К. Д. Бузаубакова


Сурет-66. Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері



Pdf көрінісі
бет356/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

 
Сурет-66. Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері
 
Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды.
 
Аксиалды қарым-қатынас
– ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға 
жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас). 
Ретиалды қарым-қатынас
– ақпаратты бір адамнан бір топ адамға 
жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас). 
Вербальсыз қатынас
– мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы сөзсіз 
қарым қатынас. 
Мимика
– адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы 
оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі. 
Ым-ишара (жест)
– қарым-қатынас барысында адамның психикалық 
көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары. 
Пантомимика
 

 
қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, 
аяқтарының кимылдарының қатысуы. 
Вербальды қарым-қатынасқа қарағанда вербальсыз қарым-қатынастан 
көбірек ақпараттар алуға болады. Өмірде естуге қарағанда адам көру арқылы 
көбірек ақпарат алады екен.
Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып 
тұратыны белгілі. Қарым-қатынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі 
көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл-күйде екенін түсінуге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет