5)
қоғамдық әсер әдістері
–
ұжымда демократияны нығайтып,
басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі
мен мәртебесін ұлықтау.
Басқарудағы маманның интеллектуалды мәдениетіне кез-келген әрекеттің
жоғары нәтижелілігіне алып келетін әдіснамалық ойлау қабылеттілігінен
тұрады. Бұл менеджер қазіргі басқаруда бағдарламалық-мақсатты, ақпараттық-
талдау, алдын ала болжау, жобалауды еркін сенімді түрде меңгере алады.
Білім берудегі менеджерлер басқару мәдениетін игеруі қажет ерекше
мамандар тобына жатады: интеллектуалды, құқықтық, ақпараттық, этикалық
нормалардың негіздері.
Құқықты, өкілеттілікті, билікті, материалды және адамгершілік
ресурстарды, міндеттерді және жауапкершілікті бөлуде объективтілік және
әділеттілік принципі басқарудың мүмкіндігі мен нәтижелілігі арасындағы
балансты қатаң түрде сақтауды талап етеді. Барлық деңгейдегі менеджердің
әрекеті қолданылып жатқан этикалық нормалар мен ережелерді бұзбай,
керісінше олардың біріккен әрекеттері осы жүйенің дамуына үлесін қосуы
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |