңбектің өнімділігін сапалы
өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру процесіне
ықпал жасайды. Көптеген ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, нәтижеге
жету үшін педагогтің инновациялық іс-әрекеті төмендегідей талаптарға сай
болуға тиісті:
-
өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық
тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілетіне;
-
жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесімен хабардар бола
отырып, өз жұмысын ұғына алу;
-
жаңа
ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз
тәжірибеге енгізе алу;
-
педагогикалық инновацияның жаңа әдіс-тәсілдерін өз бетінше жасау.
Достарыңызбен бөлісу: