К. Д. Бузаубакова


Мүдде бойынша мұғалімдер бірлестігі



Pdf көрінісі
бет255/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Мүдде бойынша мұғалімдер бірлестігі.
Жұмыстың бұл түріне 
жататындар: мұғалімдер клубы, топтар және көркемөнерпаздар кештері, т.б. 
Көбінесе бос уақытты бірге өткізу, араласу үшін жұмыстың бұл түрі 
мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін жетілдіру ісінде үлкен көмек беруі мүмкін, 
бәрінен бұрын мұғалімдердің жалпы мәдениетін, өзара араласу арқылы жеке 
мәдениетін көтеруге көмектеседі. Көптеген мектептерде мұғалімдер театры, 
студиясы жұмыс істейді, онда жас мұғалімдер әртүрлі ойын-сауық көрсету мен 
концерттерді дайындап, өткізудің барысында педагогикалық әдістің негізін 
меңгереді. Бұл жұмыс түрлері педагогикалық ұжымның ұйымшыл болуы үшін 
қызмет етеді. 
Педагогикалық тәжірибе көпшілік және озық болуы мүмкін. Озық 
педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді. Өйткені әрбір жаңа 
кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да 
мүмкіндіктерінің кеңеюімен педагогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда 
болды. Сонымен бірге озық тәжірибе педагогика ғылымы мен практикасының 
қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызмет те атқарады. Озық 
педагогикалық тәжірибені жасау және таратуда мұғалімнің көзқарасы үлкен 
рөл атқарады. 
Озат тәжірибе – әдеттегі қалыпты деңгейден жоғары табыстарға 
жеткізетін педагогикалық іс-әрекеттердің кешенді жиынтығы, жалықпай 
шығармашылықпен еңбек етудің нәтижесі. 
Озат тәжірибе деп мұғалім мен оқушының еңбегін барынша жеңілдететін, 
оқыту мен тәрбиелеу саласында ерекше табыстарға жеткізетін жекеленген 
мұғалімдердің пайдаланған іс-тәжірибесін айтады. 
Озат тәжірибе – логикалық әдіс-тәсілі жағынан ерекше нәтиже беретін, 
жалпы мектеп қабырғасында қолдануға болатын ең тиімді тәжірибе. 
Озат тәжірибенің ең жоғары деңгейі – жаңашылдық. Озат тәжірибенің 
авторларын – жаңашыл мұғалімдер деп атайды. Жаңашыл мұғалімдер жаңа 
идеяны ұсынады, сондықтан оларды жаңашыл дейді. Олардың негізгі идеясы – 
ұстаздық қызметтестік, яғни ұстаз бен шәкірттің қызметестігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет